Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы



бет2/26
Дата31.12.2019
өлшемі404,27 Kb.
#54975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Осы Кодексте реттелмеген денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен
басқару
3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері
      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:
      1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;
      4) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
      5) медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;
      6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;
      7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;
      8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;
      9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
      10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:
      11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;
      12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау;
      13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
      14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу
негіздері
      1. Медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік
реттеуді:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган;
      өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Кодексте белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
      2. Медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік реттеу:
      1) медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау;
      2) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
      3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
      4) медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;
      5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, адам денсаулығына зиянды әсер тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректемесіне өзгерістер енгізу;
      6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарт талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігіне растау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау
      саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді;
      2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
      3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      4) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу, аттестаттау тәртібін айқындайды;
      5) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау тәртібін бекітеді;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      7) тегін медициналық және дәрілік көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;
      8) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;
      9) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекітеді;
      10) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;
      11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;
      12) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберудің ережесін бекітеді;
      14) медициналық ұйымдардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды;
      15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін белгілейді;
      16) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге дс қызметке арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдану мен өткізуге тыйым салу тәртібін айқындайды;
      17) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды;
      18) Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше жағдайлары мен режимдерін белгілейді;
      19) пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін белгілейді;
      20) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін бекітеді;
      21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармокопеясын бекітеді;
      22) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына
әкелу жағдайларын айқындайды;
      24) клиникалық базалар тізбесін бекітеді;
      25) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен жағдайларын бекітеді.
6-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтер
көрсету сапасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы, дәрілік заттар айналымы, медицина ғылымы,
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік
саясатты әзірлеу;
      2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
      3) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық құжаттар әзірлеу;
      4) денсаулық сақтау саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын айқындау;
      5) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      6) денсаулық сақтау саласында осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;
      7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
      8) министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
      9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      10) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу мен бекіту;
      11) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық
есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз ету;
      12) денсаулық сақтау саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету:
      13) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу мен бекіту;
      14) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
      15) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      16) денсаулық сақтау практикасына профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
      17) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлауға, денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
      18) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын тағайындауды келісу;
      19) жергілікті атқарушы органдар басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;
      20) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды, басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындау мен лауазымнан босатуды жүзеге асыру;
      21) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      22) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
      23) денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру;
      24) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді әкімшіліктенген бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алу;
      25) консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
      26) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
      27) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсіптік біліктілікке аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ аттесталатын адамдардан тест алуды жүргізу тәртібін айқындау;
      28) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;
      29) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
      30) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
      31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
      32) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да нормативтік құжаттарды тану;
      33) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы дәрілік заттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      34) Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді және одан әкетуді келісу;
      35) шаруашылық және/немесе өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары қамтылған шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
      36) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
      37) құзыреті шегінде өнімдерге, тауарларға, процестерге, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын және жобалау нормаларын келісу;
      38) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген көздерді, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      39) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, дәрілік заттар айналымы, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      40) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы. медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
      41) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
      42) өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
      43) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау;
      44) азаматтардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
      45) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;
      46) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      47) тағамнан улану, жұқпалы және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс- шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      48) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындылар беру;
      49) қоғамдық бірлестіктермен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
      50) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      51) ез құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
      52) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      53) көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
      54) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      55) жұқпалы ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
      56) медициналық сараптаманың және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманың жүргізуін бақылау;
      57) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды бақылау;
      58) өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;
      59) медициналық дәрігерлік және фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
      60) Қазақстан Республикасының аумағында санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      61) халыққа профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      62) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
      63) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
      64) Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ұйымдарының құзыретін және қызмет тәртібін айқындау;
      65) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп белгілеу;
      66) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы деп тану;
      67) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;
      68) індеттік маңызы бар объектілер тізбесін бекіту;
      69) рентген жабдықтарының, радиоактивтік заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың импортын келісу;
      70) тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;
      71) денсаулық сақтау органдарының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі сыйымдылығы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      72) саланың электрондық ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру, электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді есепке алу мен тіркеуді, сондай-ақ оларды жүйелеу мен сақтауды қамтамасыз ету;
      73) салалық көтермелеу жүйесін, "Құрметті донор" құрметті атағын беру тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
7-бап. Әскери-медициналық ведомстволары (бөлімшелері) бар
мемлекеттік органдардың құзыреті
      1. Әскери-медициналық ведомстволары (бөлімшелері) бар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
      2) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, сондай-ақ ішкі істер органдарының әскери-медициналық қызметтерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      3) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарын, әскери және арнаулы қызметтерді медициналық қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жүзеге асырады;
      4) ведомстволық денсаулық сақтауға бағынысты ұйымдар мен бөлімшелердің бастықтары лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
      5) ведомстволық денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      6) ведомстволық бағынысты медициналық қызмет ұйымдарында медициналық көмек көрсету тәртібін бекітеді;
      7) ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдары мен бөлімшелерінің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді; ұйымдар мен бөлімшелердің үлгілік штаты мен штаттық нормативтерін; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, сондай-ақ ішкі істер органдарын медициналық қамтамасыз ету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      8) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
      9) бейбіт және соғыс жағдайындағы медициналық мүліктің штаттары мен табельдеріне сәйкес комплектті-табельдік жарақтандырудың тізбесі мен құрамын анықтайды және бекітеді;
      10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға әскери бөлімдер мен мекемелер шоғырланған аумақта шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (оның күшін жою) туралы ұсыныс енгізеді;
      11) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде медициналық қарап тексерулер жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді.
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының
денсаулық сақтау саласындағы құзыреті
      1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындалды;
      3) тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін бекітеді, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстар үлесін айқындайды;
      4) азаматтарға бюджет қаражаты есебінен емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген дәрілік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
      6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
      7) донорларды қосымша көтермелеу көрсету туралы шешім қабылдайды;
      8) денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды толық көлемде орындау шартымен, денсаулық саласындағы уәкілетті орган бекіткен ең төменгі нормативтерден артық қосымша кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;
      9) салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі және меншік нысанасына қарамастан жұмыс берушілердің салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды ынталандыруы мен көтермелеуі туралы шешім қабылдайды.
      2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) тиісті аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
      4) қан мен оның компоненттерінің ерікті қайтарымсыз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
      6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;
      7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды;
      8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;
      9) төтенше жағдайлар кезінде азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетуді, оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
      10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      10) мыналарды:
      республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды тұлғалар орындайтын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптаманы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда. медициналық қызметті; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
      12) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді;
      13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
      14) халыққа алғашқы медициналық-санитариялық, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мен олардан емдеуді, оған қоса белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, тегін медициналық көмектік кепілді көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      15) ата-анасының және өзге заңды өкілдерінің келісімі бойынша балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардағы "тәуекел" топтарына жіберуді қамтамасыз етеді;
      16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      17) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет