240
үстіне латын графикасын сақтау-оқыту жұмысында көп қиыншылыққа душар етті.
Оқушыларға әрі орыс жазуын, әрі латын жазуын үйретуге тура келді. Бұл – ұлтаралық
тіл болып есептелетін орыс тілін үйренуді қиындатты. Осылар сияқты жағдайлардың
нәтижесінде латын жазуын бұдан әрі қолдану түркі халықтары үшін қолайсыз деп
танылды да, латын жазуы орнына орыс графикасына негізделген жазу қолданылатын
болсын деген ұйғарым қабылданды. Түркі тілдері графикасы дамуының үшінші кезеңі
– орыс әліпбиінің негізіндегі жазудың тарихы қалыптасты.
Үшінші кезең, яғни орыс әліппесіне негізделген жазуға көшу кезеңі 1930 жылдар-
дың екінші жартысынан басталды. Қазақстанда ол 1938 жылдың орта кезінен бастал-
ды. Бірақ бұл жұмыста латын графикасын қабылдағандай бір орталықтан басқару
болмады. Түркі тілдес Республикалардың графикасы ортақ заңдылықтар негізінде
жүйеге келтіретін орталықтар болмады. Осы себептен түркі тілдес халықтардың ортақ
графикалық жүйесі қалыптаспады.
Латын графикасынан кирилицаға көшу жұмысына басшылық ету, кирилица-
да жоқ, бірақ қазақ тілінде бар 9 дауысты/дауыссыз дыбыстарды қандай таңбамен
таңбаланатындығы туралы ойлы пікірлер айтып, жаңа әліппенің жобасын жасаған –
Сәрсен Аманжолов.
Басқа түркі халықтары сияқты қазақтар да орыс графикасына көшуді 1940 жылы
аяқтады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясы 1940 жылдың 10 қараша-
сында «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа
алфавитке көшіру туралы Заң» қабылдады. Бұл жаңа әліппеде 41 әріп бар, оның 32-сі
орыс тіліндегі таңбалар, болса, қазақ тілінің өзіне тән 9 әрпі қосымша таңба ретінде
берілді. Әрбір жаңалықтың бастамасында кездесетін шалыс басып қалушылықтардан,
олқылықтар мен кемшіліктерден бұл кезең де үлессіз қалған жоқ...
Достарыңызбен бөлісу: