147
мешіт) мұсылмандар құлшылық ететін қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. «Қасиетті
үй», «көне үй» деп те аталады. Қағбаның бір бұрышына Қара тас салынған. Қажылық
сапар кезінде Қағбаны айнала тауаф рәсімі орындалады. Қағба сондай-ақ бүкіл
әлемдегі мұсылмандар үшін намаз оқу кезіндегі құбыла – бағыт қызметін де атқарады.
Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан «әл-Бәй-түл-
һарам» (қасиетті үй) деп те аталады [3]. ҚОС-та: Қағба – а Қааба
(мусульманский храм
в Мекке, где хранится камень, служащий священным объектом паломничества и по-
клонения мусульман)
[5, 458]. Ал ҚООҚТС-та
қағба – қааба
түрінде берілген [4, 125].
Сонда бұл сөзді тек «қара тас» мағынасында ғана емес, «орын, ғимарат» мағынасында
да түсінген дұрыс.
Соңғы кездері жиі қолданыла бастаған атаулардың бірі –
халиф, халифат
сөздері.
Халиф – Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның араб мемлекетінің бас-
шысы болған орынбасарлары. Халиф – (араб тіл. –
«мұрагер», «басшы»
) – ертедегі
исламдағы Мұхаммед пайғамбар қалдырған өсиеттер мен қағидаларын орында-
уды қадағалау үшін сайланатын мемлекеттің жоғарғы билеушісі және діндарлар
қауымының жетекшісі. Халифат – халифтер басқарған исламдық Араб мемлекеті,
оның құрамына кірген елдер [3]. ҚОС-та: Халифа –
а
халиф, Халифат –
а
халифат
[5, 892]. Ал ҚООҚТС-та
халиф – халиф, халифат – халифат
түрінде берілген [4, 226].
Әдетте
сахаба
сөзін «әскер», «пайғамбар серіктері» деп түсінеміз. Сахабалар
– (араб тіл. – «
замандас
») – Мұхаммед пайғамбардың кезінде исламды қабылдап,
кейін мұсылман болып көз жұмғандар. Оның замандастары, серіктері, ислам дінінің
нығайып, әлемге таралуына еселі еңбек сіңіргендер [3]. ҚОС-та: Сахаба –
а рел. спод-
вижник пророка Мухаммеда
[5, 714]. Ал ҚООҚТС-та
сахаба, сақаба – сахаба
сөздері
алыныпты [4, 185].
Уәдесінде тұрмайтын, сөзге тоқтамайтын адамға арнап
пәтуасыз, сөзінде пәтуа
жоқ
немесе біреумен келісу мәнінде
пәтуәлесу, пәтуәға келу
тіркестері қолданылады.
«Пәтуә – құдай серті» деген де тілдік қолданыс бар. Пәтуа – (араб тіл. – «түсіндіру»)
– шариғатта қандай да бір ұйғарымды қабылдау немесе түсінік беру үшін жасалған
құқықтық қорытынды және шешім [3]. ҚОС-та: Пәтуа –
а
сговор, договор, согласие
(словесный) [5, 681]. Ал ҚООҚТС-та
пәтуа
–
фетва
сөздері алыныпты [4, 174].
Дін саласында
періште
сөзін жиі қолданамыз. Періштелер – (грек тіл. – «
хабаршы
»,
«
елші
»), Құдайдың еркін білдіретін және ғажайып мүмкіндіктері бар рухтар. Інжілде
Періштелер
қызмет рухтары
деп аталады. Көбінесе олар арқасында аппақ қанаттары
бар адамдар кейпінде бейнеленеді. Исламда періштелерге сену мұсылман сенімінің ажы-
рамас бөлігі болып табылады, ол – иман келтіру шарттарының бірі. Ислами деректерде
періштелердің нұрдан жаратылғандығы, жынысы болмайтындығы, шаршау, жалығуды
білмейтіндігі секілді ерекшеліктері айтылады. Олардың тіршілігінің мәні Аллаһқа
құлшылық етуден құралады [3]. ҚОС-та бұл сөз парсыдан енген сөз ретінде берілген:
Періште –
Достарыңызбен бөлісу: