Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет58/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165
Құдайым (сен үшін ) күн мен түнді жаратты, 
Кезегімен алмасып, бірінен соң бірі өтіп жатады. 
Күніңді кетіріп қараңғы түн етеді. 
Күніңді кетіріп қайтадан жарық етеді 
[4], – деп пайымдайды. Осы өлең жолдары 
арқылы ақын табиғаттың Жаратушысы бар екенін және оның жасаған заңдылығына 
мойынұсыну керек екендігін жырлайды.
Ақын жыр жолдарында  сарай патшасын мадақтауда 
аллегориялық
 
символдарды
 да  
қолданады. Аллегория – ойды көркемдеп жеткізудің көне тәсілі. Ахмет Йүгінеки бегін 
аң атулының ішіндегі ең айбаттысы әрі патшасы – 
арыстанға
 теңейді. 
Ра’ийатқа мушфиқ салимдин халим
Лайкин бушарда шара арысланы
Бұқараға шапағатты, Салимнен жұмсақ,
Алайда қаһарланғанда Шара арыстаны сияқты [4].
Шара  арысланы
 сөзі тек қана теңеу емес, символ да бола алады. Тілімізде осы-
мен байланысты «арыстандай айбатты», «арыстан жүректі», «азуын айға білеген...» 
сияқты теңеулер бар. Әлемдегі бар ұлттар үшін де арыстан үлкен күш, ерлік, билік, 
ханзадалық, адамгершілік, беделдік пен даналылық және қаһарлық символының рөлін 
атқарады. 
Жылан
 лексемасы жағымсыз символдық мәнде қолданылғанын мына өлең жолда-
рынан байқалады. Яғни, сырты жылтыр бұл жалған өмірді 
сұр жыланға
 теңейді. 
Йыландег бұ ажун
 йылан оқлағу


130
Йоқамаққа йұмшақ ічі пур ағу
Бұл дүние – жылан. Жыланның көзін жой. 
Сипағанға жұмсақ, бірақ іші тола у.
Йылан йұмшақ еркен йавуз фи,ил тұтар
Йырақ тұрғу йұмшақ деп инанмағу
Жылан жұмсақ болғанмен, пиғылы жауыз.
Жырақ тұр, жұмсақ деп иланбай
 [4].
Осылайша ақын сырттай қарағанда осы дүниенің аса тәтті, ал ішкі сырын ақтарғанда 
одан мың пәлені кездестіруге болатынын тамаша суреттейді. 
Ақын жыр жолдарында өмірді өтіп бара жатқанқан керуенмен байланыстырады. 
Автор танымында 
арқыш көчгүлүг
 (көшетін керуен),
 бұ ажун  рабат
 (бұл дүние – 
керуен)  керуеннің  бейнесі  өмір  мәңгілік  қозғалыста    екенін,  одан  кейін  де  өмірдің 
жалғасатынын білдіреді.
Бұ ажун  рабат
 ол түшүп көчгүлүг 
Бұл дүние – керуен, оған түсіп көшеді
Рабатқа  түшүглі түшер кечгүлүг 
Керуенге түскендер одан әрі сапар шегеді.
Өң арқыш ұзады қопұп йол тұтұп  
Алғы керуен ұзайды, қозғалысқа шығып
Өңі қопмыш 
арқыш нече көчгүлүг 
Тағы да  жолға түсіп, көшетін керуен қаншама?
 [4]
Ақын «от» ұғымын  бірде о дүниедегі азаптың оты ретінде сөз қылса, бірде ашудың, 
тілге сақ болудың символдық белгісі ретінде қолданады. 
Иоқ ердім иараттың иана иоқ қылып 
Екінічі бар қылұрсын мұқирмен мұңа 
Айа шак иолында иеліглі өтүн 
Кел 
отдын
 өзүң иол өлімдін 
оңа
 [4]
(Бар қылды жаратты да мені жоқтан / Жоқ етер Алла тағы бар қылмақтан / Тәубе 
қыл, шәк келтіріп, желік құмай  / Тұрғанда өзің өлмей оттан сақтан!). 
Сондай-ақ, Тіл ол деді йығ тіл 
йұл отдын  өзүң.
 (Тіл деді. Тіліңді тарт. Оттан өзіңді 
сақта). Яғни автор, оттан сақтанудың бірден бір жолы  – тілге сақ болу керектігін баса 
айтады.
Ахмет  Йүгінеки  жыр  жолдарында  Құран-Кәрімнің  негізгі  ой-тұжырымдарын 
негізге ала отырып, адам баласының бойындағы жақсылы-жаман қасиеттерді қарама-
қарсы қойып жырлайды және оны мынадай метафоралық символдармен өрнектейді. 
Қарпайымдылықты – 
жасыл алқапқа,
 адамгершлікті –  ондағы 
ал қызыл гүлге
 теңейді.
Иа 
майдандәг
 ол гүл карам ал 
гүл
 ол. 
Немесе қарапайымдылық (жасыл) алқаптай, 
адамгершілік  (онда  өскен)  алқызыл  гүл  сияқты.
  Ақын  осындай  теңеу  образдарын 
қолдана  отырып,  оқырманына  барынша  «Адагершілік»  құндылықтарды  сақтауды, 
көркем мінезді болуды насихаттайды.
Сонымен  қатар  шығарманың  өн  бойында  адам  бойындағы 
қанағатшылдық-
қызығушылық,  жомарттық-сараңдық,  кішіпейілділік-тәкаппарлық
  сияқты  қарама-
қайшы  қасиеттерді  көрсететін  бинарлы  метафоралармен  арқылы  өріліп  отырады.      


131
Мысалы,  Пайғамбардың  «Алла  кішіпейілдінің  абыройын  асырады,  тәкаппардың 
құтын  қ ашы рады»,  –  деген  ғибратты  сөзін  берік  ұстанған  ақын  болашақ  ұрпақты 
кішіпейілдікке
 шақырады. Ақын адамның кішіпейілділік қасиетін тәкаппармен салы-
стыра жырлайды. Мұсылмандықтың белгісі – 
кішіпейілділік
 екенін айта отырып, Алла 
өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді, яғни 
тәкаппардың
 жолы болмайтынын 
ескертеді:  
Муминлық нышаны
 тауазу тұрұр
Агар мумин ерсең тауазу қылын
Тауазу қылықлыны көтрүр іді
Такаббур
 тұтар ерні кемшүр қозы
Мұсылмандықтың белгісі – көнбістік
Егер мұсылман болғың келсе көнбісті бол.
Көнбіс адамды Тәңір көтереді,
Тәкаппар адамды төмен түсіреді
 [4].
Сонымен Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасы  мифологиялық, бейнелі 
метафоралар мен тілдік символдарда айқын көрініс табады. Ақын метафораны қолдану 
арқылы бір заттың не құбылыстың қасиетін көрсету үшін оның бойындағы ерекше 
бір  белгісін  соған  балап,    сипаттаған.  Сонымен  қатар  ақын  шығармада  кездесетін 
символдық мәнге ие болған ұғымдарды да асқан шеберлікпен қолданған. 
       
Әдебиеттер:
1. Маслова В. А. Лингвокультурология. Учеб. пособие для студ. высш. учеб. зав. – 
М.: Академия, 2001. – С 208 .
2.  Анесова  У.  Г.  Әлемнің  тілдік  бейнесіндегі  символдар  жүйесі.  –  Алматы:  әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014. –143 б .
3.  Шелестюк  Е.  В.  Представленность  символа  в  структуре  понятия//  Mentalitat 
und  Mentales  /  Hrsg.von  E.A.Pimenov;    M.V.  Pimenova.  –  Landau:   Verlag  Empirische 
Padagogik, 2003. Ss 32-45.
4. Ахмед Иүгінеки. Ақиқат сыйы // Аударғандар  Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов. 
– Алматы: Ғылым, 1985.  – 152 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет