Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет112/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165
й > дж > ж
 тізбегімен түсіндіре 
келіп көне дәуірде түркі тілінде ж дыбысы болмаған деп түсіндіреді [9].
С.Я. Малов ж, дж  дыбыстары й-ге қарағанда ескі болу керек деген пікір айтады 
[10,8]. Ал А.Н.Бернштам 
ж
 дыбысы көне түркі тайпаларының тілінде болған, бірақ 
Орхон-Енисей жазбаларының тілінде осы дыбысты айтатын тайпа тілі көрініс таппаған 
деп қарайды [11]. Ғ.Мұсабаев 
ж/ч
 дыбыстары көне түркі Талас алфавитінде бір ғана 
таңбамен  берілген.  Ең  жиі  қолданатындар  -  қазақ,  қырғыз,  қарақалпақ,  аз  болса  да 
татарлар мен башқұрттарда, ноғайларда да 
ж
 дыбысы бар. Соншама халықта болған 
дыбыс  жазуға  түспеуі  мүмкін  емес.  Бұл  дыбыс 
ч
  дыбысымен  шатысып  жүргенге 
ұқсайды  дейді.  Біз  соңғы  пікірге  қосыла  отырып,  орта  ғасырларда  консонантизм 
ыңғайына  дамыған қыпшақ тілдеріндегі ж тіпті де жаңа емес, оның тамыры сонау 
көне дәуірлерде жатыр дегіміз келеді. Орта ғасырларда айқын ажырап тұрған 
ж, ч
 
дыбыстары бір ғасырдың жемісі емес екені хақ. 
Араб алфавитінде ض,  ﻅ, ﮋ,   ز    әріптерінің түркі тілінде баламасы жоқ болғандықтан 
бәрі де з дыбысы ретінде оқылып, транцкрипцияда з әрпімен белгіленді. З – ызың, ұяң, 
тіс дауыссызы. 
З
 – дыбысы араб-парсы кірме сөздерінің басында ғана қолданылады, 
ал түркі сөздерінің орта шенінде де, соңғы позициясында да қолданыла береді: зағ 
- ұзақ, қарға, заруат - қажет, зангітег – зәңгі сияқты, уза - ұза, умызған – масаттану, 
йулдуз – жұлдыз, кәз – кез т.б.
Й
  –  ауыз  жолды,  ызың,  тіл  алды  дауыссызы.  Мәтінде      ى  әрпімен  таңбаланған. 
Сөздің барлық шенінде кездеседі: йа – жақ, садақ, йабрақ - жапырақ, йаваш – сабырлы, 


219
йавуқ - жақын, йайлағ - жайлау, буғдай – бидай, бойлә - сондай, бай – бай т.б. Й  көне 
түркі дәуірінен келе жатқан, түркі тілдерінің дыбыстық жүйесінде үлкен рөл атқарған 
дыбыс. Түркі негіз тілінде болған дауыссыз дыбыс бір буынды сөздің басында қазақ 
тілінде 
ж-ға,
  тува,  хақас  тілдерінде   
ч-ға,
  чуваш  тілінде 
с-ға,
  басқа  тілдерде 
й-ге 
айналған: қазақ - жаз, тува - час, чуваш – сур, якут – сас (“лето”). “
ХШ
” ескерткішінде 
сөз басында келетін й дыбысына қазақ тілінде ж дыбысы сәйкес келеді: йаз – жаз, 
йалған – жалған, йаман – жаман, йел – жел, йер – жер, йыл – жыл, йылан – жылан, 
йол – жол. Й дыбысынан басталатын сөздер қарлұқ - ұйғыр тілдерінде дәл осы күйінде 
айтылады. Қыпшақ тілдерінің ішінде ноғай тілі й дыбысын сақтап қалған.
Түркітанудағы ең белгілі сәйкестіктің бірі 
й ~ дж ~ ж ~ т ~ д ~ ш ~ ч ~ с ~ з
 біраз 
зерттелді. Көрнекті ғалым В.В.Радлов ХІХ ғасырдың 80 – жылдарында осы тізбедегі 
й фонемасын алғашқы тұлға деп тапты. Содан бері, 100 жыл бойы бұл сәйкестікті 
көптеген ғалымдар зерттегенмен мәселенің шешуін дәл таба алмады. Б.Сағындықұлы 
көп жылғы еңбектің нәтижесінде осы бір жұмбақ сәйкестіктің бір фонема емес, бірнеше 
африкаттан пайда болғанын, яғни қыпшақ тілдеріндегі 
ж
 дыбысының 
дж
 африкаты 
негізінде, якут тіліндегі 
с
 дыбысы 
ц (тс)
 африкаты негізінде (т.с.с.) қалыптасқанын 
анықтады.    Осы  көп  аффрикаттар  бір  кезде  m[с/ш]  күрделі  аффрикатынан  бастау 
алғанын дәлелдеп, жоғарыда көрсетілген сәйкестіктің толық құрамын тізіп берді: 
mc 
(ц) ~ mш (ч) ~ mh ~ mй ~ дз ~ дж ~ дй ~ m`c` ~ д`з` ~ m ~ д ~ с ~ з ~ ш ~ ж ~ й ~ һ ~ х ~ қ 
~ к ~ ғ ~ г ~ с` ~ з` ~ m` ~ д` ~ о
 [5, 28]. Бұл тұжырым ғылыми фактілермен дәлелденген. 
К
 – шұғыл, қатаң, тіл ортасы дауыссызы. Мәтінде ک    әрпімен таңбаланған. К ды-
бысы сөздің барлық позициясында кездесе береді: кабаб - қуырылған ет, карсазлық 
- іс, кәби - ұқсас, өксүн – шашақ, өңдүнкі – алдыңғы, нітак – неліктен т.б. 
К
 дыбы-
сы  түркі  негіз  құрамында  қолданылған.  Салыстыра  қарасақ  ескерткіш  тіліндегі  г 
-ге аяқталған сөздер қазақ тілінде 
к -ге
 аяқталған: билиг – білік, йилиг – жілік т.б. 
Керісінше ескерткіштегі к дыбысы қазақ тілінде 
г-ге 
өзгеруіде байқалады: екин – егін, 
сәкиз – сегіз т.б. Яғни 
к
 мен 
г
-нің генетикалық табиғаты бір. 
Қ
 - қатаң, шұғыл, тіл дауыссызы. Мәтінде  ق әрпімен таңбаланған. Сөздің барлық 
шенінде қолданыла береді: қабуғ - есік, қавар – кебу, қавунлуқ - қауындық, ақыт – 
ақтыр, ақру – ақыры, біхақ - құрметі үшін, бықын – мықын, байық - анық. Көне түркі 
тілінде қолданылған қ дауыссызы орта ғасыр мұрасының тілінде де, қазақ тілінде де 
сөз басында өз сапасын сақтаған. Ежелгі бір буынды түбірлер күрделеніп ұлғайғанда 
сөз соңындағы қ ұяңданған: ақ + ар – ағар, бақ + ыш – бағыс т.б. Сөз ортасындағы  қ - 
ның у - ға ауысуы да байқалады: сақыл – сауыл. Қ мен к төркіндес. Олардың туыстығы 
қазақ  тілінде  анық  байқалады.  Мысалы,  қары  –  кәрі,  қауақ  -  кеуек,  санқ  -  шіңк. 
Сондықтан    В.А.Богородицкийдің мына пікірі ғылыми дәлелді: “обе разнородности   
q и k восходит к одному и тому же источником к общей для них фонеме” [9, 112].
Л 
– ауыз жолды, ызың, тіл ұшы дауыссызы. Ескерткіште  ل әрпімен белгіленген. 
Л  
дыбысы сөздің тек орта және соңғы шенінде қолданылады. Араб-парсы тілінен енген 
кірме сөздер ғана л дыбысымен басталады. Мысалы, сувлағ - суат, қалқал - әбігер, 
қалы – кілем, қытыл – сақтал, ла`лтег – лағылдай, латіф – сүйікті т.б. Л дыбысы тарихи 
тұрақсыз дыбыстар деп аталатын топқа жатады. Өйткені л дыбысы сөз ортасында, сөз 
соңында элизияға ұшырап түсіп қалып отыратыны бар. Мысалы, “ХШ” - да олтыр – 
олтурум қазақ тілінде отыр, отырыс.


220
Сонымен  қатар  ескерткіштегі 
ишан
  сөзі  мен  қазақ  тіліндегі  илан  сөзінен 
ш~л 
сәйкестігін көреміз. Түркітануда 
ш~л
 сәйкестігі генетикалық сәйкестік емес, кездей-
соқтылық екені дәлелденді [5, 62].
М
 – мұрын жолды, ызың, ерін дауыссызы. Мәтінде م әрпімен таңбаланған. 
М
 дыбысы 
сөздің барлық шенінде кездеседі: маңла – шақыр, мағрулуқ - такаппарлық, мәңиз – жүз, 
қолмақ - сұрамақ, қамуғ - қамыс, олам - үнемі, орам – көше т.б. Араб – парсы сөздерінің 
басында жиі қолданылады. Б.Сағындықұлы м дыбысын н~ң~м сәйкестігінің қатарына 
қосып, о баста 
б, п
  фонемаларының н дыбысымен комбинаторлық, позициялық тығыз 
байланыста болғандығынан м аллофоны өмірге келген дейді. М дыбысы уақыт өте 
келе  жеке  фонема  болып  қалыптасқан.  Біз  зерттеп  отырған  ескерткіште 
н
-нің 
м
-ға 
айналғанын  көрсететін  деректер  бар.  Мысалы,  унутмақ  -  ұмытпақ.  Қазіргі  түркі 
тілдерінде де н, ң дыбыстарының м-ге ауысуы байқалады: түрікм. тілінде  өңур ~ қаз., 
ноғ., ққал. тілдерінде  өмір.
Н
 – мұрын жолды, ызың, тіл ұшы дауыссызы. Мәтінде   ن  әрпімен берілген. Сөздің 
барлық позициясында келе береді. Дегенмен сөз басында сирек келіп, көбіне сұрау 
есімдіктерінің құрамында айтылады. Не? – не?, начүк? – нешік?, налүк? – неліктен?, 
онгур - үңгір, сақын- ойла, соклүн - қырғауыл. Н дыбысы  араб – парсы сөздерінің ба-
сында жиі келеді: надим - қызметші, назар – көзқарас т.б. Н дыбысы көне түркі тілінде 
сөз басында сирек қолданылған. “ХШ” – поэмасы тілінде қазақ тілімен салыстырғанда 
н  ~ й сәйкестігі байқалады: қанда - қайда, қандан - қайдан.
Ң
 –  мұрын жолды, ызың, тіл арты дауыссызы. Мәтінде   نک қосынды әріптерімен 
таңбаланған. Сөздің басында қолданылмайды. Көбіне сөз ортасы мен соңында келеді. 
Мысалы, аңа – оған, аңсыз – бейғам, кеңліг – байлық, соң - соң, тың - тыйыл, таң - таң 
- тамаша, нең - нәрсе т.б.
Түркі  тілдерінің  тарихын  зерттеушілердің  көпшілігі  сөз  ортасында  айтылатын  ң 
дыбысын нг (нғ) дыбыс тіркесінің жаңа көрінісі, соның фонетикалық ықпалдасуының 
нәтижесі  деп  қарайды.  А.М.Щербак  сөз  ортасында  бұл  дыбыстың  кейін    пай-
да  болғандығын  дәлелдей  келіп,  сөз  соңында  да 
нқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет