Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін



бет12/26
Дата31.12.2019
өлшемі404,27 Kb.
#54975
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

147-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін
негіздер
      1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда;
      3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкету:
      1) одан тысқары жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
      2) Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі Қазақстан Республикасы азаматының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда;
      4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде;
      5) Қазақстан Республикасы міндеттілігін таныған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның компоненттерін әкелу айырбас жасау тәртібімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай айырбас жасау биологиялық қасиеттері қажетті қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 21-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қан мен оның компоненттерін әкелу, әкетуге рұқсатты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тиісті мемлекеттік лицензиясына сәйкес "қан дайындау" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.
148-бап. Адамның тіндері мен органдарын, қан мен оның
компоненттерін әкелу, әкету тәртібі
      1. Осы кодекстің 146-бабының 3-тармағында және 148-бабының 4-тармағында аталған денсаулық сақтау ұйымдары тіндер және (немесе) мен органдарды (органдар бөліктерін) әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға:
      1) тіндер және (немесе) мен органдар (органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету туралы өтінішті;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркегені туралы куәліктің көшірмесін;
      3) тиісті лицензия мен оған қосымшалардың көшірмелерін;
      4) әкелінетін (әкетілетін) тіндер мен органдар, қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігі туралы қорытындыны;
      5) тіндер және (немесе) мен органдар (органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін алумен (жинаумен) байланысты рәсімдердің заңдылығы туралы елдің уәкілетті органының құжатын;
      6) тірі донордың немесе оның заңды өкілінің одан органдарды және (немесе) тіндерді алуға, не оның нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісімін, не донордың биологиялық өлімі расталған немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) дәрігер-мамандардың консилиумының қорытындысын;
      7) осы Кодекстің 147- және 148-баптарының 2-тармағының 2) тармақшасында аталған жағдайларда реципиент пен донордың туыстық жақындығын растайтын құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелерін;
      8) қан мен оның компоненттерін айырбас жасаған жағдайда қан мен оның компоненттерін айырбас жасаудың келісім-шартының (шартының) жобасын, сондай-ақ әкелінетін елде қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттерінің жоқтығын растайтын құжатты;
      9) тіндер және (немесе) мен органдар (органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін тасымалдауға пайдаланылатын термоизоляциялық контейнерлердің техникалық сипаттамаларын жібереді.
      2. Өтініш беруші осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтердің шынайылығы үшін жауап береді.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тіндер және (немесе) мен органдар (органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру мәселелері жөніндегі комиссияны құрады.
      4. Комиссия өтініш берушінің өтінішін 7 күн ішінде қарайды. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды өтініш беруші түгел бермеген жағдайда құжаттар өтініш берушіге еш қараусыз 3 күн ішінде қайтарылады.
      5. Комиссияның оң қорытындысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге дәлелді бас тартуды жібереді.
      6. Әкелуге және әкетуге арналған тіндер және (немесе) мен органдар (органдар бөліктерін), қан мен оның компоненттерін биологиялық қауіпсіздікке зерттеу, оларды консервациялау мен тасымалдау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
7-бөлім. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру
26-тарау. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен жұмыс істеу
149-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы әзірлеу
      1. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әзірлеу мақсаты қауіпсіз, тиімді әрі сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жасау болып табылады.
      2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әзірлеушінің құқықтары Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасымен қорғалады.
      3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әзірлеуші дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік стандарттардың талаптарын сақтауы тиіс.
      4. Бірегей дәрілік заттың атауын бекіту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
150-бап. Биологиялық белсенді заттарды клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) зерттеулер
      1. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің мақсаты -
ғылыми әдістермен биологиялық белсенді заттардың фармакологиялық
белсенділігі мен қауіпсіздігін бағалауды және дәлелдерін алу болып
табылады.
      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган биологиялық
белсенді заттардың клиникаға дейінгі сынауларын және (немесе)
зерттеулерін жүргізу туралы шешім қабылдайды.
      3. Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
151-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық
техниканы техникалық сынау
      1. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы техникалық сынау мақсаты - медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық сипаттамаларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін анықтау болып табылады.
      2. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы техникалық сынауды жүргізу туралы шешімді техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
152-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың клиникалық
зерттеулері және (немесе) сынаулары
      1. Фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың клиникалық
зерттеулері және (немесе) сынаулары зерттелетін дәрілік препараттың
клиникалық, фармакологиялық және (немесе) фармакодинамикалық
тиімділігін және (немесе) жанама әсерлерін және (немесе) олардың
сіңірілуі, таралуы, биотрансформациясын және қауіпсіздігі мен
тиімділігін анықтау үшін субъект ретінде адамның қатысуымен
фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың клиникалық зерттеулері
жүргізіледі.
      2. Фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулер осы Кодекстің 170-бабына сәйкес жүргізіледі.
      3. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сынау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
153-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы өндіру
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы өндіру дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру құқығына
лицензия алған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен
және медициналық техникамен жұмыс істеу саласындағы субъектілер
техникалық регламенттерге және стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
      Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру мен олардың сапасын бақылау ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      2. Мынадай:
      1) сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қоспағанда. оларды мемлекеттік тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру құқығына лицензия алмаған;
      3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру мен олардың сапасын бақылау ережелері бұзылып жүзеге асырылған жағдайларда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруге тыйым салынады.
      3. Патенттелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Диагностика мен емдеу жүргізуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, олардың функционалдық нысанасына сәйкес пайдаланылуын және диагностика мен емдеу жүргізудің алынған нәтижелерін бағдарлау кезінде пайдаланушының қателесуі қатерін болдырмауы тиіс.
154-бап. Дәрілік заттарды дайындау
      Дәрілік заттарды дайындауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес дәрілік заттарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттармен жұмыс істеу саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
155-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы таңбалау
      1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық регламентке сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптерде жақсы оқылатын, тұтынушылық орауышқа (бастапқы және қайталама) басылған танбасымен дәрілік заттар айналысқа шығарылуы тиіс.
      2. Медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға және/немесе тұтынушылық орауышқа тікелей басылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әріптерде жақсы оқылатын таңбамен медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысқа шығарылады.
156-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге
арналған дәрілік заттарды сатып алу
      1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетіледі.
      2. Бөлінетін қаржылық қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында дәрілік заттар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бағалар бойынша сатып алынады.
157-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сату
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сатуды көтерме және/немесе бөлшек саудаға лицензиясы бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер жүзеге асырады.
      2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың көтерме әрі бөлшек саудасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
      2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптегі сәйкестік сертификатымен расталмаған;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін;
      4) жарамдылық мерзімі өткен;
      5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне;
      6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
      4. Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз сатуға тыйым салынады.
      5. Фармацевтикалық қызмет объектілері жоқ елді мекендерде дәрілік заттарды бөлшек саудада сату Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
158-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы сақтау әрі тасымалдау
      1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес олардың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және тасымалданады.
      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы уақытша сақтау қоймаларында техникалық регламенттермен және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сақтауға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, алаңдар, арнайы жабдықтар, жиһаздар, мүкәммал, өртке қарсы жабдықтар, аспаптар болуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның берген рұқсаты болуға тиіс.
      2. Дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзартуға тыйым салынады.
159-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы жою
      Жарамсыз күйге келген, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өткізуге әрі медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
160-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы әкелу тәртібі
      1. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
рұқсат етілмейді.
      3. Мынадай жағдайларда:
      1) егер олар мемлекеттік тіркеуге;
      дәрілік субстанцияны қоспағанда, жиырма орамнан аспайтын көлемдегі дәрілік заттар көрмелерін өткізуге;
      сирек және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке емдеуге;
      төтенше жағдайлардың салдарын жоюға;
      денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, функционалдық өлшемдері бойынша ұқсас үлгісі жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен жарақтандыруға арналса, мемлекеттік органның рұқсаты бойынша;
      2) егер олар:
      емделуіне қажетті санымен, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жеке тұлғаның дербес пайдалануына;
      Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралының бастапқы көмек дәрі қобдишасы құрамында жолаушыларды емдеуге арналса, мемлекеттік органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәркіленуі және жойылуы тиіс.
      6. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді:
      1) дәрілік заттарды. медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар;
      2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме саудада сатуға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
      3) осы Кодекске сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әзірлеу және мемлекеттік тіркеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;
      4) мемлекеттік тіркеу кезінде сараптамалық жұмыстар жүргізу, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар жүргізу үшін және Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндірушілердің көрмелеріне қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың өкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенімді жеке және заңды тұлғалары;
      5) медициналық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.
      7. Дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіле отырып, әкелінген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттік тіркелуі туралы мемлекеттік орган растаған мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден органдарына ұсынылуға тиіс.
161-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы әкету
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада сатуға
лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      2. Мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан кететін жеке тұлғалардың емделу курсына қажетті санымен жеке пайдалануындағы;
      2) жолаушыларды емдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін көлік құралы бастапқы көмек дәрі қобдишасы құрамындағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағынан лицензиясыз әкетілуі мүмкін.
27-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігіне
қойылатын жалпы талаптар
162-бап. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы
бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және
метрологиялық қызмет көрсету
      1. Медициналық техниканы және жекелеген жағдайларда медициналық мақсаттағы бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсетуді осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      2. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жөндеуден кейінгі қауіпсіздік деңгейі медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігінің техникалық регламенттерінде белгіленген деңгейден төмен болмауы тиіс.
      3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
      4. Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық техника Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес салыстырып тексерілуі немесе калибрленуі тиіс.
163-бап. Қауіпсіздікті сыныптау әрі медициналық техниканы
және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ықтимал қолдану
қатерінің дәрежесіне қарай қауіпсіздігін қайта сыныптау
      1. Қазақстан Республикасында қолданылатын медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника пациенттердің,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы
пайдаланатын персоналдың және өзге де адамдардың денсаулығына зиян
тигізуінің ықтимал қатері дәрежесіне қарай қауіпсіздік сыныптарына
бөлінеді.
      Қауіпсіздік сыныптарының әрбір сыныбы белгілі бір техникалық регламенттерге сәйкес келетін медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың топтары мен үлгілерін қамтиды. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника бір мезгілде бірнеше қауіпсіздік сыныбына жатқызылмайды.
      2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың қауіпсіздігін сыныптау ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.
      3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың қауіпсіздігін сыныптау принциптері мыналарды:
      1) қолдану ұзақтығын;
      2) инвазивтілігін;
      3) ағзамен жанасуы орын алуын немесе онымен өзара байланыстығын;
      4) ағзаға енгізу тәсілін;
      5) өмірлік маңызы бар органдарға қолданылуын;
      6) энергия көздерінің қолданылуын ескереді.
      4. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың қауіпсіздік сыныбына жатқызылуын оларды мемлекеттік тіркеу кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      5. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздік сыныбын қайтадан анықтау үшін негіздеме пайда болса, мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жылдан аз уақытта өндіруші қайтадан сыныптау рәсімін жүргізуге құқылы.
      6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың жұмысының негізіне алынған принциптерді, құбылыстарды, медициналық әдістемелерді егжей-тегжейлі ескере отырып, негізделген өзгерістерді сыныптамаға енгізуі мүмкін.
164-бап. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы
бұйымдармен және медициналық техникамен жұмыс істеуге тыйым
салу немесе тоқтата тұру
      Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган мынадай:
      1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) дәрілік затты қолдану туралы нұсқаулықта көрсетілмеген дәрілік заттардың адамның денсаулығы үшін қауіпті жанама әсерлері анықталған;
      3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолдану процесінде оларды қауіпсіз қолдануға әсер ететін конструкциялық ақаулары, жұмыс істеу принциптері, өндірістік орындалуы анықталған;
      4) дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолданудың сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне ететін оларды өндірудің бекітілген процесінің бұзылуы;
      5) дәрілік заттарды. медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолданудың пациенттің немесе тұтынушының денсаулығына зиян тигізуі жағдайлары туралы мәліметтер болған;
      6) дәрілік заттарды медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-технологиялық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер алынған жағдайларда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қолдануға, сатуға немесе ендіруге тыйым салуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
165-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі
      1. Дәрілік заттар жанама әсерлерінің мониторингі медицина және фармацевтика ұйымдарына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
      2. Денсаулық сақтау субъектілері мемлекеттік органға дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері туралы және жанама әсерлері, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама әсерлері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
      3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
166-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және
медициналық техника туралы ақпарат
      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника туралы, мемлекеттік тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар туралы, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді қайтарып алу жөнінде, сондай-ақ дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттар туралы ақпарат медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында жарияланады.
8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми
қызмет
28-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
167-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
      1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.
      2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты - клиникалық базалар болуы болып табылады.
      3. Мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды және медициналық және фармацевтикалық білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын, сондай-ак жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережелерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      4. Жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіби медициналық білім берудің міндетті бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі диплом және маманның сертификаты олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуіне негіз болып табылады.
      5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентурада оқыту ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      6. Қосымша кәсіптік білім беру (жоғары және/немесе орта оқу білімнен кейінгі және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі және фармацевтикалық білім беру) қызметіне лицензиясы бар медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады. Қосымша кәсіптік білім берудің негізгі нысандары біліктілік артыру және қайта даярлау болып табылады.
      7. Клиникалық ординатурада, резидентурада медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау тәртібін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық кадрларды, оның ішінде шет елде де біліктілігін арттыру әрі қайта даярлаудың тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      8. Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауды жоспарлауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару саласындағы жергілікті органдар саланың қажеттіліктерін ескере отырып, жүзеге асырады.
168-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандары
      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік
емтихандары жоғары немесе орта білімнен кейінгі медициналық немесе
фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік
немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға дайындығын анықтау,
сондай-ақ кәсіби деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
      2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мамандықтар тізбесі бойынша интернатурадағы немесе резидентурадағы оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқу аяқталғаннан кейін өткізіледі.
      Санат белгіленбейтін біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы Кодексте көзделген мерзімдерден бұрын санат белгілеусіз біліктілік емтихандарын өткізуге жол берілмейді.
      3. Үміткер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сай болған кезде санат берілетін біліктілік емтихандары өткізіледі.
      Маман санат берілетін кезекті біліктілік емтиханына медициналық немесе фармацевтикалық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл ішінде мамандығы бойынша біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.
      4. Біліктілік емтихандарын өткізудің нәтижелері бойынша қолданылу мерзімі бес жылға, біліктілік деңгейі туралы белгіленген үлгідегі құжат (маманның сертификаты) беріледі. Бірнеше мамандық бойынша біліктілік емтихандарын тапсырған жағдайда маман сертификаты әр мамандыққа жеке беріледі.
      5. Біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      6. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
      7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде медициналық білім алған мамандарды Қазақстан Республикасында клиникалық қызметке жіберудің тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
169-бап. Маман сертификатын қайтарып алу
      Мынадай:
      1) біліктілік емтиханынан ету үшін ұсынылған құжаттарда шынайы емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
      2) медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия қайтарып алынған;
      3) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, өзінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет және (немесе) өрескел түрде бұзған;
      4) өзінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайларда маман сертификатын қайтарып алуды денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
170-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
      1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектері Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды. Ол мынадай мазмұнда: "Дәрігердің құрметті атағын қабылдап отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға барынша бағыштап, ұлы дәрігерлік іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде олардың денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін басшылыққа алатыныма ант етемін. Жасына, жынысына. ұлтына, дін ұстанымына, әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан оған мұқтаж әрбір адамға бірдей ықтияттылықпен және шыдамдылықпен медициналық қызмет көрсетуге ант етемін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашанда пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімі мен машықтарымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашанда риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның лайықты дәстүрлерін сақтауға әрі байытуға, мені дәрігерлік өнеріне үйреткен адамдарға алғыс білдіре отырып, құрметтеуге ант етемін."
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
171-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
субъектілері
      1. Денсаулық сақтау саласында ғылыми кадрлар даярлауды негізгі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі - ғылыми ұйым) болып табылады.
      2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары және ғылыми қызметпен айналысатын басқа да ұйымдар болып бөлінеді.
      3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық, фармацевтикалық және білім беру қызметімен айналысуы мүмкін.
172-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті
үйлестіру
      1. Іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыруды, денсаулық сақтауды ғылыми қолдауды үйлестіру. медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеуді үйлестіруді денсаулық сақтау саласындығы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешенді сараптамасын жүзеге асырады.
173-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға
дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа
әдістерін қолдану
      1. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізудің мақсаты олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау әрі дәлелдерін ғылыми әдістермен алу болып табылады.
      2. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жануарларға жүргізіледі.
      3. Субъект ретінде адамның (пациенттің немесе ниет білдірген адамның) қатысуымен клиникалық зерттеулер, оның хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелері алынған жағдайда өткізілуі мүмкін.
      4. Клиникалық зерттеулерге қатысуға келісімі алынған жағдайда пациентке немесе ниет білдірген адамға мынадай:
      1) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік зат және клиникалық зерттеудің мәні мен ұзақтығы туралы;
      2) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік заттың қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ денсаулық үшін қолдану қатерінің дәрежесі туралы,
      3) медициналық технология, фармакологиялық немесе дәрілік заттың қолданылуының денсаулықтың жай-күйіне болжануы мүмкін емес әсері туралы;
      4) денсаулықты сақтандыру шарттары туралы ақпарат берілуі тиіс.
      5. Клиникалық зерттеуге қатысушы пациенттің немесе ниет білдірген адамның талап етуі бойынша кез келген кезеңде, сондай-ақ оның өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда тоқтатылады.
      6. Клиникалық зерттеуге қатысушы пациенттің немесе ниет білдірген адамның өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы туралы құжаттардың ресімделуі, сондай-ақ зерттеулер материалдарының этикалық бағалануы клиникалық зерттеулер жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.
      7. Диагностиканың емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары клиникалық сынаулардың оң нәтижелері алынған жағдайда қолданылуы мүмкін.
      8. Мыналарға:
      1) зерттелетін медициналық технологиялар немесе дәрілік заттар тек қана балаларды емдеуге арналған немесе клиникалық зерттеу мақсаты кәмелетке толмағандарды емдеу үшін дәрілік затты ең тәуір дозалау туралы деректер алу болып табылған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға медициналық технологиялар, фармакологиялық немесе дәрілік заттарды клиникалық зерттеулер жүргізуге тыйым салынады. Соңғы жағдайда кәмелетке толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізудің алдында кәмелетке толған азаматтарға зерттеулер жүргізілуі тиіс. Кәмелетке толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімін алу қажет. Заңды өкілдері жоқ кәмелетке толмағандарға клиникалық зерттеулер жүргізуге тыйым салынады;
      2) егер қажетті ақпарат тек қана жүкті әйелдерге клиникалық зерттеулер жүргізу арқылы ғана алынса және жүкті әйел мен оның ұрығына зиян тигізу қатері толық жойылған жағдайда жүкті әйелдерге арналған медициналық технологиялар мен дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізілген жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдерге;
      3) әскери қызметшілерге;
      4) бас бостандығынан айыру орында жазасын өтеуші адамдарға және тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдарға;
      5) психикасы бұзылудан (аурулар) ауыратын науқастарды емдеуге арналған медициналық технологиялар мен дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізілген жағдайларды қоспағанда, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға медициналық технологиялар, фармакологиялық немесе дәрілік заттарды клиникалық зерттеулер жүргізуге тыйым салынады.
      9. Клиникалық зерттеулер (тиісті клиникалық және ғылыми практика) жүргізу стандарттарын уәкілетті органдар ез құзыреті шегінде бекітеді.
      Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолданудың тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      10. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдануға рұқсат беруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      11. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдануға рұқсат беруді жүргізілген клиникалық зерттеулердің дәлелдеу медицинасына негізделген стандарттар талаптарына сәйкес келуі шартымен жүзеге асырылады.
174-бап. Этика мәселелері бойынша комиссиялар
      1. Этика мәселелері бойынша комиссиялар зерттелетін және зерттеуші адамдардың құқықтарын қорғауды, қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайын жасауды, сондай-ақ клиникалық зерттеулерге этикалық әрі имандылық-құқықтық баға беруді жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшы органдар болып табылады.
      2. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың мақсаты биология мен медицинаның жетістіктері пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғау болып табылады.
      3. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың міндеттері:
      1) зерттеулердің құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
      2) зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезеңдерінде адамның қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын тәуелсіз бағалау;
      3) клиникалық зерттеулер бағдарламаларының тиісті клиникалық және ғылыми практика стандарттарына сәйкестігін, сондай-ак. зерттеушілердің біліктілігінің осы зерттеуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақталуына сәйкестігін бағалау;
      4) клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық нормалардың сақталуын бағалау;
      5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеуге қатысу болып табылады.
      4. Этика мәселелері бойынша комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау, ғылым, өнер, құқық салаларындағы мамандар, діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіруі мүмкін.
      5. Қазақстан Республикасында Этика жөніндегі орталық және жергілікті комиссиялар жұмыс істейді.
      6. Халықаралық және республикалық деңгейде жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанында Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссия құрылады.
      Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      7. Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялар осы ұйымдардың базасында жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін денсаулық сақтау ұйымдары жанында құрылады.
      Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер осы комиссия жанында құрылатын денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық
мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау
175-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттері
      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      1) кәсіби қызметін жүзеге асыруға арналған қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
      2) жеке медициналық қызмет (жеке практика) жүргізуге;
      3) бес жылда кемінде бір рет мемлекеттік бюджеттің немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің қаражаты есебінен өзінің біліктілік деңгейін көтеруге;
      4) штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
      5) еңбек міндеттерін атқару кезінде өздерінің денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтетуге;
      6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншігіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін азаматты таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;
      7) қызметтік тұрғын үй берілуге;
      8) жүріп-түру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;
      9) кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
      10) өзінің кәсіби ар-ожданы мен абыройын қорғауға;
      11) медицина қызметкері тарабынан салақ немесе қырсыз көзқарас болмаған кезде азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіби жауапкершілікті сақтандыруға құқылы.
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ак Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздер есебінен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
      1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық жалақыға үстеме:
      2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
      3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті бюджеттер есебінен жергілікті өкілді органдар қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.
      4. Өздерінің қызметтік және кәсіби міндеттерін атқару кезінде АҚТҚ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің АҚТҚ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады. Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
      Қызметтік міндеттерін атқаруы ЖҚТБ -мен кәсіптік ауруына әкеп соғуы ықтимал медицина қызметкерлері және басқа да қызметкерлер міндетті түрде мемлекеттік сақтандырылуға жатады.
      АҚТҚ/ЖҚТБ-мен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысындағы медицина қызметкерлері, қызметшілер және техникалық қызметкерлер алты сағатқа қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күн қосымша ақылы демалысқа, белгіленген жалақының 60 пайызы мөлшерінде кәсіби зиян тигені үшін қосымша еңбекақыға құқылы.
      5. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      1) өздерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен әрі ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа алуға;
      2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
      3) аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуілдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;
      4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      5) медицина қызметкерінің ар-ождан кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;
      6) өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруға;
      7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе неғұрлым білігі жоғары мамандарды тартуға міндетті.
      6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуына тыйым салынады.
      7. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өздерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
176-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек
қатынастары
      1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босатуды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
177-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс
кодексі
      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексі (бұдан әрі - Кодекс) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен жалпы қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауаптылығын белгілейді.
      2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:
      Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының нығайтуға жәрдемдесуге;
      Тек қана пациенттің мүдделерінде шешімдер қабылдауға;
      Қазақстан Республикасы медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекет жасауға жол бермеуге;
      өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
      өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіруге;
      өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика және емдеу мақсатында әдістер мен құралдарын жарнамалауға әрі пайдалануға жол бермеуге;
      еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
      денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкін ұқыпты ұстауға әрі тиімді пайдалануға;
      сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
      қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;
      жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты әрі жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
      басқа медициналық қызметкерлер тарабынан Кодекс нормаларының бұзылуы фактілеріне жол бермеуге әрі жолын кесуге;
      өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің белгіленген нысанын сақтауға міндетті.
      Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      жасына, жынысына, ұлтына, дін ұстануына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік,лауазымдық және өзге де жағдайларына немесе өзге де мән-жайларға қарамастан әрбір адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
      оған мұқтаж әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
      адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
      азаматтардың мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
      пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарабынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;
      өз іс-әрекетімен қоғамның тарабынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылық танытуға, өз қызметіндегі кемшіліктерді жою әрі оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға міндетті.
      Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық әрі биязылық танытуға;
      Егер пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерден кеңес сұрауға;
      Басқа медициналық қызметкердің кәсіби біліктілігіне жұрт алдында күмән келтірмеуге;
      Қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға міндетті.
      3. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің осы Кодексті сақтауы олардың кәсіби борышы болып табылады.
      4. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерлерінің осы Кодексті сақтамауы фактісін қарайды және қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық айыптау шығаруы мүмкін.
      5. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары осы Кодекс мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
178-бап. Денсаулық сақтау туралы заңнаманы бұзғаны үшін
жауаптылық
      Денсаулық сақтау туралы заңнаманың бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
179-бап. Осы Кодекстің күшіне енуі
      1. Осы Кодекс 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Мынадай Қазақстан Республикасы Заңдарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      2) "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ;
      3) "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      4) "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы" 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      5) "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ;
      6) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      7) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      8) "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      9) "Алкоголизм мен нашақорлыққа шалдыққан ауруларды мәжбүрлеп емдеу туралы" 2004 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      10) "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
      11) "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
      12) "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы .
      Қазақстан Республикасының
      Президенті

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz

КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О ЗДОРОВЬЕ НАРОДА И СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

изменениями и дополнениями по состоянию на 21.04.2016 г.)

 

См. о внесении изменений:



Закон РК от 29.03.16 г. № 479-V (см. сроки введения в действие);

Закон РК от 09.04.16 г. № 501-V (вводятся в действие с 1 января 2018 года)

 

В оглавление внесены изменения в соответствии с 3аконом РК от 06.01.11 г. № 378-IV (см. стар. ред.); Законом РК от 06.01.11 г. № 379-IV (см. стар. ред.); Законом РК от 06.01.12 г. № 529-IV (введен в действие по истечении двадцати одного календарного дня после его первого официального опубликования) (см. стар. ред.); Законом РК от 13.02.12 г. № 553-IV (см. стар. ред.); Законом РК от 21.05.13 г. № 95-V (введен в действие по истечении шести месяцев после его первого официального опубликования) (см. стар. ред.); Законом РК от 10.07.12 г. № 34-V (см. стар. ред.); Законом РК от 10.07.12 г. № 36-V (см. стар. ред.); Законом РК от 21.06.13 г. № 107-V (см. стар. ред.); Законом РК от 02.07.13 г. № 111-V (см. стар. ред.); Законом РК от 03.07.14 г. № 229-V (см. стар. ред.); Законом РК от 29.09.14 г. № 239-V (см. стар. ред.); Законом РК от 29.12.14 г. № 269-V (см. стар. ред.); Законом РК от 06.04.15 г. № 299-V (см. стар. ред.); Законом РК от 19.05.15 г. № 315-V (см. стар. ред.); Законом РК от 29.10.15 г. № 376-V (введен в действие с 1 января 2016 года) (см. стар. ред.); Законом РК от 16.11.15 г. № 406-V (введен в действие с 1 января 2016 года) (см. стар. ред.); Законом РК от 03.12.15 г. № 433-V (введен в действие с 1 января 2016 г.) (см. стар. ред.)



Оглавление

 

Общая часть



 

Раздел 1. Общие положения

Глава 1. Основные положения

Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Кодексе

Статья 2. Сфера действия настоящего Кодекса

Статья 3. Законодательство Республики Казахстан в области здравоохранения

 

Глава 2. Государственное регулирование и управление в области здравоохранения



Статья 4. Принципы государственной политики в области здравоохранения

Статья 5. Основы государственного регулирования в области здравоохранения

Статья 6. Компетенция Правительства Республики Казахстан

Статья 7. Компетенция уполномоченного органа

Статья 7-1. Компетенция государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Статья 8. Компетенция центральных исполнительных органов и иных центральных государственных органов, имеющих военно-медицинские (медицинские), судебно-медицинские, судебно-наркологические, судебно-психиатрические подразделения

Статья 9. Компетенция органов местного государственного управления областей, города республиканского значения и столицы

Статья 10. Компетенция местных органов государственного управления здравоохранением областей, города республиканского значения и столицы

Статья 10-1. Компетенция уполномоченного органа в области физической культуры и спорта по вопросам спортивной медицины

Статья 11. Функции Национального холдинга в области здравоохранения

Статья 12. Межведомственное взаимодействие в области здравоохранения

 

Глава 3. Лицензирование, аккредитация и аттестация в области здравоохранения



Статья 13. Лицензирование медицинской и фармацевтической деятельности, а также ввоза, вывоза органов (части органов) и (или) тканей человека, крови и ее компонентов

Статья 13-1. Уведомление в области здравоохранения

Статья 14. Аккредитация в области здравоохранения

Статья 15. Аттестация на профессиональную компетентность специалистов в области здравоохранения

 

Глава 4. Стандарты, подтверждение соответствия товаров (работ, услуг) и реклама в области здравоохранения



Статья 16. Стандарты в области здравоохранения

Статья 17. Подтверждение соответствия товаров (работ, услуг) в области здравоохранения

Статья 18. Реклама в области здравоохранения

 

Глава 5. Государственный контроль и надзор в области здравоохранения и фармацевтический инспекторат в сфере обращения лекарственных средств



Статья 19. Государственный контроль и надзор в области здравоохранения

Статья 20. Государственный контроль в сфере оказания медицинских услуг

Статья 21. Государственный санитарно-эпидемиологический контроль и надзор

Статья 21-1. Разрешения и уведомления в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Статья 22. Государственный контроль в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

Статья 22-1. Фармацевтический инспекторат в сфере обращения лекарственных средств

 

Глава 6. Финансирование системы здравоохранения



Статья 23. Источники финансового обеспечения системы здравоохранения

Статья 24. Формы финансирования субъектов здравоохранения, оказывающих гарантированный объем бесплатной медицинской помощи

Статья 25. Использование источников финансового обеспечения системы здравоохранения

 

Глава 7. Информатизация в области здравоохранения



Статья 26. Объекты и субъекты информатизации в области здравоохранения

Статья 27. Принципы информатизации в области здравоохранения

Статья 28. Обеспечение защиты персональных данных физических лиц (пациентов)

 

Глава 8. Международное сотрудничество в области здравоохранения



Статья 29. Приоритеты и направления международного сотрудничества в области здравоохранения

Статья 30. Экономические и правовые основы международного сотрудничества в области здравоохранения

 

Особенная часть

 

Раздел 2. Система здравоохранения и организация медицинской помощи




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет