217
Ескерткіш тіліндегі сөз басындағы
б
дыбысы қазақ тілінде
м
дыбысына ауысқан:
бойун – мойын, бурун – мұрын, буз – мұз т. б.
В
–ызың, ұяң, тіс пен ерін дауыссызы. Мәтінде و әрпімен берілген. Сөз басында
қолданылуы өте сирек, көбіне сөз ортасы мен аяғында кездеседі: важіб – міндетті,
вақыт – уақыт, гавһар – гаухар, қувар - қуар, жавлан – сандалу, сав - қарсылас, сарв
– сымбатты, сув – су т. б.
В
дыбысы – көне қыпшақ тілінде кейінірек пайда болған
(“вторичный согласный”) дыбыс.
Н.А.Баскаков
в
және
б, ф,
у дыбыстарын
п
дыбысының аллофондары деп қарайды:
“В наиболее ранний период губные согласные были представлены только одной фо-
немой
(р) с
соответствующими аллофонами, как для анлаута, так и для ауслаута, т.е.
имели следующий состав аллофонов: 1. [ p ( ~ b ~ f / v ~ w
79
~ m)]» [8, 98].
Б.Сағындықұлы бұл тізбекті былай транцкрипциялады: п ~ б ~ ф/в ~ у ~ м. [5,37].
Яғни
п
= дан өзге дауыссыздардың басында фонологиялық қасиеттері болмағанмен,
ғасырлар бойы даму барысында жеке-жеке фонема болып қалыптасқан.
В
дыбысының
тағы бір қасиеті орта ғасырларда қыпшақтар мен оғыздарды бір – бірінен ажырататын
фонетикалық белгі болғандығы. Қыпшақтар ау (үй) десе,
оғыздар
ав,
қыпшақтар
ау
(аңшылық) десе, оғыздар
ав
дейді.
Г
– шұғыл, ұяң, тіл ортасы дауыссызы. Ескерткіште г, к дыбыстары ک (к) әрпімен
берілген. Араб – парсы кірме сөздерінің басында, түркі сөздерінің ортасында келіп, сөз
соңында кездеспейді. Мыс., гәнги – байлық, гилә - өкпе, гунах – күнә, бегім – бектің
әйелі, өлгү - өлу, тегүк – сияқты, тегірмән – диірмен т.б. Көне түркі тілінде сөздің
абсолют басында
г
дыбысы айтылмаған. Бірақ сөз соңында жиі кездеседі: сүңүг, тег,
т.б. Орта ғасыр ескерткіші мен қазақ тіліндегі сөздердің абсолют басындағы г сыртқы
әсерден, басқа тілдерден кірген сөздердің ықпалымен қалыптасқан дыбыс.
Ғ
– ызың, ұяң, тіл арты дауыссызы. Мәтінде غ әрпімен таңбаланған. Көбіне сөздің
ортасында келіп, сөз соңында өте сирек қолданылады: қарғыш - қарғыс, сығын – сыйын,
сынағлық - сынаулы, табуғчы - қызметші, ығнағ - дос, чырағ - шырақ, савлағ - суат.
Ғ
- дыбысы өзге тілден енген сөздердің басында келеді: ғаддар – сенімсіз, ғарат – то-
нау, ғоз – жаңғақ т.б. “ХШ” поэмасы мен қазіргі қазақ тіліне ортақ элементтерді өзара
салыстырғанда сөздің басқы, ортаңғы, соңғы позицияларында фонетикалық өзгерістер
ғ
дыбысының басқа дыбыстармен алмасуының негізінен болғаны байқалады. Сөз
ортасындағы және сөз аяғындағы
ғ
дыбысы қазақ тіліндегі
у
дыбысына сәйкес келеді:
ағыз – ауыз, ағыр – ауыр, бағыр – бауыр, бағ - бау, ойағ - ойау т.б. Сөз ортасында
және сөз аяғында
ғ
дыбысы түсіп қалып айтылады: қырағу - қырау, тарғақ - тарақ,
буғра – бура, сарығ - сары т.б. Сөз ортасы және сөз аяғында
ғ
дыбысы
қ
дыбысына
сәйкес келеді: тарға – тарқа, толуғ - толық, уруғ - ұрық т.б. Сонымен қатар
қ
дыбысы
ғ
дыбысына сәйкес келетін сөздер де кездеседі: ақар – ағар, ақыт – ағыт, сақақ - сағақ,
йақа – жаға т.б. Ескерткіштегі
ғ
дыбысы қазақ тілінде
й
дыбысына да сәйкес келеді:
андағ - андай, мұндағ - мұндай, сығ - сый т.б. Негізінен
ғ
дыбысы басқа тілдерден ен-
ген сөздердің құрамында қалыптасқан. Орхон–Енисей, орта ғасыр ескерткіштеріндегі
ғ, г
дыбыстарына аяқталатын сөздер қазіргі қыпшақ тілдерінде
қ, к
дыбыстарына
аяқталады:
йаруғ - жарық, қорығ - қорық.
79
Еңбекте w таңбасы сонор у дауыссызының таңбасы ретінде алынған.
218
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, түркі тілдері дамуының ежелгі кезеңінде
сөздің басы да, аяғы да бірыңғай қатаң дыбыстардан тұрған. Осы теорияның негізінде
орхон – енисей, орта ғасыр ескерткіштеріндегі ғ мен г-ге аяқталған сөздерді кейінгі
құбылыс деп тануымыз керек [5, 41].
، (айн) көмейден шығатын араб тілінің дыбысы. Мәтінде ع әрпімен берілген.
Негізінен араб тілінен енген сөздердің басында келеді. Сөз ортасы мен соңында өте
сирек ұшырасады: ‘аврат - әйел, ‘адл - әділдік, ‘ажаб - ғажайып, за‘іор – зағип, нашар,
ду‘а – дұға т.б.
Д
– шұғыл, ұяң, тіс дауыссызы. Мәтінде د әрпімен берілген. Сөздің басы мен ортасын-
да қолданылады: давлатлығ - байлық, дағла – жағу, дәлүлүк – ессіздік, дәрмандә - әлсіз,
дилдар - ғашық т.б. Ескерткіш тіліндегі сөз басындағы д дыбысының қатаңданғаны
байқалады: давыс – тауыс, дорт – төрт т.б. Д дыбысы о баста дз африкатының негізінде
қалыптасқан. М.Қашқари “Диуанында” дз дыбысын чығыл тайпасының ерекшелігі
ретінде көрсетеді. Дз африкаты орта ғасырларда өз ішінде дербес екі дыбысқа ажырап
д
және
з
болып қалыптасқан. Бір тілдер кейін
д
дыбысын алып адақ деп кетсе (ойрат,
қырғыз, қазақ) енді біреулер з дыбысын алып азақ (ұйғыр) деп кеткен.
,
З
– тіс арасынан шығатын шуыл дыбыс. Мәтінде ذ әрпімен таңбаланған. Бұл ды-
быс басқы бітеу буынның соңында және сөз басында да кездеседі: ,завқ - рахат, ,зат
– болмыс, табиғат, гүнбә, з – күмбез, қа, зғу - қайғы, ди, зар – шырай, уми, з - үміт т.б.
Ж
– ызың, ұяң, тіл алды дауыссызы. Мәтінде ج әрпімен белгіленген. Көбіне сөздің
басында ұшырасады. Сөз ортасы мен аяғында өте сирек келеді: жамаллығ - әдемі, жаду
– сиқыршы, жайхут - өзен аты, бурж – мұнара, ажат - қажет т.б.
Ж
– фонемасының көне
түркі тілінде болу, болмауы жайындағы мәселе түркітануда әлі шешімін таба қойған
жоқ. В.А.Богородицкий сөз басындағы й-дің өзгерісін
Достарыңызбен бөлісу: