1.3. Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері.
Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшқұр болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жолшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек сауалға жауап берілген.
Жақсы мінез құлық, әдепшілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау - әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын әсіресе жастарды өр-көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат қасиет:
Кісілік қымбат, кішілік қымбат,
Ұлық болсаң кіші бол,
Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық, мейірімсіздік, ашушандық, т.б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Әль-Фараби өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі. т.б мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті елі. Сондықтан ол Халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім-инабатты, әділ, мейірімді, жан-жақты білімді, халыққа жаны құмар, жамандықтан жиренетін, батыл, жомарт, өнер мен әдбиетті сүйетін адам болуға тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.
Адамгершілік турасында дана бабамыздың: "Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат" деген ұлағатты пікірш мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қондыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал. "Ұстаз ескерер тағы бір жайт" - дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Педагогикалық пікірінде Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін - өзінің нашар мінезі. Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн, - дейді ғұлама бабамыз Әл-Фараби.
Түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнскті ақыны, есімі ислам әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи " Диуани хикмат" ( Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағында әділдік тойына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамдың рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескерпей келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:
Ғарип, пақыр жетімдерды қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын көңілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді, айттім міне...
Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафардан естіп айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме.
Кісі малын сен жеме, спрат көпірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...
...Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,
Ессіз өмірім арманда өтер достарым
...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі жасты...
...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,
Тозақта жүз мың азап тартар достар...
Әділетсіз зұлым патша болғаны — ай,
Ордасына өңшең қудың толғаны — ай.
Бірін бірі жиналысып қолпаштап,
Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.
Достарыңызбен бөлісу: |