Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛІПБИ НЕГІЗІ – ТІЛДІК ТАҢБА НЫШАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ



Pdf көрінісі
бет139/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   165
ӘЛІПБИ НЕГІЗІ – ТІЛДІК ТАҢБА НЫШАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ
Ш. Бекмағамбетов
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, ф.ғ.к. 
Адамзат  тілінің  бастау  негіздері  бір  екендігі,  олардың  жалпы  адамзатқа  ортақ 
таңба-нышандық жүйеге негізделгендігі туралы көзқарасымыз «Тіл генетикасы: тілдік 
таңба-нышандық жүйе» атты монографиямызда баяндалған [1]. Сондай-ақ, адамзат 
жазуының арғы бастаулары да осы тілдік таңба-нышандық жүйеге негізделгені туралы 
кезінде арнайы мақала жариялаған болатынбыз [2]. Бүгінгі қазақ әліпбиінің мәселесіне 
байланысты да осы және басқа да жайларға тоқтала отырып пікір білдірмекпіз. 
Қазіргі ғылымда 
жазу
 мен 
сөздің

сөз
 бен аталатын 
заттың
 арасында өзара табиғи-
жаратылыстық байланыс жоқ деген теріс ұғым әбден орныққан. Мұның өзі қазіргі тіл 
ғылымы  дамуы  мен  оны  оқытудың  негізгі  бағыттарын  жалған  жолға  салып  келеді. 
Өйткені әлгі айтылып отырған көзқарастың астарында сонау Соссюр заманынан келе 
жатқан «Тілдік таңба – сөз, сөз – шартты түрдегі кездейсоқ алынған таңба. Сөздің дено-
татпен еш байланысы жоқ, яки тіл дегеніміз – еліктеу арқылы пайда болған кездейсоқ 
құбылыс...» деген тәрізді қитұрқы түсініктер жатыр. Бірақ кешегі кеңес заманынан, 
тіпті онан да әріден – марксистік ілімнің теоретиктерінен келе жатқан  көзқарас бой-
ынша,  «тіл мен ойлау өзара тығыз байланысты...» делінеді. Біріне бірі қарама-қайшы 
екі көзқарасты көзжұмбай түрде қатар ала отырып, кеңестік тіл білімінде марксистік 
идеология  мәселенің  байыбына  тереңдей  баруға  мүмкіндік  бермеді.  Сонан  да  ол 
кездегі ғылыми ой тіл табиғатын тереңдей тануға бара алмады. 
Қазіргі егемендік заманында да жалпы тіл ғылымы саласы сол кеңестік құрсаудың 
әбден санаға сіңіп қалған рухани қысымынан шыға алмай келе жатыр десек, бұл бекер 
сөз емес. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аталатын бағдарламалық 
мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік 
қабылетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» [3]- деген болатын. Мұның 
өзі қазіргі ғылымға, оның ішінде тіл ғылымына да тікелей қатысты екені анық. Осы 
тұрғыдан келгенде, жалпы тіл білімі (общее языкознание) саласындағы қалыптасып 


277
қалған, бірақ ақиқатқа сыймайтын қасаң қағидалардан құтылатын, жаңаша теориялық 
көзқарастарды нысана ететін уақыт келді деп ойлаймыз және бұл бағыттағы жетістіктер 
тек «ұлы» тілдердің ғана еншісіне тиесілі емес. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы, 
тілдің саналылық негіздері т.б. тілдің философиялық мәселелері жекелеген тілдердің 
деректері негізінде де, соның ішінде генетикалық тұрғыдан ең таза тіл деп есептелетін 
қазақ тілі деректері арқылы да көріне алатыны ақиқат. Бұл мәселелер жоғарыда аталған 
монографиялық еңбекте біршама айтылған.
Ал жазудың, әріп таңбаларының жаратылыс табиғатына келсек, біз үшін ақиқаты 
сол – жалпы, жазу таңбаларының жаратылыс табиғатын тану тіл табиғатын генети-
калық  тұрғыдан  танумен  өзара  байланысты  болып  келеді  де,  бұл  мәселені  ғылыми 
тұрғыдан түсіну жазуды практикалық қолдану мәселесінде де бірқатар айқындықтар 
енгізеді.  Жазу  таңбаларының  жалпы  жаратылыс  табиғатын  тану  дегенде,  біз  тіл-
тілдегі әріп таңбаларының жасалу (жазылу, графикалық бейнелену) ерекшеліктерінде 
қандай заңдылықтар бар, олар кездейсоқ алына салған таңба-бейнелер ме, әлде белгілі 
бір  заңдылықтар,  танымдық  түсініктер  негізінде  жасала  ма,  тіл-тілдегі  ұқсас  әріп 
таңбаларының  өзара  уәждемелік  ортақ  негіздері  бар  ма,  болса  ол  қандай,  бір  ғана 
дыбыстың әр түрлі тілдегі жазудағы сырттай қарағанда, өзара мүлде ұқсамайтын әріптік 
бейнелерінің ерекшеліктерін қалайша түсіндіруге болады? деген тәрізді және басқа да 
мәселелер жазудың теориялық негіздерін дұрыс тану үшін аса қажет. Жазу ғана емес, 
қазірде әр басқа тілдер ретінде танылып жүрген тілдердің, мысалы, орыс және қазақ 
тілдерінің  –  дыбыстары  туралы  көзқарастың  өзі  бұлдыр.  Айталық,  қазақ  тіліндегі 
бірқатар дыбыстар айтылуы жағынан да ұқсас түрде өзге тілдерде де бар. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет