ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСКІ КІТАБИ СӨЗДЕРДІ
ТАҢБАЛАУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
Г.М.Мамырбекова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және
диалектология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к.
Түрік ғалымдарының тұжырымынша, түрік елінің ең алғашқы әліпбиі – көктүрік
жазуы, одан кейін ұйғыр түркілері өздеріне арналған ұйғыр әліпбиін қолданады, ал
ислам діні қабылданғаннан кейін араб жазуы қолданысқа енген. Алайда, бірнеше
ғасырлар қолданыста болған араб жазуындағы қиындықтар мен кемшіліктер кейіннен
қызу талқыға түсіп, мемлекеттің жазуын түбегейлі реформалау қажеттілігі көтеріледі.
Осымен байланысты түрік елінің латынға көшуіне ең бірінші, саяси және әлеуметтік
факторлар себеп болып, ел зиялылары «қарапайым халық үшін күрделі әліпбиден
құтылып, ал мемлекет дамуы үшін кедергі келтірген сауатсыздықты жоюдың бір
257
ғана амалы – латынға көшу» [1] деген берік ұстанымда болады. Түрік ғалымдарының
зерттеулерінде: «Өкінішке орай, түркі қоғамында Мұстафа Кемал латынға көшуді бір-
ақ күнде ойлап, 3 айда жүзеге асырды деген жаңсақ пікір қалыптасқан, ал шындығында
латын әліпбиіне көшу сонау ескі Османлы заманынан бастап-ақ қолға алынған бола-
тын», - деп жазады [2].
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, «1839 жылы сұлтан Абдулмажит кезеңінде жасалған
танзиматта (ірі саяси реформа) тұңғыш рет жаңа әліпбиге көшу мәселесі қозғалған.
Танзиматтың белді мүшесі Муниф Паша 1862 жылы Османлы империясының
ғылымына жаңа бағдарлама ұсынып, араб жазуы ауызекі сөйлеу тілінен мүлде
алшақ жазылатынын, оның үндестік заңдарына сәйкес келмейтіндігін сондықтан
да кемшіліксіз әліпбиге көшу мәселесі туралы алғаш рет ұсыныс жасайды» [1]. Бұл
ұсыныс 1863 жылы Азербайжан ғалымы Фетх Али Ахунзаде, Садыразам Фуад сын-
ды белгілі тұлғалар қолдауына ие болады. Сондай ақ 1879 жылы жаңа әліпби жасап
шыққан ғалым Шемседдин Сами Бей Османлы түрікшесі үшін үлкен реформаның
қажеттілігін көтереді. Алайда, Османлы империясының негізгі күші болып табылатын
араб әліпбиін латынға ауыстыру ол замандарда тіпті мүмкін емес жағдай еді.
Бұдан кейінгі мезгілдерде араб жазуын ауыстыру мәселесі 1911 жылдардан бастап
қайтадан көтеріледі. Жоғарыда айтылғандай, 1862 жылғы Муниф Пашаның Осман-
лы империясында ұсынған жаңа бағдарламасын қолдаған ғалым Исмаил Хаккы Бей
1911 жылдан бастап газет беттеріне мақалалар жариялай бастайды. Оның мақаласы
кейіннен үлкен қолдауға ие болып Хусейн Жахит, Абдуллах Жевдет, Желал Нури, Кы-
лычзаде Хакки бей сияқты ғалымдар араб әліпбиін өзгерту қажеттілігін қолдайды.
1913 жылы «Танин» газетінің ең бірінші бетіне белді ғалым Хусейн Жахит «Жаңа
жазу тәжірибелері» атты мақала жариялап, онда әскери академия министрі Енвер
Паша сол академия ішінде жаңа жазуды (латын) қолдануға бұйрық бергені жөнінде
мәлімет келтіреді. Алайда бұл уақытта Балқан соғысы жүріп жатқандықтан жаңа
әліпбиге көшуді тыңғылықты ретке келтіруге мүмкіндік те болмайды және сол кез-
де әскери академияда офицер болып қызмет атқарған Исмет Инөну министр Енвер
Пашаға «Сіздің жасаған реформаңыз сөз жоқ құптауға тұрарлық. Бірақ қазір соғыс
жүріп жатқандықтан, әскери бөлімшелер арасында рапорттар жазуда бұл әліпбиді
қолдану қолайсыз. Себебі жаңа әріптерді тез оқып кету қиынға соғады. Сондықтан
жаңа әліпбиге соғыстан кейін көшсек», - деген ұсыныс хат жазады. Сонымен қатар
сол кездегі оқу-ағарту министрі Емруллах Ефенді «Ғылым, ілім бұйрықпен жасалмай-
ды» деген ұранмен Енвер Пашаның академия ішінде қолдануға рұқсат еткен әліпбиін
«Хатти Енвери», «Енвер әліпбиі», «Алман әліпбиі», «Орда әліпбиі» деген айдар тағып,
қатты сынға алады. Ресми іс-қағаздарда, мемлекеттік дәрежеде қолданылмағандықтан
бұл әліпбидің ғұмыры қысқа болады [1].
Бұдан соң 1919 жылдың 7-8 шілдесінде өткен «Ерзрум» конгресінде Мұстафа
Кемал Ататүрік болашақта орындалатын жоспарлар туралы мәліметінің ішіне осы
әліпби мәселесін де айтып өтеді. 1924 жылдың басында іссапармен Измирге келген
Мұстафа Кемалға журналистер «1913 жылы Енвер Паша қолданысқа ендіріп, алынып
тасталған латын әліпбиіне көшу қашан жүзеге асырылады?» деген нақты сауал қояды.
Бірақ журналистердің сауалы жауапсыз қалады [3]. Дәл сол 1924 жылы Берлиндегі
258
түрік студенттері «Жаңа әріптер бірлігі» қоғамын құрады да, түріктердің латын әліп-
биін қабылдауын талап етеді. Тіпті «Жаңа жазу» атты журнал да шығара бастай ды.
Ал 1925 жылы газет беттерінде ғалым Исмет Инонудың «Әліпбидің ауысуы дінімізге
ешқандай қарсы әсер етпейді және жаңа әліпбиге көшуді дұрыс қабылдайық» де-
ген үндеуі жарияланады. Осыдан соң қайтадан латынға көшу тақырыбы аясында
мыңдаған мақалалар жарық көре бастайды. 1926 жылы профессор Кюхне мен Мұстафа
Кемал Венгр әліпбиі мен латын әріптеріне арнайы зерттеу жүргізеді. 1928 жылдың
8-қаңтарында әділет министрі Махмут Есат үкімет жиналысында латын әліпбиі жайлы
сөз қозғайды. Сол жылы 8 наурызда премьер министр Исмет Паша тек латын әліпбиіне
ғана қатысты арнайы жиналыс өткізеді. Ал мамыр айында «халықаралық стандарт
жүйесіне өтуге» нақты шешім қабылданады да, дереу министрліктер кұрамының
шешімімен «Тіліміздің латын әліпбиі арқылы жазылуы мен жүзеге асырылуы» атты
тіл комитеті құрылады. 24-мамырда латын әліпбиінің қағидаларына қатысты заң
қабылданады [2]. Осыдан кейін түрік лидері Мұстафа Кемалдың бұйрығымен комис-
сия құрылып латын әліпбиін жасау мен оған көшу тәсілдері қарастырылады.
Осы комиссияның алғашқы отырысында-ақ Османлы (ескі) түрікшесіндегі кірме
сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін көрсететін әліпби жасау керек пе, төл сөздердің
дыбыстық ерекшеліктерін көрсететін әліпби жасау керек пе деген тақырып аясын-
да үлкен тартыс болады. Тартыс нәтижесі араб жазуында түпнұсқамен жазылып
жүрген ескі сөздерді латынға таңбалағанда ауызекі сөйлеу тіліне икемдеу керек деген
қорытындыға келеді. Екінші бір тартыс Q дыбысын алу немесе К дыбысын қолдану.
Комиссия шешімімен К дыбысы қалады. Одан кейін төл тілдегі Ң дыбысын таңбалау
мәселесі де үлкен тартысқа себепкер болады. Комиссия шешімімен Ң дыбысының ор-
нына латындағы N дыбысы алынады. Іссапар кезінде сұхбат берген ғалымдар осы ң
дыбысының орнына n дыбысы еніп кеткендіктен қазіргі жастардың ң дыбысын мүлде
айта алмайтындықтарын, сондықтан болашақта сол дыбысты қайтадан жанданды-
ру мәселесі ойластырылып жатқандығын тілге тиек етті. Яғни түрік жеріндегі жасы
үлкен адамдардың тілінде ғана ң дыбысы сақталып, ал жас ұрпақтың сөйлеу тілінде
бұл дыбыс мүлде жойылып бара жатқан көрінеді. Ал негізінде ң дыбысы түріктің төл
дыбысына жатады екен.
Сонымен, жоғарыдағы құрылған комиссияның қабылдаған ережелері негізінде,
Мұстафа Кемал Ататүрктің бастауымен 1928 жылдың 1-қарашасында Түркия
мемлекеті латын әліпбиіне көшеді. Латын әліпбиін қабылдағаннан кейін 1928 жыл-
дың 1-желтоқсанында Тіл Алқасы алғашқы «Емле сөздігін» жарыққа шығарады.
Ондағы мақсат – араб әліпбиімен жазылып жүрген сөздерді латын әліпбиінде қалай
таңбаланатындығын көрсету болады. Барлық емле сөздігін арнайы зерттеген түрік
ғалымы Гюлер Метин 13 жыл қолданыста болған алғашқы «Емле сөздігіндегі» ере-
желерде көптеген олқылықтар мен кемшіліктер кеткендігін, бұл «Емле сөздігі» сол
замандағы тіл талаптарына толығымен жауап бере алмағандығын, ескі османлы
жазу жүйесіне негізделген сөздер мен араб, парсы сөздерін таңбалауда бірізділіктің
болмағандығын айтады [2]. Алғашқы «Емле сөздігінде» сөздердің жазылуы фонети-
калық тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Яғни жазба тілді ауызекі сөйлеу тіліне
жақындату мақсат етіледі.
259
1928 жылдан кейін 1941 жылы жаңа «Емле анықтағышы» жарық көреді. «Емле
сөздігінде» кеткен кемшіліктер қайта қаралып түзетіледі. Бас әріптердің қолданылуы,
қос сөздердің, біріккен сөздердің жазылуы тәрізді мәселелер жаңадан қолға алынады.
Алғашқы «Емле сөздігінде» османлы (ескі) жазуының ерекшелігіне сай таңбаланған
сөздер мүлде алынып тасталады. 1941 жылы шыққан «Емле анықтағышынан»
кейін Түрік тілі құрымы 1948, 1956, 1960, 1962 жылдарда «Емле анықтағышын»
қайтадан шығарады. Алайда олардың 1941 жылы жарық көрген анықтағыштан еш
айырмашылығы болмайды. Тек олар латын әліпбиін жатырқамай еркін қолдануға
үлкен септігін тигізеді. Ал 1965 жылы шығарылған «Жаңа Емле анықтағышында»
грамматикалық ережелер жаңадан құрастырылады. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: |