Құлұн, тұлұм, жұлұн
сөздері
құлын, тұлым, жұлын
болып жазылғасын, келешекте
ерін үндестігін бұзып,
құлын, жұлын
деп қазақ сөйлей бастаса кімді кінәлаймыз? Әлі
күнге дейін, өмір бойы дауыссыз болып келген
и, у
дыбыстары мектепте біресе дауысты,
біресе дауысты болып оқытылуда. Қай ғылымнан біресе деген сөзді көрдіңіз? Екіге екі
қосқанда біресе үш, біресе төрт болады десек, математика қалай ғылым болады?
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшкенде өз тілдерін кириллица бойынша жазып жүрген
өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренуде қиындық тууы мүмкін деп уәж айтушылар бо-
латыны сөзсіз. Алайда, соңғы 15 жылда кириллицадағы мемлекеттік тілді меңгеруге
құлықсыз болғандар сол күйінде тілді меңгергісі келмейтіні айдан анық емес пе?
Қазан революциясынан кейін де қазақ екіге бөлінген. Бірі елде қалған, аш-жалаңаш,
қорлықта, екіншісі шетелге қашқан, яғни қорлықтан қорлыққа. Екеуінің де тілі
бұзылды. Бұл – дерек. Қазақ айтқандай, «елу жылда – ел жаңа, қырық жылда – қазан
жаңа». Латынға көшу керек және Ә. Жүнісбек айтқандай сауат ашып көшу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |