q, g ә, у, ь, ө әріптерін алып тастауды ұсынғанын, комитеттің әр ұлттың ерекшелігімен са-
наспай отырғанын айта келіп, қазақ тіліндегі
q, g дыбыстарының әрпін жоюға мүмкін
еместігін Жаңа әліпби комитетінің түсіне алмағанына қатты қынжылысы білдіре келіп:
«орыста q, g әрпі жоқ екені рас, оларға ол әріпті үйрету де қиын екені рас. Бірақ оры-
ста жоқты жойып, ұлт тіліне балта шабуға бола ма?» - деп ашық айтады. – «Дұрыс,
біз солардың айтқанымен q, g әріптерін жойдық. Сонда
qol, qus, qat дегендерді қалай
оқимыз? Олардың айтуынша, q әрпін k, g-ны q бере алады, орындарына жүре алады-
мыс. Сонда «qol» - kol, «qun» - kun болмақ. Сонда үндестік заңға аз да болса жол
беретін қазақ тілінің үндестік заңын жойған боламыз. Өйткені, әріптің естілуі (k, q
212
– жіңішке естілетін дыбыстар) ескерілмейді. Біз ол жолмен кетсек, жүз жыл артқа
тартқан болар едік. Бірақ
q, g дыбысы, әрпі туралы бізде де пікір бар. Ол не? –