216
естіледі. Мысалы: сұу, бұу, тұу, рұу, нұу; қауын, жауын, бау, егеу т.б. Б.Сағындықұлы
бұл айтылғандардан дауысты у=дың үш түрлі күйін (таза
у
, дифтонг
ұу, үу
, сонор
у
)
аңғарамыз дейді. Бұған орта ғасырларда түркі тілдерінде болған у дыбысын қоссақ ал-
лофон саны төртке жетеді [5, 37]. Яғни, қазіргі тіліміздегі
п
(немесе
б
) сонор
у (w)
мен
орта ғасырлық
у=ге
ұқсас. “
ХШ
” поэмасындағы бірқатар сөздердің құрамындағы
п
(немесе
б
) қазіргі тілімізде сонор
у = ге
айналған. Мысалы, қубар - құуар (қуар, ағар),
қубан - құуан (қуан), аб (аңға шығу) – ау т.б.
Ү
- қысаң, тіл алды, еріндік фонема. Мәтінде жоғарыдағы
у
дыбысы тәрізді
таңбаланған. Сөздің барлық позициясында қолданылады: үзмәк - үзбек, үзра - үстінде,
үлүшлүг - үлесті, тегрү - дейін, бүрүнчүклүг – бүркеншекті т.б. Ескерткіш тілінде
ү
дыбысы екінші, үшінші буындарда жиі айтылған. Кейінгі буындарда айтылған
ү
қазақ
тілінде әбден қысқарып делабиализацияға ұшыраған. Мысалы, өкүз, өкүнүч, күмүш,
көңүлсүз, үзүл тәрізді сөздер қазақ тілінде өгіз, өкініш, күміс, көңілсіз, үзіл болып жа-
зылады. Бұлардың құрамындағы
ү
әбден қысқарып
і=ге
айналған. А.М.Щербак ескі
өзбек тілінде үндестіктің екі түрі болғанын көрсетеді, бірі – сөздің тұтастай алғандағы
жуан-жіңішкелігі болса, екіншісі – еріндік дауыстылардың бар жоғымен байланысты
деп санайды [6, 73]. Мұрағат тіліндегі дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып келіп
буын үндестігі қатаң сақталған. Әрбір жеке сөз не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
жалғанады. Мысалы, арсық (алдан) – арсық-мақ (алданбақ), асан-лық (жеңілдік),
боз-лұғ (бойлы), темүр-тег (темірдей) т.б. Ескерткіш тілінде ерін үндестігі де айқын
байқалады. Түбір сөздегі ерін дауыстылары әсіресе өзінен соңғы буынға қатты әсер
етеді, кейде екінші буынға да ықпалы болады, ал үшінші буынға әсері әлсіз білінеді.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: