Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-бап. Азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ



бет7/26
Дата31.12.2019
өлшемі404,27 Kb.
#54975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

64-бап. Азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың құқықтары
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге;
      3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдап алуға;
      4) өзінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс қосымша медициналық көмек алуға; денсаулық сақтау субъектілерінен ақылы медициналық көмек алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген негіздер мен тәртіпте жүргізіледі;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық айғақ болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шет елде медициналық көмек алуға;
      6) медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дұрыс тағайындамауынан олардың денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
      7) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беріп, уақытша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыруға;
      8) аурудың профилактикасы, диагностикасы, ауруды емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер туралы, қоршаған ортаның жай-күйі, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын қоса алғанда, денсаулыққа әсері болатын факторлар туралы мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде дәйекті ақпаратты тегін алуға;
      9) дәрілік заттар. медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
      10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік медициналық сараптаманың қорытындысына келіспеген жағдайда тәуелсіз медициналық сарапшылар қаруға өтініш беруге құқылы.
      2. Әйел ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен ез денсаулығын сақтау мақсатында, ықтиярсыз жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін ерікті түрде таңдауға құқылы.
      Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
      1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерді тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, динамикалық бақылау және сауықтыру жүргізу;
      2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсері болатын негізгі ауруларды медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
      Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы, еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      3. Психикалық аурулары бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдар жынысын ауыстыруға құқылы.
      Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыруды және жынысын ауыстыруын жүргізу ережесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және ішкі істер, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс уәкілетті органдары белгілейтін тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулары болған кезде медициналық көмекті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алуға құқылы.
65-бап. Балалардың денсаулық сақтауға құқығы
      1. Балалар:
      1) денсаулық сақтау саласындағы білім мен тәрбие алуға;
      2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық қарауға және динамикалық бақылауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға;
      3) денсаулық сақтау ұйымдарында жылы ниетті көзқарас көрсетілуіне құқылы.
      2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:
      1) дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жасы үлкен ауыр науқасты балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға ауырып қалған баланы күтіп-бағуға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады.
      2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін стационарда болған бүкіл кезеңде медициналық ұйымда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
      3. Мектеп жасындағы балалар стационарлық, қалпына келтіру, санаториялық емделу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқылы.
      Балалар стационарлық бөлімшелерінің және мамандандырылған балалар стационарлық медициналық ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
      4. Мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ АҚТҚ инфекциясын
жұқтырған, ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау
ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқылы.
      АҚТҚ инфекциясын жұқтырған балалар балалар үйлері мен жалпы мақсаттағы оқу-тәрбиелеу ұйымдарында болуға құқылы.
      5. Балалар үйлерінде және білім беру ұйымдарында, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдарда балаларды орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
66-бап. Жеке және заңды тұлғалардың міндеттері
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға міндетті.
      2. Стационарлық және санаториялық емделуден адамдар медициналық ұйымдардың қолданыстағы режимін сақтауға міндетті.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге міндетті.
      4. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде
медициналық есепке тұруға міндетті.
      5. Азаматтар медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.
      6. Жұқпалы аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтар ез денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау әрі сақтану жөніндегі шараларды сақтауға және медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексерілуден етуге және емделуге міндетті.
      Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтар тексерілуден және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады.
      Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының осы Кодексімен реттеледі.
      7. Жұқпалы аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар және бұл ауруынан хабардар азаматтар медициналық көмек алуға барған кезде медицина персоналын өзінің ауруы туралы хабардар етуге міндетті.
      8. Азаматтар санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға оларды қолдану және пайдалану кезіндегі дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама теріс әсері туралы ақпарат беруге міндетті.
      10. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты міндеттерді орындайды.
      11. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар олар жүзеге асыратын қызметке сәйкес:
      1) санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуге;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ак мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың санитарлық- эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;
      3) өнімдер өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
      4) өз құзыреті шегінде өндірістік бақылау жасауды, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргізуге, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету кезінде, сондай-ак өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы жаппай және топтық жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулар пайда болған, дәрілік заттардың. медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама теріс әсері анықталған жағдайда халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар етуге;
      6) қызметкерлерді кәсіби және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге және кәсіби даярлығы бар мамандардың жұмыс істеуіне рұқсат беруге;
      7) олардың құзыретіне сәйкес зертханада зерттеулер жүргізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік жасауға;
      8) халықтың декреттелген тобының қатарындағы адамдарды, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбайтын түрлі ауру көздерін таратушыларды, сондай-ақ алдын ала және мерзімді медициналық қараудан өтпегендерді жұмысқа жібермеуге және жұмыстан шеттетуге;
      9) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда оларды өткізуге рұқсат бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
      10) санитарлық паспорты болуға;
      11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге беруге;
      12) егер ол халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, кәсіпкерлік және (немесе) және өзге де шаруашылық  қызметті тоқтата тұруға;
      13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы нысанасында тексеру мақсатында объектілерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
      14) эпидемиологиялық көрсеткіштер мен Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі лауазымды адамдарының нұсқамалары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дератизация және дезинсекция іс-шараларын жүргізуге;
      15) салауатты тұрмыс алтын жүргізу және қалыптастыру әрі салауатты тұрмыс салтын жүргізетін адамдарды көтермелеу үшін қызметкерлерге жағдай жасауға.
2. Пациенттердің құқықтары мен міндеттері
67-бап. Пациенттердің құқықтары
      1. 65-бапта көрсетілген құқықтардан басқа, пациент мынадай:
      1) диагностика, емдеу және күту процестерінде өзіне құрмет көрсетілуіне, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
      2) әлде бір кемсітушілік факторларының әсерінсіз, тек қана медициналық өлшемдер негізінде айқындалатын кезекте медициналық көмек көрсетілуіне;
      3) дәрігерді немесе медициналық қызмет көрсетушіні, оның ішінде және медициналық ұйымды таңдауға әрі ауыстыруға;
      4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің қолдауын алуға;
      5) қазіргі медициналық технологиялар мүмкіндік беретін шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;
      6) тәуелсіз пікір естуге әрі медициналық консилиум өткізуге;
      7) заңнамада және медициналық қызмет көрсету туралы шартта көзделген өзге де құқықтарға ие.
      2. Пациент өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтер құны, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы. Пациент құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуы тиіс.
      Медициналық ұйымға келген кезде пациентке оған медициналық қызмет көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ак медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелері туралы мәліметтер берілуі тиіс.
      3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрде келісімі алынғаннан кейін көрсетілуі тиіс.
      4. Медициналық көмек алу кезінде пациент ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтер, пациентке түсінікті түрде диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оның ауруханадан шығарылуы немесе басқа медициналық ұйымға ауыстырылуы сияқты өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпарат алуға құқылы.
      5. Егер медициналық құжаттарда үшінші тараптың мүддесі қозғалмаса, пациенттің талабы бойынша оған өз денсаулығының жай- күйін көрсететін медициналық құжаттардың көшірмелері беріледі.
      6. Өз денсаулығы туралы ақпаратты оған хабарлау қажет адамды пациент тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамада қамтылады.
      7. Егер медициналық ақпараттың берілуі пациентке пайда келтірмейді, елеулі зиян тигізеді деуге кесімді негіз болған жағдайда ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өклідеріне хабарланады.
      8. Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттер оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ оқу-диагностика рәсімдері өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы.
      9. Пациент құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      10. Ажал төнген адам оған ізгілік көрсетілуіне және өлімді лайықты қарсы алуға құқылы.
68-бап. Пациенттердің міндеттері
      Осы Кодекстің 67-бабында көрсетілген міндеттерден басқа, Пациент:
      1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
      2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
      3) медициналық араласуға келісім бергеннен кейін диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
      4) ол жатқан медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналмен ынтамақтастық жасауға, денсаулық сақтау ұйымының мүлкін ұқыпты сақтауға;
      5) диагностика мен емдеу процесінде өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы, айналасындағы адамдарға қатері бар аурудың орын алуына күдіктенсе немесе ол бар болса, медициналық қызметкерлерді уақтылы хабардар етуге;
      6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзуы мүмкін іс-әрекет жасамауға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
69-бап. Медициналық көмек алудан бас тарту құқығы
      1. Осы Кодекстің 70-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмек алудан бас тартуға құқылы.
      2. Медициналық көмек алудан бас тартқан кезде пациентке немесе оның заңды өкіліне оған түсінікті түрде аурудың ықтимал салдарлары туралы түсіндірілуге тиіс.
      3. Медициналық көмек алудан бас тарту, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазу арқылы ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
      Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмек алудан бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, медициналық құжаттамаға бұл туралы тиісті жазуды медицина қызметкері жүзеге асырады және қол қояды.
      4. Кәмелетке толмаған балалардың не іс-әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан жағдайда, медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.
70-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету
      1. Пациенттің келісімінсіз:
      1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;
      2) айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;
      3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;
      4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
      2. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға және заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде, медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
      3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін немесе соттың шешімі бойынша жалғастырылады.
71-бап. Дәрігерлік құпия
      1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны тексеру және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.
      3. Пациентті тексеру мен емдеу мүддесіне орай, ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімімен басқа азаматтарға беруге рұқсат етіледі.
      4. Азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз мынадай жағдайларда:
      1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты тексеру және емдеу мақсатында;
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар таралу қатері болған кезде;
      3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша;
      4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
      5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер бар болған кезде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді беруге рұқсат етіледі.
      5. Медициналық ұйымның әкімшілігі пациент туралы медициналық ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету және оны сақтау үшін жауап береді.
      6. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған дерекқорға енгізуге әрі пайдалнуға жол берілмейді.
      7. Олардың басқа дерекқорлармен байланыстыратын желілерге жеке сипаттағы ақпаратты автоматтандырылған дерекқорға қосуға жол берілмейді.
14-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
72-бап. Ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы
азаматтардың құқықтары мен міндеттері
      1. Азаматтар:
      1) ұрпақты болуды еркін таңдау жасауға;
      2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді алуға;
      3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дұрыс және толық ақпарат алуға;
      4) жүктілік кезеңінде, босанғанда және босанғаннан кейін денсаулығын сақтауға;
      5) бедеуліктен емделуге, соның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген ұрпақты болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;
      6) жыныстық клеткалар донорлығына;
      7) контрапепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;
      8) хирургиялық стерилизациялауға;
      9) жүктілікті жасанды түрде үзуге;
      10) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға құқылы.
      2. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
      3. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей екінші адамды жасауға тыйым салынады.
      4. Азаматтар балалардың санына және олардың некеде немесе некеден тыс тууының уақытына, туудың арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты еркін шешім қабылдауға құқылы.
      5. Кәмелетке толмағандар ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық және жыныстық тәрбие мен білім алуға құқылы.
      Кәмелетке толмағандарға жыныстық білім беруді білім беру ұйымдарында арнайы әзірленген бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өткен адамдар кәмелетке толмағандардың жынысын, жасын, психофизикалық дамуының ерекшеліктерін және ата-аналарының пікірін ескере отырып, жүзеге асырады.
      Кәмелетке толмағандарға имандылық және жыныстық білім мен тәрбие беру, ұрпақты болу денсаулығын сақтау, оларды отбасылық өмірге дайындау жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып қамтамасыз етеді.
      6. Неке қию жасына жеткен еркектер мен әйелдер жыныстық клеткаларын сақтауға құқылы.
      Жыныстық клеткаларды сақтау тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
73-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі
кезеңінде денсаулығын сақтау
      1. Әйелдер жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқылы.
      2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау
жүйесі ұйымдарында медициналық, консультациялық және дәрілік көмек
кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі шегінде беріледі.
      3. Жүктілік кезеңінде тексеру, емдеу және медициналық
араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге
асырылуы мүмкін.
      Тексеруді, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін жағдайдағы не айналасындағылар үшін қауіпті аурудан (аурулардан) зардап шегетін әйелдің өміріне қатер төндіретін жағдайларда тексеруді, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет