256
ман талабына сай қарастыру, түркі халықтарының әдеби жәдігерлерін кешенді түрде
зерттеу қажет. Біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде өмір сүрген түркі тайпаларының
дүниетанымы мен болмысы, нанымы мен діни сенімі, Түркі қағанаты мен Ұйғыр
қағанаты тұсындағы ресми діндер, олар туралы жазылған діни кітаптар мен дүниеге
келген жазба әдебиеттер, Ислам дінін қабылдаған соң жазылған мұралар мен Мәмлүк
қыпшақтары, Алтын Орда тұсындағы жәдігерлеріміз бен кейінгі дәуірлердегі әдеби
шығармаларды да халқымызға насихаттау институттың басты мақсаттарының бірі.
Ислам діні Қазақстанға алғаш Оңтүстік аймақтан бастап тарағандығы белгілі. Араб
мәдениеті мен иран тектес халықтардың әдеби байланысы ерте дәуірден басталған.
Сол кезден бастап қалыптасқан мәдени қабаттарды, ерте дәуірде Орта Азия мен
Орталық Азиядағы қабылданған діни нанымдар мен сенімдердің халық санасындағы
көріністерін зерттеу де аса маңызды болып табылады. Осындай терең де көп сала-
лы тарихымызды зерттеу мақсатында Түркология институтының алға қойып отырған
жұмыс жоспары да сан салалы. Оның ішінде түркі жұртының мәдениеті мен әдебиетін
тұтастай зерттеу негізгі міндеттерге жатады. Келешекте дүйім түркі жұртының
барлығына бірдей ортақ графикаға көшудің түрік мәдениетінің дамуына қосатын
үлесі мол болмақ. Қазіргідей жылдам ақпарат алмасу дәуірінде түркі жұрты жазған
еңбектерін қиналмай оқи алатын деңгейге көтерілсе, түркі интеграциясының қарқын
алуына үлкен серпін берген болар еді.
Әдебиеттер:
1.www.Altyn-orda.kz/kz/kazaksha-abdiuakap-kara-turki-duniesinin-ortak-alipbi-
zhujesi-bola ma?
2. Назарбаев Н. Ортақ тіл – мемлекеттік тіл. El.kz
3. Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі (ортақ тіл, тарих және
әліпби) // ІІІ Халықаралық түркология конгресі. – Түркістан, 2009. – 734 б.
Достарыңызбен бөлісу: