Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет132/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   165
söliyen
  (сөйлеген),  
olmıyan
  (болмаған)  деп  жазылған  көптеген  сөздер 
söyleyen,  olmayan
  деп  түзетіледі. 
Сондай ақ екі түрін де жазуға рұқсат еткен 
tren-tiren, plan-pilan
, ашық-ғашық тәрізді 
т.б. көптеген кірме сөздердің бір нұсқасын қалдырады. Бұл анықтағыш еш өзгеріссіз 
1966,  1967,  1969  жылдары  бірнеше  мәрте  басылып  шығады.  1970  жылы  «Жаңа 
орфографиялық анықтағыш» деген атаумен бес рет жарық көреді. Бұл анықтағыштың 
ерекшелігі  грамматикалық  ережелерді  берген  кезде  «имлаа»  (емле)  сөзінің  орнына 
«
иазым
» (жазу) сөзі қолданылады. Бұл еңбек 1973, 1975 жылдары қайта бастырыла-
ды. Ал 1977 жылы жарық көрген «Орфографиялық анықтағышта»
 келиме, ишарет, 
алфабе
 тәрізді т.б. кірме сөздер алынып тасталып, орнына 
сөзжук, им, абеже
 тәрізді 
түрік сөздері енгізіледі. Бұл анықтағыш 1980, 1981 жылдарда қайтадан жарық көреді. 
Ал  1985  жылы  басылып  шыққан  «Орфографиялық  анықтағышта»  көптеген  сөздер           
1941 жылдағы шарттарға сай жазыла бастайды [2].
2005 жылы жарық көрген «Орфографиялық анықтағышта» 
имлаа
 сөзі түбегейлі 
иа-
зым
 болып ауыстырылады және араб, парсы тілдерінен енген сөздердегі л дыбысынан 
кейін келген а және ұ дауыстыларының үстіне «түзету белгісін» қоймау, 
хане
 сөзінің 
тіркесуі арқылы жасалған сөздерді бірге таңбалау және сөз арасындағы һ әрпін мүлде 
алып  тастау  (
eczahane-eczane
  (дәріхана), 
hastahane-hastane
  (аурухана), 
pastahane-
pastane
 (кулинария), 
postahane-postane 
(пошта) сияқты ережелер қабылданады.
1928  жылдан  бүгінге  дейінгі  кемшіліктердің  алдын  алу  мақсатында  Түркияда               
34 орфографиялық сөздік жарық көрген екен. Алайда бұл орфографиялық сөздіктерде 
күні  бүгінге  дейін  бірізділіктің,  ортақ  грамматикалық  ережелердің  болмауы,  тіпті 
еңбектердің  бірде 
имлаа
,  бірде  иазым,  бірде 
орфография
  болып  әртүрлі  аталып 
жүргені өкініш тудырады дейді түрік ғалымдары. Каракылыч Аккын өзінің 2007 жы-
лы жарық көрген «Түрік тілінің бүгінгі мәселелері» атты еңбегінде түрік тіліндегі ай-
тылуы мен жазылуы әр түрлі болып жүрген сөздерде жіберілген қателіктер туралы: 
«Түрік тілі ешқашан айтылуы бойынша жазылатын тілдер қатарына жатпайды. Мы-
салы, түрікшедегі 
агабей
 сөзінің бүгінгі таңда ауызекі сөйлеудегі сияқты 
аби
 деп жа-
зылуы қате түсінік, бұндай көзге оғаш көрінетін қателіктердің көбеюі көркем тілімізді 
бұзады», - дейді. Бұндай қателіктердің орын алуының басты себебі, біздің ойымызша, 
түрік тілінде «Орфоэпиялық» сөздіктің жоқтығынан. 
Сонымен  қорыта  айтқанда,  түрік  тілінде  ескі  сөздер  ғана  емес  күнделікті  тілдік 
қолданыстағы сөздер мен шеттен енген сөздер де әр жылдары шыққан орфографиялық 
сөздіктерде  әр  түрлі  таңбаланған,  cонымен  қатар  бірге,  бөлек  таңбаланатын 


260
сөздердің де әртүрлі жазылатыны байқалады. Бір қызығы бұл сөздердің екі вариан-
ты да орфографиялық сөздіктерде берілген. Мысалдар «İmlâ Kılavuzu», Ankara. TDK.                       
2005  («Емле  орфографиялық  анықтағышы»  Анкара  ТТҚ.  2005);  «Türkçe  Sözlük».
TDK,  Cilt-  I,  Ankara.  1998  («Түрік  сөздігі»,  ТТҚ,  1-том  Анкара,  1998)  және  1993, 
1996,  2000  және  2005  жылдардағы  Түрік  тілі  Курумынан  шыққан  орфографиялық 
анықтағыштардан алынды:  
Aferin  
 
 
Aferim (жарайсың, бәрекелді)
Aile  
 
 
Ayle (отбасы, жанұя)
Arzetmek    
 
Arz Etmek  (арыз ету)
Bulgur  
 
 
Bligouri (бидай жармасы)
Çünkü  
 
 
Çünki (себебі)
Farketmek   
 
Fark Etmek (байқау, сезу)
Hafriyat    
 
Harfiyat (қазба жұмыстары)
Herbiri  
 
 
Her Biri (әрбірі)
Hiç Bir Şey  
 
Hiçbir Şey (еш нәрсе)
Mantar  
 
 
Manitari (саңырауқұлақ)
Matba 
 
 
Matbaa (баспахана)
Meyva 
 
 
Meyve (жеміс)
Muhtacolmak  
 
Muhtaç Olmak (мұқтаж болу)
Sümbül    
 
Zoumbouli (сүмбілшаш)
Şehidolmak  
 
Şehit Olmak  (шейіт болу)
Енді  қазақ  тіліндегі  бір  емес  бірнеше  нұсқада  таңбаланып,  қиындық  тудырып 
жүрген ескі кітаби сөздерге тоқталайық. Қазақ халқы да, тарихтан белгілі болғандай 
өзге түркі халықтары сияқты VІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін араб жазуын 
пайдаланып келді. Тіліміздегі ескі сөздердің бір емес бірнеше вариантта таңбаланып 
кетуіне мынадай мәселелер түрткі болды деп ойлаймыз:
Біріншіден
, жазба мұраларымыздың басым бөлігі араб жазуымен бізге жеткендік тен, 
оны орыс әрпіне транскрипциялағанда қате аудару, сөздердің дыбыстық тұлғаларын 
бұрмалап беру үрдісі белең алып, көптеген сөздер транскрипциялық және графикалық 
ала-құлалыққа ұшырады.  
Екіншіден
, кірме сөздердің барлығы түпнұсқа тұлғасында, яғни араб, парсы тіліндегі 
таңбалануы  бойынша  жазылғандықтан  оны  кирилл  әрпіне  әркім  әртүрлі  аударып 
жіберген. Осының салдарынан бір шығарманың өзінде бір сөздің бірнеше нұсқалары 
жазылып жүр. Мысалы: 
абжылан, әбжылан, әп жылан (су жыланы), ғариб, ғарип, 
ғарып, ғаріб, ғаріп, ғәріп, кәріб, кәріп (бейшара, сорлы), кәлам, кәләм, кәлем (1. сөз, 
әңгіме. 2. ауысп. құран.), 
т.б. Бұндай ала-құлалықтың орын алуының негізгі себептері 
мыналар: 
Біріншіден
,  лингвотекстологиялық  зерттеулердің  дұрыс  жүргізілмеуі  салдарынан 
дауыстылары таңбаланбаған сөздерді қате аударып жіберу үрдісі қалыптасты; 
Екіншіден
,  Кеңестік  кезеңде  араб  жазулы  мұраларды  кириллицаға  аудару  орыс 
түркологтарына немесе орыстілді түркітанушы ғалымдарға тиесілі болды. Сондықтан 
ескерткіштер мәтінін кириллицаға транскрипциялағанда қазақша таңбаларды (ә, і, ң, ғ, 
ү, ұ, қ, ө) қолданбағандықтан, фонетикалық, орфографиялық бұрмалаулар орын алды. 


261
Үшіншіден
,  араб  графикасында  үш  дауысты  дыбыстың  (а,  у,  и)  ғана    таңбасы 
болғандықтан,  сөздерді  осы  үш  дауыстымен  ғана  оқу  үрдісінің  қалыптасқандығы. 
Алайда бұл дұрыс емес. Себебі қазақ қоғамында қолданылған араб жазуындағы  осы 
үш  дауысты  (а,  у,  и)  қазақтың  тоғыз  дауыстылар  жүйесінің  барлығын  таңбалауға 
жұмсалған.  
Төртіншіден
,  мұраларымыздағы  араб,  парсы  сөздері  өз  тілдерінің  жазылу  заңы 
бойынша таңбаланғандықтан, оларды транскрипциялағанда әркім әртүрлі нұсқада ау-
дарып жіберген.
Қорыта айтқанда, болашақта латын әліпбиіне көшкен жағдайда, жоғарыдағыдай бір 
сөздің бірнеше нұсқада ала-құла таңбалану үрдісінің орын алмауы үшін және кирилл 
жазулы дүниелерімізді латын әрпіне аудару барысында да даулы мәселелер туында-
мауы үшін тілші ғалымдарымыз арнайы емле ережелері мен транскрипция жасаудың 
негізгі қағидаларын қалыптастыру керек. Сондай ақ бірнеше нұсқада таңбаланатын 
сөздердің бір ғана вариантын жазылымда қалыптастыру қажеттілігі де назарда болуы 
шарт. Ал түрік елінің тәжірибесіне сүйенер болсақ, араб жазуынан латынға көшкен 
кезде араб, парсы сөздерін өзгеріссіз таңбалау немесе ауызекі сөйлеу тіліне икемдел-
ген вариантын жазу мәселесі даулы болып, соның салдарынан бірнеше нұсқада жүрген 
сөздермен күні бүгінге дейін күресіп келе жатыр. 
Әдебиеттер:
1.  Fevziye Abdullah  Tansel.  “Arap  Harflerinin  Islahı  ve  Değiştirilmesi  Hakkında  İlk 
Teşebbüsler ve Neticeleri 1862-1884”, Belleten, S. XVII/66, Nisan 1953, s. 223-249 («Араб 
әліпбиін  түзету  немесе  әліпби  алмастырудағы  ең  алғашқы  талпыныстар  мен  оның 
нәтижелері», Belleten, S. XVII/66, Б. 223-249. 1953 жылдары шығып тұрған журнал).
2.  Güler  Metin.  «Türkçe  İmlâ  Öğretiminde Yaşanan  Karmaşada  İmlâ  Kılavuzlarından 
Kaynaklanan  Sorunlar»,  M.E.B.  Öğretmen  Yetiştirme  ve  Eğitimi  Genel  Müdürlüğü 
Bahçeşehir  Üniversitesi,  Türkçe  Öğretimi  Kongresi.  İstanbul,  2008,  18-20  mayis.  (Гю-
лер  Метин.  «Түрікшенің  емлесін  оқытуда  кеткен  қателіктер.  Емле  анықтағышынан 
басталған  мәселелер»,  Оқытушының  біліктілігін  жоғарылату  мүдірлігі  Бахчешехир 
Университеті, Түрікше оқыту конгресі, Стамбул, 2008, 18-20 мамыр).
3. Parlakyıldız Hayrettin. «İmlâ Kılavuzları Üzerine Bir İnceleme (TDK‟nin Yayınları 
1928-1993)», Yüksek Lisans Tezi, Gazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü, Türk Dili ve 
Edebiyatı Ana Bilim Dalı Türkçenin Eğitimi ve Öğretimi Bilim Dalı, Ankara, 1995 (Пар-
лакиылдыз  Хайреттин.  «Емле  сөздігі  жөніндегі  зерттеулер  (Түрік  Тілі  Құрымының 
баспалары  1928-1993)»,  Магистрлік  диссертация,  Гази  университеті  Әлеуметтік 
білімдер  институты,  Түрік  тілі  мен  әдебиеті  бөлімінің  Түрікшенің  білім  беру  және 
оқыту саласы, Анкара,  1995).
4. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. –Алматы:  Ғылым, 1993. 
–232 б. 


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет