251
өкілдері. Сондықтан да бұл елдердің рухани тұғыры мығым. Әлемдік өркениетте өз
жазуы бар елдер әрқашан биікте тұрғары сөзсіз. Ал өзге елдің жазу үлгісін пайдалана-
тын елдердің сол елдің мәдени әсеріне ұшырайтынын ғалымдар жоққа шығармайды.
Мысалы, қытай жазуының жапон, корей елдеріне біршама таратылуы бұл елдердің
өркениет көкжиегінде
біршама араластыққа ұшырап, теңесуіне алып келгені белгілі.
Біздер, түркілер, соның ішінде қазақ халқы да бірнеше жазу түрлерін бастан
өткерген халықпыз. Сонау көнетүркілік жазудан бастап, манихей, соғды, ұйғыр жазба-
ларын айтпағанның өзінде соңғы 100 жылдың ішінде араб, латын, кирилл жазуларын
ауыстыруды бастан кештік. Жазудың жиі ауысуын кейбір тарихшы ғалымдар еліміздің
тоқсан жолдың торабы болған Ұлы Жібек жолының бойында орналасуымызбен де
байланыстырып жатады. Міне, бүгінде тағы да латын жазуына ауысудың алдында
тұрмыз. Демек, ойласатын мәселелер аз емес. Нені ұтамыз, неден ұтыламыз деген
сұрақтар қайтадан күн тәртібіне оралды.
Латын жазуына көшудің жағымды тұстары ретінде қазақ халқының ұлттық
бірегейлігін нығайта түсетіндігі айтылып жатады. Бұл мәселеге де біржақты қарауға
болмайды. Себебі қазақ халқының ұлттық бірегейлігіне төніп тұрған ешбір қауіп-қа -
тер жоқ сияқты. Мысалы, қытай тілі бірін бірі түсіне бермейтін бірнеше диалекті-
лерден тұратын күрделі тіл екендігі белгілі. Міне, сондықтан да қытай халқы үшін
жазу-ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын ерекше фактор болып отыр. Ал орыс,
армян, еврей, араб халықтары үшін жазу діни, мәдени, ұлттық бірегейліктерінің
көрсеткіші болып саналады. Ал Ататүрік қабылдаған латын жазуы түрік халқы үшін
осман империясының күйреп, жаңа түрік ұлтының бірегейленуінің көрсеткіші ретінде
танылды.
Дегенмен, қазақ жазуының латын жазуына ауыстырылуы да негізсіз болмаса ке-
рек. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтере түседі деп
күтілуде. Сондай-ақ, бұл жазу түріне екінші рет қайталай оралуымыздың да ұтымды
жақтары бар екенін ескеруіміз керек. Себебі 1929 жылы алғаш осы жазу түріне ауысу
кезінде бұл жазу түрінің
ұлттық тіліміздің табиғатына,
даму заңдарына фонетикалық
жүйесі мен грамматикалық құрылысына лайықталу жағы нағыз ұлт жанашырларының
тарапынан жан-жақты талданып беріліп еді. Кейіннен жеделдете кирилл жазуына
көшірілгенде ескерілмей қалған осы бір олқылықтардың орнын толтырудың сәті түсіп
тұрғаны да рас. Себебі көп жағдайда ғалымдарымыз латын жазуына көшудің басты
жетістігі ретінде, кирилл жазуы арқылы келген тіліміздегі орыс тілі заңдылықтары -
нан құтылатындығымызды қуана айтып жүр. Шын мәнініде, біздің жазу ережелері-
мізді орыстандырған кирилл жазуын қабылдаудың салдары емес, керісінше кирилл
жазуын қазақыландыра қабылдай алмауымыздан болып отыр. Ендеше, біз тағы да ла-
тын жазуына көше отырып, ол жазуды қазақыландыра отырып қабылдамасақ, жазуды
ауыстырғаннан ешбір пайда жоқ екенін түсінуіміз керек.
Әрине, бұл жолы латын жазуына бейімделген жаңа әліпби жасау қазақ ғалым-
дарының лингвистикалық біліктіліктілігін байқататын нағыз сынақ болғалы тұр.
Себебі, үлкен «құрбандықтарға» бара отырып таңдалып алынған әліпби қоғам сана-
сында оңай қабылданып, өз нәтижесін толыққанды ақтай алуы тиіс. Сондай-ақ, латын
әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы да арта түседі деген
253
пәндер үшін де кирилл әрпі сақталатыны сөзсіз. Өтпелі кезеңде бұл заңды болып
көрінгенімен, келешек 50-60 жылдан соң, тіпті, бір ғасырдан кейін не боларын да
ойлап қойғанымыз жөн. Демек, заманның ағымының өзі бізді латын жазуына ауыса
отырып кирилл жазуынан да бас тартпауымыздың да қажеттігін көрсетіп отырғандай.
Яғни, келешек ұрпағымыз латын жазуын қолдана отырып, кирилл жазуын да, тіпті
араб жазуын да толық оқи алу қабілетін сақтап қалса, нұр үстіне нұр болар еді дегіміз
келеді. Қалай болғанда да, жазуды ауыстыру – қоғамның барлық саласына, ұрпақтар
жалғастығына әсер ететін үлкен өзгеріс. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ тілін латын
жазуына ауыстырудың қаншалықты маңызды екендігі, оның ұтымды жақтары, қазіргі
ағылшын тілді жастардың бұл жазуды жатырқамайтыны жеткілікті айтылып жатыр
дағы нені жоғалтамыз, жоғалтпас үшін қандай шараларды қолға алуымыз қажет де-
генге көп тоқталмай жатырмыз. Бұл тұста өткенімізді саралап, тарихтан тағлым ала-
тын тұстарымызға әрқашан назар аударғанымыз артықтық етпесе керек.
Әдебиеттер:
1. Щерба Л. М. Языковая система и речевая деятельность. – Л., 1974.
2. Первый всесоюзный тюркологический сьезд. – Баку, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: