Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет134/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   165
и
 дыбысын қосса, 
в
 дыбысын 
б
- ға өзгерткен. Шындығында 
с
 дауыссызы айтылғанда оның алдынан не 
ы
, не 
і
 да-
уыстылары сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай қосылатыны мәлім. Орыс тілінен енген
 


264
гүбірнетір, үйез (ойаз), болыс, жандарал 
сөздерінің үндестік заңына, тілдің икеміне 
бағынып енгенін баса ескертеді.
Өткен  ғасырдың  29  жылы  орыс  отаршылдары  қазақтың  қолданып  келген  сан 
ғасырлық  рухани  мұрасынан  ажыратып,  араб  әліпбиін  латын  әліпбиіне  ауысты-
рып тынды. 30-жылдардағы жас түлектер осылай көзін латын әліпбиімен ашты. Бұл 
әліппидің не орыс әліпбиіне, не араб әліпбиіне қатысы жоқ, иесі, сұрауы жоқ, ауысты-
рамыз десе, ешкімнің жаны ауырмайтын құныкерсіз әліпби еді. Оның үстіне ұлтшыл 
идеялар үшін жанын қиятын азаматтар түгел 37 жылғы репрессиядан аман қалмады. 
А.Байтұрсынұлының туған жылы бұрын 1973 жылдың 28  қаңтары [5]  деп саналып 
келді. Кейінгі кезде ғалымдардың нақтылауымен оның туған жылы 1972 жылдың 5 
қыркүйегі екені анықталды. Әкесі Байтұрсын мен әкесінің інісі Ақтасты уезд бастығы 
полковник  Яковлев  1885  жылдың  қазан  айында,  өзін  аттан  аударып,  қамшымен 
сабағаны үшін Сібірге каторгіге  айдатып жібереді. Ол алғашқы сауатын ауыл молда-
ларынан ашқан. Одан кейін әкесінің Ақтастан кейінгі інісі Ерғазы Ахаңды Торғайдағы 
екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Көп ұзамай Ерғазы қайтыс болады, бұдан 
ары Ахаңның басына ауыртпашылық бұлтының үйірілген кезең басталады. Яғни, арқа 
сүйер  адамынан  айрылған  Ахаң  жоқшылықтың,  кедейшіліктің  қамытына  жегіледі. 
Орысша  сауатын ашқан Ахаң екі сыныпты мектепті 1890 жылы бітіреді. Ғылымның 
дәмі мен мәнін сезінген Ахмет Байтұрсынұлы білімін жетілдіру жолында жаяу-жал-
пылап  Орынборға  жетеді.  Сөйтіп  ондағы  алғашқы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин 
негізін қалаған «Мұғалімдер мектебіне» түседі. Бұл 1991 жыл болатын, онда төрт жыл 
оқып, 1895 жылы бітіреді.
Әжептәуір  білімін  көтеріп,  мамандық  алған  Ахаң  1910  жылға  дейін  Ақтөбе, 
Қостанай, Қарқаралы аймағындағы орыс-қазақ мектептерінде мұғалімдік, Қарқаралы 
қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Әрине, Ахаң төрт жылдық мек-
теп қабырғасында оқып жүріп, оқу бағдарламасына қоса елде, әлемде болып жатқан 
маңызды  оқиғалардан  хабардар  болғаны  дау  тудырмайды.  Өз  елінің  жай-күйі  мен 
басқа  озық  елдермен  арасындағы  айырмашылықты  бағамдап  таразыға  салғанының 
нәтижесі мұғалімдік қызмет кезеңінде алғаш көрінеді.
«Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы 
Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-
тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті 
басқару,  сот,  халыққа  білім  беру  істеріне  қазақ  елінің  мүддесіне  сәйкес  өзгерістер 
енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және бас-
пахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен 
ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларының қоныс ауда-
руын үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық 
бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің 
бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыста-
рынан  тыс  жерге  жер  аудару  жөнінде  шешім  қабылдады.  Осы  шешімге  сәйкес 
Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін 
сонда тұрды» [6].


265
Орынбордағы осы кезеңінде Ахаң өз білімін өзінше оқып жетілдіруді қолға алды. Ең 
алдымен қазақты өз алдына жеке тәуелсіз ел қылудың шешуші қадамдарын айқындап, 
сол мақсатка жетуге қажетті істерді орындауды бастайды. Ол іс жас өскіндерге білім 
беруге қажетті оқулықтар дайындау және елді ағартуға керекті газет шығару болды. 
Ол туралы өзі жазған «Өмірбаянында» (1929) былай дейді: «...Орынборға келгеннен 
кейін,  ең  алдымен,  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  мен  грамматикалық  құрылысын 
зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жо-
лында  жұмыс  істедім,  үшіншіден,  қазақтың  жазба  тілін  бөтен  тілдерден  келген 
қажетсіз  сөздерден  арылтуға,  синтаксистік  құрылысын  өзге  тілдердің  жат  әсерінен 
тазартуға  әрекеттендім;  төртіншіден,  қазақ  прозасын  жасанды  кітаби  сипаттан 
арылтып,  халықтық  сөйлеу  тәжірибесіне  ыңғайластыру  үшін  ғылыми  терминдерді 
қалыптастырумен айналыстым» [6]. Яғни, Ахаңның Орынборға келуінің бір пайдалы 
тұсы мұнда қазақ әліпбиінің оқулығын дайындауға қажетті кітаптар және пікір алыса-
тын мамандар бар еді.
Ахаң ең алдымен қазақ жазуын қалыптастыруға араб әліпбиін таңдады. Өйткені 
оның  алғашқы  алған  білімі  араб  әліпбиі  бойынша  ауыл  молдаларының  оқыту 
жүйесіндегі қадимше болғаны белгілі. Молдалар онда араб әліпбиін түгел жаттатады 
да, онымен бірге араб тілін қоса оқытады. Қадим оқуының негізгі бағдарламасы діни 
ережелер, яғни, иманшарт, әптиек, мұхтасарды оқыту болады. Онда хадистер, «Қиссас-
ул-Әнбия», «Диуани Хикмет» т.б. діни кітаптар пайдаланылды. Қадимше оқу орын-
дары бастауыш және орта (кейбірі жоғары) білім беретін мектеп, медресеге бөлінеді. 
Ахаңның мұсылманша оқуының қанша дәрежеге жеткені бізге мәлім емес, дегенмен 
шариғат заңдарын біліп шыққаны күмәнсіз. Ахаң бұдан кейін ұлы ағартушы Ыбырай 
Алтынсарин аштырған екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен білім алды. Онда орыс-
ша, татарша оқулықтармен бірге Ы.Алтынсариннің «Начальное руководство к обуче-
нию киргизов русскому языку» [7] деген оқулығын да оқығаны кәміл. 
Ы.Алтынсарин ол оқулықты орыс әліпбиімен қазақ тілінде жазған. Яғни, ол орыс 
әліпбиі  негізіндегі  төртінші  қазақ  әліпбиін  [8]  жасаған.  Бұған  дейінгі  қолданылған 
әліпбилер  мыналар:  1)  Көне  түркі  күлбізік  әліпбиі  (Ежелгі  заманнан-ХІІІ  ғ.  дейін); 
2) Түркі-соғды жазуындағы әліпби (VІ ғ.-ХVІІІ ғ. дейін); 3) Түркі-араб жазуындағы 
әліпби (VІІІ ғ.-1912 ж. дейін). Онда ол орыс тілінің терминдерін сол күйі орысша алады 
да, қазақша мағынасын сөз тіркестерімен түсіндіреді. Мысалы, «Нәрселердің аттары» 
[Зат есім] [7, 249] (имя существительное); «Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары» [Сын 
есім] [7, 244] (имя прилагательное); «Есеп аттары» [Сан есім] (имя числительное) [7, 
249]; Местоимение деген сөздің бөлімі [Есімдік]; Ақыры өзгермейтін сөздер [Үстеу, 
жалғаулық] (наречие и союз) [7, 255]; Предлог деген сөздің бөлімі [7, 257]; Глагол де-
ген сөздің бөлімі [Етістік] [7, 259]. Ағартушы-ғалым мұндағы местоимение, предлог 
және глагол деген терминдерді аудармай өз қалпында берген. Бұлардың ішіндегі пред-
логты аудармаса да болады, өйткені ондай тілдік құбылыс түркі тілдеріне тән емес. Ал 
местоимение мен глаголды аудармауының себебі имя – есім сияқты ашық таңбалық 
қасиеті болмағандықтан, күрделілігінен болған болуы керек. 
Ал қазақ әліпбиі тарихындағы бесінші әліпбиді жасаған қазақ тіл білімі бойынша 
тұңғыш тілтанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол кісі жаңадан бір таңбалар 


266
тудырып  әліпби  жасаған  жоқ,  бұрын  мың  жылдан  аса  қолданылған  түркі-араб 
әліпбиінің негізіндегі, қазақ тіл дыбыстарына сәйкестендірілген, оңайлатылған «төте 
әліпби» жасады. Бұл кез келген ғалымның қолынан келе бермейді, оған үлкен дарын, 
талант керек болатын, ол Ахаңның бойынан табылды. Бұл үшін тілді жай ғана білу 
емес, өте терең білу, оның ішкі құбылыс-заңдылықтарын зерек сезіну қажет. Ахаң осы 
қасиеттерінің арқасында қазақ тілінің тек қана фонетикасын ғана емес түгел тілдік 
заңдылықтарын екшеп, қалыптастырып, толық жүйесін түзіп шықты.
Араб тілінен хабары бар Ахаң дыбыстардың жуан-жіңішкеге бөлінуі жағынан қазақ 
тілі мен араб тілінің ұқсас екенін жақсы түсінді. Оның әліпби түзудегі ең алғашқы 
мақсаты қадимше әліпбидегі тембрлік типтес дыбыс-таңбалар нұсқаларын және жа-
салуы жағынан ұқсас дыбыс-таңбаларды қысқарту деп білді. Мысалы, араб тіліндегі 
ұқсас екі Х дыбыс-таңбасын алып тастаса әліпби екі таңбаға қысқарады, Ахаң әліпби 
жасаудың  ең  басты  қағидасы  ретінде  тілдегі  дыбыстар  жиынтығын  неғұрлым  аз 
таңбалармен белгілеу деп білді. 
Ауыл  молдасынан  алған  қадимше  оқуда  араб  әліпбиі  түгел  оқытылады.  Осыны 
негізге алған Ахаң қазақ тілінің дыбыстарын жүйелеп алады да, араб әліпбиіндегі артық 
дыбыс-таңбаларды  қысқартады.  Бұл  туралы  пікірлерін  алдымен  «Айқап»  журналын-
да,  кейін  «Қазақ»  газетінде  жариялай  бастайды.  «Айқап»  журналының  1912  жылғы 
9-10  нөмірлерінде  «Шаһзаман  мырзаға»  [5,  16]  деген  көлемді  мақаласында  араб 
әліпбиіндегі  жуан  дауыссыздардың  таңбаларын  алудың  қажетсіздігін  және  жіңішке 
дауыссыздарды таңбалау үшін дәйекше қою керектігі туралы мәселелерді көтереді.
Туған халқының дүниетанымдық санасын көтеруді мақсат тұтқан Ахаң М.Дулатов, 
Ә.Бөкейхановтармен  бірлесіп,  жалпықазақтық  газет  шығаруды  бастайды  және  атын 
«Қазақ» деп атауды ұйғарады. Осы газеттің редакторы ретінде газет бетінде көтерілетін 
ең негізгі мәселелердің бірі осы әліпби түзу болады: «Оның 1913 жылғы 34 нөмірінде 
және ары қарайғы нөмірлерінде «Жазу мәселесі» атты мақала жариялап, онда кейбір 
дауысты дыбыстарды (Ы, Й, Ұ, У, О) таңбалау бойынша өз ойларын ұсынады. Одан ары 
қажетті мәселелер деп мына ұсыныстарды айрықша көрсетеді: 1) араб әліпбиіндегі жуан 
дауыссыздардың таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі а, ы, е, й, о, ұ, у дыбыстарының 
әр қайсысына таңба белгілеу; 3) к, г, дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен кел-
ген сөздердің жіңішкелігін (яғни, қазіргі ә, е, і, ө, ү дыбыстарымен айтылатындығын) 
білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою» [5, 16-17].
А.Байтұрсынұлы  қазақ  қоғамындағы  ескі  қадимше  білім  алу  жүйесінен  басқа, 
жалпы білім берудің дүниежүзілік жаңа жүйесіне өтуді, соған сәйкес оқулықтар жа-
зуды ойластырды. Бұл тұрғыда ол ең алдымен қазақ тілінің дыбыстарын топтастыру, 
жүйелеу, оларға әріп таңбаларын бекіту мәселелерін қолға алды. Осының негізіндегі 
әліпби  (ол  «Жаңа  емле»  деп  аталды)  1912  жылдан  бастап  қолданыла  бастады.  Бұл 
реформаторлық бастаманы жалпы қазақ жұртшылығы және жаңа қалыптасқан зиялы 
қауымы  бірден  қолдады.  Бұл  ұсыныс  барлық  мектеп  пен  медреселерде,  баспасөзде 
қолданыла бастады. Бір ғана 1915 жылы осы емле-жазумен 15- ке таяу кітап басы-
лып шыққан. Ахаң әліпбидің кемістігін ары қарай да толықтыру жұмысын үздіксіз 
жалғастырды.  Кеңес  өкіметі  орныққан  соң  большевиктік  үкімет  отар  халықтарды 
қалай тез орыстандыру саясатын жүйелей бастайды. Олар халықты жалпы сауаттан-


267
дыру, оған жүйелі ғылыми білім беру ісін жүргізумен бірге орыстық дәстүр-салтқа, 
менталитетке  үйлестіру  саясатын  қоса  іске  асыруды  көздейді.  Осы  тұрғыдан  олар 
орыс  емес,  әсіресе,  азиялық  халықтардың  әліпбиін  өзгертуді,  санасын  аласапыран 
қылып, бұзып-былғауды жүзеге асыруды қолға алады. Оның бірінші бастамасы араб 
әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру болады. 1924 жылғы маусымның 12-сінде Орын-
борда Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі өткен. Онда қаралатын күн тәртібіндегі 
мәселелер  мына  тақырыптар  бойынша  өтуге  тиіс  болған:  1)  жазу  ережелері  (яғни, 
орфография мәселелері); 2) әліпби (яғни, алфавит мәселесі); 3) қазақша пән сөздері 
(яғни,  терминология);  4)  ауыз  әдебиетін  жию  шаралары;  5)  оқу,  ғылым  кітаптарын 
көбейту шаралары; 6) бастауыш мектептердің программасы» [5, 17]. Сол айдағы съезд 
мәжілісінде (15 маусым) Ахаң араб әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыруға қарсылығын 
білдіріп, «Әліпби тақырыпты» атты баяндама жасайды. Ол баяндамасында тек қазақ 
қана емес, жалпы түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны 
тастаудың қажетсіздігін, көшсе де «аузына қарап отырған орыс емес, «айдаладағы» 
латынға көшудің қажетсіздігін» дәлелдеп бағады.
А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» - усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша 
әліппесінде (Орынбор, 1912) [5, 42] 17 дауыссыз: б, п, т, җ (дж), ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, 
м, н, екі жартылай дауысты-дауыссыз: у, й және 5 дауысты: а, о, ұ, ы, е дыбыстарының 
әріптері көрсетілген. Бұл әліпбиде Ахаң Ұ мен У дыбысына бір таңба бекіткен. Сөздің 
басындағы дауыстының алдына алиф таңбасын қоюды міндеттеген. Және Е дыбысы-
на Һ дыбысының жекелік және соңғы таңбаларын, сөз басында, сөз ортасында Й әрпі 
қолданылуы қарастырылған. Е- ге белгіленген әріптің астындағы екі ноқаты тігінен 
қойылған.
Ахаң дәйекше деп атаған сүйеу таяқ (алиф), жіңішкелік белгісі (хамза) деген белгі-
әріптерді дыбыссыз таңбалар деп атаған. Дыбыстардың ішіндегі Ғ, Қ – ылғи жуан, К, Г, 
Е – ылғи жіңішке айтылады деп ескертеді. Үндестік заңы бойынша Х.Досмұхамедұлы 
еңбек  жазды.  Ахаң  да  қазақ  тіліндегі  дыбыстар  жуан-жіңішке  болып  жұп  қатар 
түзетіндігін дәл аңғарып, оны белгілеуге, яғни, әріп-таңбамен дәйектеуде жуан мен 
жіңішке  дыбыстарға  жеке-жеке  таңба  арнамауды  басты  қағида  етіп  ұстанды.  Төрт 
жуан  дауыстыға  төрт  әріп  алу,  оның  жіңішке  жұбына  жіңішкелік  дәйекше  қоюды 
ұсынды.  Көне  түркі  күлбізік  әліпбиінде  жуан  дауыссыздарға  бөлек  таңба,  жіңішке 
дауыссыздарға тағы да басқа таңбалар белгіленген. Ал дауыстыларға келгенде О, Ұ, 
У- ға бір таңба, жіңішке Ө, Ү- ге бір таңба еншіленген. Орқұн ескерткіштерінде А, Ә, 
Е- ге бір таңба белгіленсе, енесей ескерткіштерінде Е- ге жеке таңба арналған, бірақ А 
таңбасымен де Е- ні білдіру қағидаға саналған.
Алғашқы әліппелерінде Ахаң алиф таңбасын У мен Й (Е) таңбаларының алдына 
қойып жазуды ереже ретінде қабылдаған. Кейінгі нұсқаларында оны алып тастап, алиф 
таңбасын тек А мен Е дыбыстарын белгілеуге пайдаланған. Алғашқы нұсқаларында Е 
дыбысын екі таңбамен   (һ және    й) белгілеген. Мысалы, اﯦﮙﮫ еге, ﺮ اﯦﮙﮫ егер т.б. Бұнда 
Ы дыбысын астында нүктесі жоқ  ﯼ Й таңбасымен белгілеген. Бірақ сөз басындағы Ы 
дыбысын ا А таңбасымен білдірген.: اﻘﺘﻦ  (ықтын), اﻖ (ық), اﺴﺘﯼ  (ысты), اﺲ (ыс). Тұйық 
буындағы Ы дыбысын кейде белгілеген - (ықтын), көбіне белгілемей жазған: (нқтқ), 
(нқ), (қн), (жрқ), (жр) [5, 37]. Бұл көне қадимше жазудың үлгісі, яғни, Ахаң әліппе 


268
түзуде алғашында қадимше жазу үлгісін де пайдаланған дейміз. Кейінгі жаңартқан, 
түзеген  1928  жылғы  әліпбиінде  («Жаңа  құрал»)  тұйық  буындағы  Ы  дыбыстарын 
қалдырмай белгілеген.: (мық), (қамыс), (қыстау) [5, 64]. Осы еңбекте П жазылуға тиіс 
сөздерде Б жазылған: (қақбан), (қақбақ), (қаб) [5, 61], бұл сол кездегі Торғай өңіріндегі 
диалектілік  ерекшелік  немесе  ХІХ  ғасырдағы  кітәби  жазу  дәстүрінің  қалдығы  бо-
луы ықтимал. Өйткені қап сөзін қаб деп айту диалектісі жалпы қазақ даласында бол-
ды дегенді қабылдау қиын. Осы еңбекте П дыбысы жазылған сөздер  бар, мысалы,    
(байпақ), (шапан), (апа), (жапырақ), (жапалақ), (қалпақ) [5, 69].
Ахаң қазақ тілінде өзі жартылай дауысты деген Й мен У- ды қосқанда 19 дауыс-
сыз және 5 дауысты бар деп таңбаларын келтірген. Бұл тұста мынаны ескеру керек, 
алғашқы  әліппесінде Ахаң Й мен У- ды дауыссыздардың қатарына қоспаған,  себебі 
оларды  бөлек  категория  деп,  жартылай  дауысты,  жартылай  дауыссыз  деп  санаған. 
Бұл тұрғыда Ахаң бұл екі дыбыстың таза үнділігін негізге алғаны аңғарылады. Ал 
шындығында бұл дыбыстар араб әліпбиінде де дауыссыз дыбыстардың қатарына жа-
тады. Сондықтан Ахаң бұлардың дауыссыздар тобына жататындығын жақсы айырған 
деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда Ахаң қазақ тілінде жуан 4 дауысты, 19 дауыссыз 
бар деп санаған, сонымен бірге бұлардың екінші жұбы жіңішке 5 дауысты, 19 дау-
ыссыз дыбыс, барлығы – 21 жуан, 22 жіңішке – 43 дыбыс бар [5, 324] деп санаған. 
Ал бұларға Һ, Х, Ч дыбыстарын қосқанда барлығы – 46 дыбыс болатындығын жақсы 
түсінген. Өйткені өзі санаулы болса да одағай сөздерде Һ дыбысы, кейбір жерлерде 
Ч дыбысы қолданылады деп ескертеді. Ал Х дыбысы да одағай сөздерде, араб-парсы 
сөздерімен  енген  сөздерде  ежелгі  заманнан  қолданылатындығын  аңғартады  [5,  88], 
бұларды қосудың қажеттігі туралы емеурін білдіреді.
Қазіргі кезде қазақ тіліндегі аффрикат Җ (ДЖ) дыбысы түйткілді мәселе болғаны 
мәлім. Ахаңнан кейінгі тіл зерттеушілері қазақ тілінде жалпы халықтық қолданыстағы 
аффрикат  Җ  жоқ  деп  пайымдағаны  белгілі.  Соның  кесірінен  қазіргі  кезде  қазақ 
жастарының арасында ашық Ж- мен (орысша Ж) сөйлеушілер көбейді. Қазақ тілінде 
сөз басында жалпы халық қолданатын кірігіңкі (аффрикат) Җ дыбысы бар екені ақиқат 
[9]. Екі дауыстының арасындағы Җ дыбысы ашық Ж- ға айналады, дауысты мен Й, У 
дауыссыздарының арасында немесе Й мен У арасындағы Җ да Ж- ға айналады. Сөз 
соңындағы Җ ашық Ж- мен айтылады және одан кейін де жалғау-жұрнақтар жалғанса 
да, ашық Ж қолданылады. Сөз арасында алдыңғы сөздің соңындағы Т, Д, Н, Л дыбыс-
тарынан соң кірігіңкі Җ қолданылады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет