Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет141/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165
пи
сать
бу
ква
w
rite
scri
bo
би
чих  
бі
тіг кат
аб
а
михт
ав
тэга
ми
,
мо
дзи
 
Бұл сөздердің барлығында да УП тілдік негізінің дыбыстық нұсқалары (вариантта-
ры) бар. Мысалы, мына сөздер – орыс тіліндегі
 
пи
сать
 (
пи
сьмо) < 
пи
 «жазу, әріп» + 
ис
 
«сөз...», ағылшын тіліндегі 
write
 (w/ow `жазу` + ур+ет), неміс тіліндегі 
schr
ei
ben
 < sch 
«УС-сөз» + r/ур + ei < аб «жазу, әріп» т.б. түрінде таратыла алады. Қазақ тіліндегі жазу 
сөзінің құрамындағы «ж» дыбысының П-негізді «ж» екенін ескерсек, жаз (у) сөзінің 
дыбыстық  нұсқасы  (жаз/баз/пас)  орыс  тілінің 
писать
  сөзіндегі  «пис»  элементімен 
бірдей екенін көреміз. Мұндағы «пи» элементі 
жазу
 ұғымын, «ис» элементі 
сөз
 (....) 
ұғымын  білдіретіні  тілдік  негіздер  теориясы  тұрғысынан  дәлелденеді.  Қазақ  тіліне 
араб тілінен енген деп жүрген 
әріп
 сөзінің құрамында да, 
бітіг/кітап
 сөздерінде де, 
орыстың 
буква
 сөзінде де осы УП тілдік негізі, соның әр түрлі дыбыстық нұсқалары 
тұр. Мысалы, 
әріп
 сөзінің жасалу жолын біз ур+оп/уп «таңба/бейне» < 
таңбаны салу 
түрінде түсіндіреміз. Яки, ең ежелгі 
әріп
 дегеніміз, генетикалық тұрғыдан келгенде 
– 
бейне
, «шар-қоршау» (сфера) түріндегі Ғалам бейнесі. Осы танымдық түсінік тіл-
тілдегі  
бейне
 (қаз.), 
образ
 (ор.), 
form
 (енгл.), 
Bild
 (нем.), 
image
 (фр.) т.б. сөздерден де 
айқын көрінеді.
Көне түркі әліпбиіндегі П-негізді 
Б
 және 
М
 дыбыстарын бейнелейтін таңбалардың 
да «қоршау» (шар-қоршау) таңбасы арқылы келетіні туралы мұнан бұрын да айтқан бо-
латынбыз [2, 157]. Мұны да еске сала кетуді жөн көріп отырмыз. «Мысалы, П-негізді 


280
дыбыстардың  ішіндегі  мына  дыбыстардың  бейнеленуіне  назар  аударайық:  Б  [ ,
  ], М [    ]. Келтірілген әріп кескіндемелерінен көрінетін б және м дыбыстарының 
бейнелерінде  «шар-қоршау»  элементінің  әрқилы  көріністері  бар  екендігін  аңғаруға 
болады. Ал П дыбысының өзі 
өзек
 бейнесі арқылы көрінеді: П [ ]. Себебі – «өзек» 
бейнесі «шар-қоршау», яки ҒАЛАМ ұғымын бере алатын таңба-нышанның бірі болып 
табылады [2, 157].
Біз әліпбидегі әріптердің жазба түрдегі графикалық бейнеленуі сол әріптердің тілдік 
негіздер құрамында тұрып білдіретін ұғымдық ерекшеліктерімен байланысты екенін 
айтып отырмыз. Айталық,
 б, қ, т, с, л
 т.б. әріптер неге осы формада жазылып тұр? 
– деген мәселе олардың тілдік негіздер құрамында тұрып білдіретін ғаламтанымдық 
ұғымдарымен байланысты. Яки жоғарыда келтірілген П-негізді дыбыстардың [Б, М] 
«шар-қоршау» таңба-бейнесінің элементтері арқылы жасалуы – УП тілдік негізінің 
«Ғалам» ұғымын білдіруімен байланысты. Біз бұл жерде тек бір ғана әріп таңбасы 
туралы  айтып  отырмыз,  мұны  өзге  де  негізгі  тіл  дыбыстарының  әріптік  таңбалары 
туралы да айтуға болады.  
Бірақ қазіргі жазу теориясы туралы еңбектерде мәселе мүлде басқаша қарастырылып 
келеді.  Бұларда  жазу  (әріптер)  пайда  болуы  тілмен  байланыссыз  бөлекше  құбылыс 
ретінде түсіндіріледі. Осы турасында Т.А.Амирова: «... письменный язык есть исто-
рически  новая,  генетически  дополненная,  функционально  достаточно  автономная, 
вполне целонаправленная и в этом смысле относительно само владеющая знаковая 
система»  [4,  98],  -  деген  қорытынды  жасайды.  Мұнан,  әрине,  жазба  тілдің  сөйлеу 
тілінен мүлде ажыратыла қарастырылғанын көреміз. Жазу тілі төңірегіндегі ғылыми 
пікірлерді біраз қаузай келіп, Қ.Күдеринова мынадай сұрақтарға тіреледі: «Ғалымдар 
жазудың ауызша тілдің (АТ) көшірмесі емес, сондай-ақ тіл өмір сүруінің бір формасы 
да емес, өз алдына дербес тілдік жүйе екендігін айқындап, ғылыми айналымда жазба 
тіл  (ЖТ)  ұғым-терминін  қалыптастырды.  Алайда  жазуды  тілдік  жүйе  де  тапқаннан 
кейін,  оның  маңайында  туындайтын  мына  сұрақтарға  жауап  іздеу  керек  болатын: 
ойлау мен жазудың байланысы; 
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері; жазба тілдегі 
фонетикалық,  морфологиялық,  лексикалық,  синтаксистік  тіл  деңгейлерінің  ауыз-
ша  тілден  өзгешеліктері;  жазу  болашағы  үшін  жазу  тұрақтылығының  мәні
  т.б.». 
Өкінішке қарай, аталған авторлардың еңбегінен бұл сұрақтарға жауап таба алмадық, 
–  дейді  [5,45  ].  Шынында  да,  тіл,  жазу  және  ойлау  мәселелерінің  арақатынасы  тек 
тілді генетикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана айқындала түседі деп білеміз. Тілдің 
таңбалық  сипатын  айқын  тану  арқылы  ғана  жазудың  таңбалық  сипатын  түсіну 
мүмкіндігі туады.
Әңгіме латын әліпбиіне көшу турасында болғанда бір ескеретін жай – тіліміздің 
фонетикалық ерекшеліктерін нақты айқындап алу мәселесі. Қазақ тіліндегі сөздердің 
соңғы  буындары  буын  үндестігіне  бағынбайтындығы  туралы  қалыптақан  көзқарас 
жүрөк, күрөк, көрүк, өрүк
 тәрізді сөздердің соңғы буындарындағы еріндіктерді қысаң 
дыбыстармен  алмастырып  жазуға  әкелді.  Бірақ  ол  дыбыстардың  үндестік  заңына 
бағына  айтылатыны  айқын  болғандықтан,  кезінде  жіберілген  осы  кемшілікті  жаңа 
әліпби мен оның ережелерін жасау кезінде жөндеуді де есте ұстаған жөн дер едік.


281
Төменде генетикалық тұрғыдан адамзат тіліне ортақ тілдік негіздер деп есептелетін 
жеті түрлі тілдік негіздің таңба-нышандық бейнелерін беріп отырмыз (1-қосымша). 
Тілдегі аталған негізгі жеті түрлі тілдік негіз элементтің құрамындағы дыбыстардың 
тіл-тілде  әріптер  түрінде  бейнеленуі  осы  тілдік  таңбалардың  жаратылыстық  таби-
ғатымен  байланысты.  Беріліп  отырған  сызбадағы  жұп  дыбыстық  тілдік  негіздердің 
әрқайсысының бірінші сыңарындағы «У» дыбысы дауысты сыңар болып табылады 
да, тілдік негіздің фонетикалық нұсқаларында барлық басқа дауысты дыбыстардың 
әрқайсымен де ауыса алады. Ал жұп дыбыстық тілдік негіздің екінші сыңарындағы 
дауыссыз элемент өзінің генетикалық туыс дыбыстарымен ауыса алады. Генетикалық 
тұрғыдан дара дыбыстар болып табылатын Л, Р, Н дыбыстарында туыстас өзге дыбыс-
тар жоқ, яки бұл үш дыбыс – жаратылысынан жеке дыбыстар. Сызбада көрсетілген 
таңбалық бейнелер тілдік негіздердің негізгі таңба-бенелері, олар тілде алуан түрлі 
формалық және нышандық сипатта өзгеріп көріне алады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет