Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет113/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165
>
  нғ,  нк 
>
  нг
  дыбыстарының 
тіркесулерінен  ң  пайда  болуы  мүмкін  деп  тұжырымдап,  күнк 
>
  күң,  тенк 
>
  тең, 
сонқ 
>
  соң  сөздерін  дәлелге  келтіреді[12,81].  Н  фонемасының  ң-ға  айналып,  бірте-
бірте  қалыптасқандығын  сөз  болып  отырған  ескерткіште  кездестіреміз.  Мысалы, 
ескерткіштегі қоншы, танлағыл сөздері қазақ тілінде қоңсы, таңдан түрінде жазылады. 
Сонымен қатар 
ң ~ й, ң ~ м
 сәйкестіктеріде байқалады: сөңәк – сүйек, тулуң - тұлым. 
Ал 
н
-нің 
ң
-ге өзгеруіне қазақ тілінде де фактілер көп: қашанғы - қашаңғы, боранға – 
бораңға, жирен көк – жирең гөк, еркін күш – еркің гүш, доңғалақ, жаңғақ т.б. Қысқасы, 
қ мен к дыбыстарынан басталатын сөздердің, сондай-ақ 
қ, к, ғ, г
 дыбыстарынан ба-
сталатын қосымшалардың түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде қисапсыз көп 
болуы сөз соңындағы н-нің ң-ға айналуына шешуші рөл атқарды [5,  47].
П
  –  шұғыл,  қатаң,  ерін  дауыссыз.  Мәтінде    п    дыбысы      ب  (  پ)    әріптерімен 
белгіленген. Сөз басында келуі тек кірме сөздерге ғана тән, негізінен сөздің ортасы 
мен аяғында қолданылады: парсалық - тақуалық, парвана – көбелек, кірпүк – кірпік, 
йыпар – жұпар, көп – көп т.б. Көне түркі тілінде сөз басындағы қатаң дыбыстар болған 
дейтін теория бойынша п қатаң дыбысының ұяңдануының нәтижесінде сөз басында 
б дыбысы пайда болған. Бұл құбылыс “
ХШ
” – да да байқалады: бычақ, бал. Қазақ 


221
диалектілерінде п мен б бір – біріне ауыса береді: палуан – балуан, бұта – пұта. П, б 
дауыссыздарының түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі фонологиялық қызметінің 
соншалық елеулі еместігі, әрі олардың сөздің барлық позициясында бірін – бірі оңай 
алмастыруы  сияқты  белгілері  –  сөз  жоқ  бұл  дыбыстардың  әуелде  бір  фонемадан 
өрбігендігінің нышаны [13, 131].
Р
 – ауыз жолды, ызың, тіл алды дауыссызы. Мәтінде ﺮ  әрпімен белгіленген. Араб-
парсы сөздерінің басында келеді, түркі сөздерінің ортасы мен соңында ұшырасады. 
Мысалы, равнақ - әдемілік, расул – елші, сүртүл – сүртіл, тавар – тауар, таңры – тәңрі 
т.б. Ескерткіште р ~ з сәйкестігі байқалады: ары – аз, көр – көз т.б. Б.Сағындықұлы  
р 
~ з
 сәйкестігі генетикалық сәйкестік емес екенін фактілермен дәлелдей келіп былай 
деп жазды: “қысқасы, р сонорының дж, д`з`  аффрикаттарымен, ж, д, т, г, з дыбыстары-
мен алмасуы генетикалық туыстықтан, төркіндестіктен пайда болған сәйкестік емес, 
үнемдеу заңының бірнеше дәуір, заман бойына жасаған әрекетінен туындаған нәтиже. 
Осы себепті де мұны кездейсоқ сәйкестік деп атап отырмыз [5, 59].
С
 – ызың, қатаң, тіс дауыссызы. Мәтінде   س, ص, ٽ    әріптерімен таңбаланған. 
Қосымша  белгілердің  жоқтығына  байланысты  тек  с  әрпімен  бейнелейміз.  Сөздің 
барлық позициясында келе береді: сағ - сау, савсағлы – саусақты, осал – тентектік, 
кәсіл – кесіл, жініс – жыныс т.б. Көне түркі тілінің с дыбысы “ХШ” тілінде де, қазіргі 
қазақ тілінде де сөздің барлық шенінде сақталған. Ескерткіште сөз басында келетін с 
дыбысы қазақ тіліндегі ш дыбысына сәйкес келеді: сач - шаш, сучу – шошы, сызғыр 
– шыжғыр т.б. Сөз басында с дыбысының орнына ш дыбысын айту түркі негіз тілінің 
соңғы дәуірлеріне қатысты құбылыс. Сонымен қатар ескерткіштегі сөз соңындағы ш 
дыбысы қазақ тілінде с болып айтылады: баш – бас, таш – тас т.б. С, ш дыбыстары тіл 
тарихында аллофондар  есебінде қалыптасқан. 
Т
 – шұғыл, қатаң, тіс дауыссызы. Мәтінде ﺖ  әрпімен таңбаланған. Сөздің барлық 
шенінде келеді: тұтғу - ұстау, түкән – түгел, отағ - отау, қытыл – сақтал, қыт - қасы, 
қурт - құрт т.б. Көне түркі тілінде де, қазақ тілінде де т дыбысы сөздің барлық по-
зициясында келе береді. Ескерткіш тіліндегі т дыбысының қазақ тілінде ұяңданғаны 
байқалады: топ – доп, телбә - делбе.
 Т~с
 сәйкестігі де бар: тылтағ - сылтау, тоқуш 
– соғыс т.б. Бұл дерек 
т, с 
дыбыстарының о баста 
тс
 (ц) африкатынан дамығанын 
дәлелдей түседі.
Ф
 – ызың, қатаң, тіс пен ерін дауыссызы. Мәтінде  ف  әрпімен белгіленген. Бұл ды-
быс негізінен кірме сөздердің құрамында кездеседі: фақіһ - заңшыл, фасіх – шешен, 
фіған – жылау, турфа – сирек кездесетін, туфан – дауыл, сафалығ - тыныш, саф – сап, 
қатар, тараф – бағыт т.б. Профессор М.Томанов қыпшақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар-
ды зерттей келе былай деп жазды: “Көне түркі тілімен салыстырғанда, қыпшақ тілі 
консонантизм ыңғайында біраз “жаңартылғандығын” көруге болады:
 ж, х, һ, ф 
ды-
быстары көне түркі тілінде қолданылмаған. Қыпшақ тілінде 
х, ф, һ
 дыбыстарының 
қолданылуы басқа тілдермен қатынасқа түсудің, тілдік байланыстың нәтижесі болу 
керек” [4, 38]. Ғалымның 
ф, һ
  дыбыстары туралы пікірі орынды. Ал 
ж, х
  дыбыстары 
туралы өз пікірімізді білдірдік.
Х
  –  ызың,  қатаң,  тіл  арты  дауыссызы.  Мәтінде  خ    әрпімен  таңбаланған.  Көбіне 
араб – парсы кірме сөздерінің басында келеді: хабис – жаман, хавф - қорқыныш, ха-


222
жалат  -  ұят  т.б. 
Х
  дыбысы  кірме  дыбыс  десек  те  Б.Сағындықұлы  көне  түркі  жазба 
ескерткіштерінен қ дыбысы орнына х дыбысы қолданылған біраз сөздерді мысалға 
келтіреді: халач (түркі тайпасы), халық (аспан), ханда (қайда), хой (қой) т.б. Орта ғасыр 
жазба ескерткішінде де х  мен жазылған түркі сөздері кездеседі: хан – хан, ханлық 
- хандық, хорла - қорла, хорлуқ - қорлық, хатун - қатын, хиз - қыз. Осы деректерге 
сүйенсек х дыбысы кірме емес, өз төл дыбысымыз болса керек. 
Ч
 - шұғыл, қатаң, тіл ұшы аффрикаты. Мәтінде  ج әрпімен берілген. Сөздің барлық 
позициясында қолданылады: чавуш – күзетші, чадыр – шатыр, чалақ - әдісқой, учғун 
- ұшқын, кечмәк – кешпек, ағач - ағаш, ач - аш т.б. Бұл дыбыс көне түркі тілінде жиі 
қолданылған. Көне түркілік, орта ғасырлық ч дыбысының жалғасы қазақ тіліндегі ш 
дыбысы. Мысалы, чечәк – шешек, чибин – шыбын, чемүч - шөміш т.б. 
Ш
 – ызың, қатаң, тіл алды дауыссызы. Мәтінде   ش әрпімен таңбаланған. Бұл ды-
быс сөз басынан гөрі сөз ортасы мен сөз соңында әлдеқайда жиі айтылады: шаксыз – 
шүбәсіз, шәш – шеш, шишәк – екі жастағы қой, тохшун – ерегеспе, тәш – тес. Ал араб-
парсы сөздерінің басында келеді: шайх – ақсақал, шариф - құрметті т.б. Ескерткіштегі 
сөз ортасы мен сөз аяғындағы ш дыбысы с дыбысына сәйкес келеді: ешик – есік, беш 
– бес, баш – бас, таш – тас, тиш – тіс т.б. 
Бұл деректерден орта ғасырдағы түркі халықтарының дыбыс жүйесін араб әліпбиі 
барынша толық бере алғанын көреміз. Әрине түркілердің өзіне тән ұлттық дыбыстарын 
орта ғасыр түркі ғұламалары біліп, айырым белгі қойып отырған. Кейінгі ғасырларда 
«қадим»  жазуы ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың еңбегімен жаңаша жаңғырды. Ақаң 
жасаған әліпби қазақ ұлтының төл дыбыс жүйесін берудегі жарқын үлгі болды. Араб 
әліпбиі түркі әлемін тұтастандыруда үлкен рөл атқарды.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру// ЕҚ.12 сәуір,2017ж.
2. Кононов А. Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. Мо-
сква-Ленинград, 1960. 
3.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.-Алматы,1999.
4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.-  Алматы, 1988. 
5. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. - Ал-
маты, 1994. 
6. Щербак А. М. Грамматика староузбекского языка. - М.Л., 1962. 
7.  Баскаков Н. А. Каралпакский язык. // Фонетика и морфология. Москва, 1952.
8.  Баскаков Н. А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. М.1988.
9. Богородицкий В.     Введение в татарсое языкознание в связи с другим тюркским 
языками. Казань, 1953.
10. Малов С. Е. Лобнорский язык. - Фрунзе, 1956. 
11.  Бернштам А. Н. Следы джекания в турецких языках// в сб. “Академику Н.Е. 
Марру…”, 1938.
12.  Щербак А. М.  Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., 1970.
13. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауыз екі тіліміздің дыбыс жүйесі. А., 1985.


223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет