Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


(y)ı  (-(y)ı, -(y)i, -(y) u, -(y)ü),  -ım



Pdf көрінісі
бет115/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165
(y)ı
 (-(y)ı, -(y)i, -(y)
u, -(y)ü), 
-ım 
(-ım, -im, -um, -üm), 
 -in
 (-ın, -in, -un, -ün), 
-(s)ı
,  (-sı, -si, -su, -sü),  
-ımız
 
(-ımiz, -imiz, -umuz, -ümüz), 
ınız 
(-ıniz, -iniz, -unuz, -ünüz).  Мысалы: 
gözlüğ-üm, kol-um, 
armut-tur,ü-tür.
Дегенмен түрік тілінде тіл үндестігі  -   негізгі үндесім заңы, аты айтып тұрғандай, 
вüyük ünlü uyumu, ал ерін үндестігі қосалқы, яғни кüçük ünlü uyumu, сол сияқты түбір 
мен қосымша аралығындағы ықпал да вüyük ses beneşmesi және кüçük ses beneşmesi 
деп аталады. 
Қазақ  тілінде  де  аффикстер  еріндік  болып  айтылады,  бірақ  жазылмайды: 
добым
 
[добұм,], 
қолымыз
  [қолұмұз], 
көрді
  [көрдү], 
қонды
  [қондұ], 
қолы
  [қолұ], 
жүгірді
 
[жүгүрдү], 
өшірді
 [өшүрдү], 
күйіміз
 [күйүмүз].
Қазақ  тілінде  қосымшалар  мен  шылаулардың  жіңішке,  жуан  езулік  түрі  және 
қатаң, ұяң варианттары ғана жазылады. Бірақ ерін үндестігі түрік тіліндегідей шыла-
уларды да қамти алмайды: 
ма, ме, па, пе
 –нің – төрт түрлі ғана варианты бар. Бұдан 
түрік тілі ерін үндестігін парадигмадағы сингармонизм ретінде бекіткенін, қазақ тілі 
синтагмадағы сингармонизм ретінде ғана қабылдайтынын байқаймыз. Бұл да жазба 
тіл пайда болғаннан кейінгі айырма. 
Алайда хақас тіліндегі сингармонизмнің бұзыла бастауы, әсіресе ерін үндесімінің 
көбірек бұзылуы туралы дерек бар [6, 453].Н.З. Гаджиева әзербайжан тілі кавказ бен 
иран тілдері әсерінен бұзылып жатқанын айтады. Бейүндесім тілдерге Н.А.Баскаков 
ұйғыр, қазақ, қарақалпақ тілдерін жатқызған. Ерін үндесімі күшті деген қырғыз тілінде 
де сөз аяғына дейін жуан үндесім сақтала алмайды, жуан езулікке айналады [6, 439]. 
Тіл үндесімі ерін үндесімінен бұрын пайда болғанын ерін үндесімінің сөз бойындағы 
аз таралымы дәлелдейді [6, 454].


226
Ауызша  тілдегі  үнем  құбылысының  таңбалануы.  Түркі  тілдерінде  қысаң  дауыс-
тылардың екі түрлі қызметі бар дейміз: бірі сөз мағынасын ажырататын қысаң ерін, 
езу  дауысты  фонема  (у,  ү,  ұ,  ы,  і)  қызметінде,  екіншісі  дауыссыздар  аралығында 
дүдәмал естілетін, сөз мағынасын ажыратпайтын, таңбаланбаса да сөздің дыбысталу-
ына әсер етпейтін селбеспе қызметінде. Сондықтан дауыстыларды таңбаламаған араб 
жазуынан  таңбалай  бастаған  латынграфикалы,  кирилграфикалы  әліпбиге  көшкенде 
жазылуы, жазылмауы көп талқыға түскен әріп осы фонемалардікі болды. Дегенмен 
түркі тілдері бұл дыбысты үнемдеп жазуды жалғастыра берді. Өйткені жазу принципі 
дыбыстық деп таңдалып алынған еді. Тек алтай тілі жазуында ғана қысаң езуліктер 
түсірілмеді.  Тәуелдіктің  ІІІ  жағы  қосылғанда  басқа  барлық  дерлік  түркі  тілдерінде 
түсіріліп  жазылды.  Мысалы,  башқұрт  тілінде: 
синыф  –  синфы
,  татар  тілінде: 
сый-
ныф – сыйнфы, 
башқұрт тілінде: 
ғилем-ғилми,
 түрік тілінде:
 ağız/ağzı, alın/alnı, bağır/
bağrın, geniz/genzim, beyin/beyniniz, böğür/böğrüne, burun/burnum, oğul/oğlu, devirmek/
devrilmek, çevirmek/çevrilmek, kavurma/kavrulma 
т.б.
Ал түрікмен, хақас тілдерінде түбірдің өзінде де түсіріліп жазылады: 
халк, мүлк, 
хақас тілінде: 
топрак, алғла, килгле, қсық. 
Түркі тілдерінде екі дауысты қатар келетін 
біріккен 
(қара  аяқ,  қараот)
  сөздер  айтылуы  бойынша,  дауыстының  бірі  жұтылып 
(түсіріліп) жазылатын дәстүр бар еді. Соңғы уақытта қазақ емлесі жазудың тіл тари-
хын сақтайтын қызметіне басымдық беріп, біріккен сөз сыңарларындағы дауыстылар-
ды сақтап жазатын принцип ұстанды: 
сарыағаш, алмаағаш
 [7].
Дауыстылардың  позициялық  алмасуы  қазақ,  қарашай  және  алтай  тілдерінен 
басқасында  әртүрлі  таңбаланады:  мысалы,  түрікмен  тілінде 
фабрик-фабриги
,  бірақ 
депдер, мекдеп
 және  
мадда, му каддас,
 өзбек тілінде 
боғ (бау)  - боққа, тег (сөре) – 
текка  (сөреге).  
Түркі тілдері дауыссыздарын таптастыруда бір ерекшелік, мысалы, түрік тіліндегі 
дауыссыздардың екіге, ал қазақ тілінде қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінетіндігінде. 
Бұның себебі түрік тіліндегі дауыссыздар ассимиляциясына байланысты сияқты, яғни 
қатаңнан  аяқталған  сөзге  қатаңнан  басталатын  қосымша,  ал  дауысты  мен  үндіден 
аяқталған сөзге тек ұяңнан басталатын қосымша жалғанады: 
duvar-dır, fil-dir, konum-
dur, tüy-dür, torba-da, kömür-de, tohum-dan, cetvel-den.
 Ал қазақ тілінде дауыстыға және 
[л],  [р]  дыбыстарына  аяқталған  сөздерге  үндіден  басталатын  қосымша  жалғанатын 
үшінші ассимиляция түрі бар. Сонда қазақ тілі мен түрік тілінің арасындағы үндестік 
заңы мен ықпал түрінде лабиалдылық пен ұяң, үндіге байланысты ғана айырмашалық 
бар деп ойлаймыз. 
Түрік тілінің жұмсару үрдісі , <ç> фонемаларынан да көрінеді. Қазақ тілінде [қ], 
[п], [к] дыбыстарына ғана аяқталған сөзге жалғанған дауыстыдан басталған қосымша 
осы дыбыстарды ұяңдататыны сияқты, түрік тілінде тағы екі дыбыс та ұяңдайды. Бұл 
тілдің бүкіл айтылымын жұмсартып отырған сыңайлы. Мысалы, p > b, ç > c, t > d, k > 
ğ: 
dolap – dolabı, yargıç – yargıcı, tokat –tokadı, çocuk – çocuğu[8, 6-25].
 Қазақ тілінде: 
доп – добым, көк – көгім, бақ – бағым.
Түрік  жазуы  фонетикалық  принципті  басты  ұстаным  ретінде  алғаны  көптеген 
орфограммаларды  ауызша  айтылуына  сәйкестендірген.  Мысалы,  түрік  тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет