146
экстремист, моджехед, салафизм, салафит, баххабизм, баххабист, ислам содырлары,
шаһид, шаһид белдігі
т.б. сияқты терминдер мен атаулар теріс мәнде жиі қолданыла ба-
стады. Мысалы, бүгінде жиһад сөзі көбіне жағымсыз мағынада түсіндірілуде. Жиһадты
қару алып соғысу мағынасында біржақты түсінуге болмайды. Жиһад – (араб. –
«күш
жігер»
) – араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін, яки бір істі істеу
үшін бар қажыр-қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды
білдіреді. Қасиетті Құран кітабында «
жиһад
» сөзі 35 жерде аталғанымен, төрт жерде
ғана тікелей «соғыс» мағынасында келген. Құранда
«соғыс» ұғымы «харб», «мухарабә»,
«мағрака», «қитал»
терминдерімен білдірілген. Барлық дипломатиялық байланыстар
нәтижесіз аяқталып, келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды қорғау үшін
қолға қару алып, жиһад жасауға болады. Жиһад – «адамға Алла тағаланы тану үшін
жол ашу» дегенді де білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, кедейшілік пен еркін
ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын
барлық іс-шара жиһад болып есептеледі [3]. Ал ҚООҚТС-та (философия және саясат-
тану): жихад – джихад түрінде берілген [4,96]. Сонда бұл сөзді «ислам дініне кесірін
тигізушілерге қарсы күрес» мағынасында түсінген дұрыс.
Күнделікті қолданылатын
мінбе, мінбер, мұнара
сөздерінің де араб тілінен енгенін
біле бермейміз. Халықта
мінбе
сөзі «ортаға шығып сөйлеуге арналған орын», ал
мұнара
сөзі «ғимараттың биік бөлігі» деген ұғымдарды береді. Мінбер – (араб тіл. «
минбар
»).
Мешіт имамы Құран, құтпа оқығанда немесе уағыз-насихат айтқанда шығатын орын.
Мінбер мешіттің басты белгілерінің бірі болып табылады. Михрабқа таяу орналасады.
Мінберді ағаштан, тастан кейде кірпіштен жасайды [3]. ҚОС-та бұл сөз:
Мінбе – три-
буна [5, 624]. Осы сөздікке мінбер сөзі енгізілмеген екен. Ал ҚООҚТС-та керісінше
мінбер сөзі беріліп,
мінбе
сөзі берілмепті. Мінбер, кафедра – кафедра [4, 157]. Бұған
байланысты
мінбеге шығу, мінбеге көтерілу, мінбеден сөйлеу, биік (жоғары) мінберден
сөйлеу, мінберден сөз алу, мемлекет мінбері
сияқты тіркестер бар.
Мұнара – (араб тіл. –
«минарат» – «маяк»
) – мешіттің негізгі бөлігіне жалғастырылып
немесе бөлек салынады, «муаззин» (азаншы) азан шақырғанда даусы ұзаққа жету
үшін арнайы салынған ғимарат [3]. ҚОС-та: Мұнара - 1) башня, вышка 2) минарет
[5, 624]. ҚООҚТС-та: мұнара – башня [4, 156]. Қазіргі тілдік қолданыста «Көктөбе»,
«Бәйтерек» мұнарасы атаулары бар.
Зәмзам
сөзін айтқанда ойымызға «тәтті су, сусын» мағынасы келеді, яғни зәмзам
сөзі «тәтті, шөл қандырар» ұғымдарымен ассоциацияланады. Тілімізде зәмзам су-
ындай, зәмзам сусыны, зәмзамдай тәтті, т.б. сөз тіркестері қалыптасқан, тіпті Зәмза,
Зәмзагүл деген әйел есімдері де бар. Ал бұл сөздің мағынасы тек жалпы суға ғана
қатысты емес, бастау, бұлаққа да қатысты. Зәмзам суы – зәмзам бұлағынан алынған
су. Зәмзәм – (араб тіл. –
«мол су»
) – Қағбаға жақын исламның бас мешіті әл-Масджид
әл-Харам аумағында орналасқан қасиетті бұлақ. Зәмзәм бұлағының суы шипалы деп
есептеледі [3]. ҚОС-та: Зәмзам (или – суы)
а рел
. – 1) священная вода из колодца
в Мекке 2) перен. целебная вода [5, 365]. Ал ҚООҚТС-та:
зәмзәм – замзам
түрінде
берілген [4, 101].
Халқымызда
Достарыңызбен бөлісу: