263
көздеген. Нәтижесінде жуан-жіңішкеге бөлінсе 34 дыбыс болатын дауыссыздардың
санын 19-ға түсірсе, дауыстыларының саны 9 болатын барлығы 26 әріптен тұратын
қазақ әліпбиін [2] жасады. Одан бұрынғы араб жазуындағы қазақ әліпбиі көне түркі
күлбізік әліпбиінің дәстүрлі жалғасы болды. Онда араб жазуындағы жуан дауыссыздар
таңбалары дербес қолданылды, сондай-ақ дауыстылардың жуан-жіңішкесіне де тек бір
таңба жазылуы жалғасты. Ол жазу [3] VIIІ ғасырдан 1912 жылғы А.Байтұрсынұлының
«төте жазуына» дейін қолданылды.
А.Байтұрсынұлының реформаторлық жаңалығы «советтік-орыстық» орыстандыру-
дінсіздендіру саясатына сай келмеді. Сондықтан да 1929 жылы қазақтың төл әліпбиін
латын әліпбиіне ауыстыру науқаны іске асырылды. Бұл 1940 жылғы орыс әліпбиіне
ауыстырудың алғы шарты, дайындығы есебінде жүргізілді. Бұл жерде орыс идеолог-
тары екі мүддені жүзеге асырды. Біріншісі, орыс әліппиіне қарай сатылап ауыстыруға
дайындық болса, екіншісі – елдің санасын мыңдаған жылдық жүлге-жүйесі, арқауынан
айырып бұзып, бұлғап-былғауды жүзеге асыру болды. А.Байтұрсынұлы бастаған ел,
тіл жанашырлары әліпби ауыстыруға, «бұратана», жат шет тілдер сөздерін өзгертпей
қолдануға барынша қарсы болды. Екінші топ ол өзгерістердің тілге, елге зиянды әсері
барлығын түсіне тұра, заман ағымына, отаршылардың қысымына қарсы тұрарлық күш-
қуаттың жоқтығын сезіп, мойындағандықтан, амалсыздықтан сол өзгерісті қолдауға
мәжбүр болды. Өзгеріске қарсы тұрушылардың қатарында тіл білгірі Х. Досмұхамедұлы
[4] да болып, «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген зерттеу еңбек жазды. Ол
жат сөзді өзгертпей қолданудың зияндылығы турасында, денеге қажетті тағамның сіңуі
үшін ауызда, қарында уатылып, қорытылып өзгеріске түсетіні, сол сияқты жат сөздің де
жалпы тілдік заңдылыққа сәйкес бейімделуі керек екені туралы былай дейді: «Бір тілге
кірген жат сөз бейне адамның қарнына түскен тағам... Ауыздан кірген тамақ сіңу үшін,
денеге «өзімдік» болу үшін дене заңымен өзгеруі керек. Дене заңымен өзгермеген тамақ,
дене заңына көнбеген тамақ денеге сіңбейді, «бұратана», «қара қарын» болып, денеге
зиян береді. Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің
заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып,
тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді» [4, 92].
Х.Досмұхамедұлы қырғыз-қазақ тілдерінің өзіне тән сингармонизм заңын терең
түсініп, жат тілден енген сөздерді сол заңға бағындырып, өзгертіп қабылдау керек деді.
Ол жат сөздердің екі тараптан: біріншісі араб-парсы тілінен, екіншісі ауропа тілдерінен
еніп жатқанын дұрыс көрсетті. Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді бұқара халық тілдің
үндестік заңына қарай төл тілге икемдеп қабылдағанын атап ескертіп, көптеген мысал-
дар келтіреді. Ауропа тілдерінің роман, гермен, ислабиан тәрізді топтарға бөлінетінін,
түркі тілдерінің орал-алтай деп аталатын ұлы топқа кіретінін айтады. Бұдан ғалымның
тіл ғылымына терең бойлап барғанын аңғаруға болады. Ғалым орыс тіліндегі алдында
екі дауыссыз қатар келетін славян сөзін ислабиан деп өзгерткен. Мұнда қазақ тілінің
екі заңдылығы ескерілген. Біріншісі, қазақ тілінде сөз басында екі дауыссыздың қатар
қолданылмайтындығы және екіншісі, орыс тіліне тән в дыбысының қазақ тілінде
жоқтығы. Сондықтан да қатар екі дауыссыздың алдына
Достарыңызбен бөлісу: