Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет135/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165
бет җу, хат җаз , тән җарасы, сал 
җасады
 т.б. Сөз ішіңде де осылай Җ дыбысы айтылады: қалҗа, кенҗе т.б.
1925 жылғы «Тіл – құрал» еңбегінде Ахаң қазақ тілінде 24 дыбыс бар деп көрсеткен. 
Оның ішінде 5 дауысты, 19 дауыссыз бар дейді, оның қатарына У мен Й- ды да қосқан 
[5, 179]. Бұл екеуіне Р, Л дыбыстарын қосып, жарты дауысты дыбыстар деп бөледі. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі Җ, Ж дыбыстары туралы ешқандай пікір [5, 88] 
білдірмеген. Соған қарағанда ол қазақ тіліндегі сөз басындағы кірігіңкі Җ дыбысын 
басқа да қалыпты дыбыстар қатарында санаған тәрізді. Ол Җ дыбысын араб тіліндегі 
осыған сәйкес ج (джим) ДЖ әрпімен таңбалаған және ашық Ж туралы ешқандай түсінік 
беруді қажет деп тапппаған. Ал кейінгі тілтанушылардың қазақ тіліндегі дыбыстарды 
орыс тіліндегі дыбыстарға қалайда жақындастыруға құлшынғаны байқалады. Соның 


269
кесірінен қазіргі кезде қазақ тілінде кірігіңкі Җ дыбысы бар деген пікірді кейінгі жас 
зерттеушілер  қабылдай  алмайтын  жағдай  қалыптасты.  Осылайша  А.Байтұрсынұлы 
қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  әліпбиін  жасап  шықты,  одан  кейінгі  еңбектердегі 
әліпбилер соның негізінде жасалды.   
Биылғы  2017  жылдан  бастап  қазақтың  кирил  әліпбиінен  латын  әліпбиіне  көшуі 
өзекті мәселеге айналғаны мәлім. Бұл мәселенің көтерілгеніне жиырма бес жылдай 
уақыт өткені де белгілі. Осы уақыт арасында ғалымдарымыз бен әуесқой іденушілер 
қазақ латын графикасының сандаған нұсқаларын ұсынды. Дегенмен кеңестік уақытта 
жіберілген кемшіліктерді түзетіп, тіліміздің өзіне тән жүйесін қалпына келтірерліктей 
әлі  де  бір  толық  нұсқа  жасалды  деп  айта  алмаймыз.  Ғалымдарымыз  тіл  теориясы 
жағынан  толық  білім  алып,  сол  жүйеге  сай  әліпби  түзуді  дұрыс  көреді.  Бірақ  олар 
тілдегі тектес дыбыстарды бір таңбамен белгілеуді жөн санайды. Осының салдарынан 
қазақ тіліндегі Қ, Ғ, Җ (ДЖ), Һ (/ОҺ-ҺО/ одағай) [5, 88], Х (АХ-Х /қақыру/ одағай), Ч 
(диалект) дыбыстары есепке алынбай келешекте жоғалуы ықтимал. Қ, Ғ, Җ дыбыс-
тары жұп таңбаларға (Қ-К, Ғ-Г, Җ-Ж) бір таңба (К, Г, Ж) арнау арқылы жоғалса, Һ, 
Х  дыбыстары  аз  қолданылады,  Ч  дыбысы  диалект  (әдеби  емес)  деп  ескермеуден 
жойылмақшы. Көне жазбаларда Җ (ДЖ), Ч дыбыстары қолданылған, Ч дыбысын сол 
көне жазбадағы сөздерді жазуда қолдану үшін де арнайы таңба арнап, сақтап қалуымыз 
керек. Қазақ тіліндегі Җ (ДЖ) мен ашық Ж дыбысы түрік тілінде де тура осы қалыпта 
қолданылады және оларға жеке-жеке C (ДЖ), J (Ж) әріп таңбалары белгіленген. Қазақ 
латын әліпбиінде осылай Җ, Ж дыбыстарына жеке-жеке таңбалар арналғаны дұрыс 
болады.
Түрік этнонимі алғаш рет халық, ел атауы ретінде Күлтегін жазба ескерткішінде 
жазылып қалғаны,  оны  В.Томсен  оқып,  дүние  жүзіне  жария  еткені мәлім. Дәл  осы 
сөздің және Күлтегін есімінің оқылуы В.Томсенге әлі белгісіз басқа әріп таңбаларының 
мағынасын  ашуға  үлкен  көмек  болды.  В.Томсен  өзіне  белгілі,  түркі  тілдеріне  тән 
әріп  таңбаларының  негізгілерін  ашты,  алайда  ол  аша  алмаған  таңбалар  да  болды. 
Солардың  бірі 
ДЖ
  кірігіңкі  (аффрикат)  дыбыстарының  таңбалары  еді.  Бұл  дыбыс-
тар таңбаларының мағыналары біздің зерттеулеріміз арқылы ашылды. Ежелгі түркі 
тілдерінің дыбыстарына әріп-таңбалар белгілеп, жүйесін құрған тілші ғалым бабала-
рымыз бұл ДЖ дыбыстарын екі түрге,   ,   ,   ,    езулік және   еріндік буындық 
таңбаларға бөліп [10], әрқайсысына бөлек әріптік белгілер арнаған.
ДЖ  дыбысы  қазақ  тілінде  қазір  де  айтылып,  өнікті  түрде  қолданылады.  Бірақ 
алғашқы  кеңестік,  қазақ  тілші-ғалымдары  орыстандыру  идеологиясының  әсерінен, 
шырмауынан шыға алмай тіліміздің ерекшелігін білдіретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет