Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет121/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   165
«Граммати-
ка языка тюркских рунических памятников VI-IX вв»
 атты еңбегінде көне түркі жазба 
ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасайкеліп, оны түрге жіктейді, шығу 
төркінін, оның тілінің фонетикалық-грамматикалық құрылысының зерттелутарихына 
тоқталады және өз тарапынан ескерткіштердің дыбыстық, грамматикалық сипаттары-
на жан-жақты талдау жасайды.
Ғалымдардың пікірі бойынша, көне түркі жазба ескерткіштері тілінде қазіргі түркі 
тілдеріне тән көптеген ұқсастықтар, бірліктер болуымен катар өзіндік ерекшеліктер де 
мол кездеседі. Ондай ерекшеліктер ескерткіштердің фонетикасы мен морфологиясынан 
да, сөздігінен де табылады.
Дыбысталуы және олардың таңбалануы жағынан алғанда, алдымен айтылатын жайт – 
ескерткіштер алфавитінің фонологиялық принципте жасалмай, морфологиялық негізде 
жасалғандығы.  Соның  нәтижесінде  ол  жеке  фонеманы  білдіру  емес,  фонемалардың 
бір  сөзді  екінші  сөзден  ажыратып  таныту,  яғни  сигнификативтік  жүйесін  білдіруге, 
байқатуға негізделген.
Жазба  ескерткіште  барлығы  38  таңба  бар,  оның  8-і  дауысты.  Дауысты  дыбыстар 
қазіргі  тілдердегі  сияқты  жуан/жіңішке,  еріндік/езулік,  келте/созыңқы,  ашық/қысаң 
дауыстылар болып бөлінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің қазіргіден ерекшелігі – сөзде 
көбінесе таңбаланбайды, оның бар екендігі дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бұл 
– Орхон-Енисей жазуының консонантты жазу болғандығын байқатады.
Дауыссыз  дыбыстарда  түркі  тілдерінің,  солардың  ішінде,  қазақ,  тілінің  де  қазіргі 
дыбыстық  жүйесінде  кездеспейтін  біраз  өзгешеліктер  бар:  қазіргі  түркі  тілдерінің 
көпшілігінде сөздерді бір-бірінен ажыратып танытуда, олардың жуан я жіңішке айтылу-
ында, әр түрлі үндестік құбылыстарда дауысты дыбыстар шешуші болса, Орхон-Енисей 
жазуында керісінше, аталған міндеттерді дауыссыз дыбыстар атқарған. Сондай-ақ, да-
уыссыз дыбыстардың қосарлы болуы, яғни белгілі бір дауыссыз дыбыстың жуаны бір 
түрлі, жіңішкесі екінші түрлі таңбамен таңбалануы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне 
тән емес. Дей тұрсақ та, қазақ тілінің қазіргі дыбыстық жүйесіндегі к мен қ, ғ мен г сол 
қосарлы дауыссыздардан сақталған қалдық болмас па деген ой келеді.
Азды-көпті  өзгешеліктер  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  морфологиялық 
жүйесінде де жоқемес.
Көне  түркі  дәуіріне  қатысты  жазба  нұсқалардың  екінші  түрі  көне  ұйғыр  жазуы 


237
деп аталады. Бұл жазуды ғалымдар екі түрге бөліп қарайды. Оның алғашқысы 
Селенг
 
және 
Суджи
  ескерткіштері  деп  аталатын  көне  үйлер  қабырғасына,  тасқа  жазылған 
эпитафиялық жазбалар, екіншісі – алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған 
Манихей
 
ескерткіші мен 
Будда, Христиан
 діндерін уағыздайтын діни және құқықтық мазмұнды 
жазба  нұсқалар.  Бұлар  кейбір  еңбектерде  табылған  жердің  атымен  Тұрфан  немесе 
Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады.
Көне ұйғыр жазуы да, негізінде, соғды әліппесіне негізделеді. Оның ұйғыр атымен 
аталуының  төмендегідей  себебі  бар:  көне  түркі  жазбасында  айтылатын  Білге  қаған 
өлгеннен кейін, оның мемлекеті ыдырап, біраз уақыт билік ұйғыр тайпасына көшеді. 
Өз дәуірінде ұйғырлар сан жағынан көп, күшті тайпалардың бірі болады да, сол дәуірде 
қолданылған жазу солардың, яғни ұйғырлардың ұлттық атымен аталады. Кейбір тарих-
шылар көне ұйғыр жазуын Шыңғысхан да пайдаланған дейді.
Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған ұйғыр жазуында 23 таңба болған, 
олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Ұйғыр жазуы жоғарыдан төмен қарай жазылады, 
бұлай жазуды моңғолдар 1940 жылдар ішінде де қолданды. Ұйғыр жазуында әріптер 
сөздегі  орнына  қарай  әртүрлі  таңбаланатын  болған.  Мұндағы  дыбыстар  да  қазіргі 
тілдердегі сияқты дауысты, дауыссыз болып бөлінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған.
Ислам  дінінің  енуіне  байланысты  ІХ-Х  ғасырлардан  бастап  түркі  халықтары  ара-
сына  тараған  араб  жазуы  жергілікті  халықтар  тілдерінің  дыбыстық  ерекшеліктеріне 
сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде 
де  қолданылды.  Сол  себептен  консонанттық  принципті  араб  жазуы  түркі  тілдерінің 
дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі 
халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет 
етіп келді.
Түркі  халықтары  графикасының  XX  ғасырдың  бас  кезінен  бері  қарайғы  тарихын              
Т.Р. Қордабаев ІІІ кезеңге бөледі:
1. Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп 
қолдану кезеңі;
2. Араб графикасынан латын графикасына көшу кезеңі;
3.  Латын графикасынан орыс графикасына негізделген жазуға кешу кезеңі.
Араб  жазуының  қазақтың  дыбыстық  жүйесіне  сай  еместігін  Ш.Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин,  Н.И.Ильминский,  П.М.Мелиоранский  сияқты  түркологтар  өткен 
ғасырдың өзінде-ақ байқаған, оны тастап орыс тілі графикасын алуды ұсынған болатын. 
Жазу мәдениетіне байланысты біраз пікір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет