Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


АХМЕТ ЙҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет56/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165
АХМЕТ ЙҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ
МЕТАФОРАЛАР МЕН ТІЛДІК СИМВОЛДАР
А.А.Сейтбекова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми 
қызметкері, ф.ғ.к.
Ортағасыр  түркі  тіліндегі  жазба  мұраларды  танымдық  тұрғыдан  қарастырудың 
маңызы зор. Бұл ортағасырлық ақындардың дүниетанымын, дара болмысын анықтауға 
септігін  тигізеді.  Біздің  зерттеуімізге  нысан  болып  отырған  XII  ғасырда  жазылған 


127
ортағасырлық  жазба ескерткіш – Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дидактикалық 
туындысы. Бұл көркем мәтінде Ахмет Йүгінеки сараңдық пен жомарттықты, надандық 
пен  білімділікті,  кішіпейілділік  пен  тәкаппарлықты  салыстыра  отырып,    түрлі 
символдық,  бейнелі  метафоралық  тілдік  таңбаларды  қолданады  және    осы  арқылы 
оқырмандарын  Алланы тануға, Алланың жолына түсуге шақырады. 
Ақынның  жыр  жолдарындағы  метафора  –  жаңа  мағына  жасаудың  өнімді 
тәсілдерінің бірі немесе көркем тілдің бір атрибуты ғана емес, дүние туралы ойлаудың 
тілдік  бейнелеуінің  (лингвокреативтік)  тәсілі    [1,18]  ретінде  белсенді  қолданылып,  
сол  кезеңнің  жазба  мәдениетінен  айрықша  орын  алған.  Көркем  мәтіндегі  келесі 
тілдік  таңбалардың  бірі  –  символ.  Символ  өзінің  алғашқы  мазмұнын  басқа  бір 
мазмұнға  форма  беруде  қолданылатын  таңба  [2,5].  Ал  тілдік  символ  «символдық 
аура» түрінде сөздің лексикалық мағынасында ассоциативті кешен болып адам сана-
сында тұрақтанып қалады, яғни олар архетиптік немесе мифологиялық және мәдени 
стереотиптік жиынтығын білдреді [3]. Осымен байланысты Ахмет Йүгінекидің көркем 
ойға құрылған поэтикалық жыры қандай мифологиялық метафоралар мен тілдік сим-
волдармен өрнектелгенін талдаймыз.
Мифологиялық метафоралар
 шығарманың алғашқы бөлімдерінде (Алланы дәріп-
теу, пайғамбарларға арнау, билік иесін мадақтау) көрініс табады. Мәселен, ақын  ал-
ғаш қы сөзін қайырымды да мейірімді Алланың атымен бастаса, сосын Мұхаммедке 
(с.а.с.) салауат айтумен жалғастырады. 
Ақын Мұхаммед пайғамбардың төрт досы Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли лақаб есім-
дерін жырға қосып, әр қырынан ашып көрсетуге тырысқан. Пайғамбардың жан қиярлық 
досы Әбубәкірді адалдығы мен сенімділігі үшін 
Садық
 деп атаған. 
Садық
 араб тілінде 
«шыншыл, адал» деген мағынаны білдіреді. Ал Омарды жамандық пен жақсылықты 
айыра білетін қасиеті үшін 
Фаруқ
, Оспанның адамгершілігі мен кішіпейілдігі үшін З
у-
ни-нураин
 деп атайды. Әлиді теңдесі жоқ 
ер жүрек батырға
 теңейді. 
Йема төрт ешиңа ыдурман салам
Олардын ұсанмақ қачан ол мәңа
Садық
 бірлә 
Фарух
 үчүнч 
Зун-нурайн
Али төртіленчі ол әрсиг тоңа
Және төрт досыңа сәлем жолдаймын,
Олардан ешқашан жалықпаймын
Садық пен Фаруқ, үшіншісі – Зун-нурайн,
Әли – төртіншісі, ол ержүрек батыр [4].
Келесі өлең жолдарында ақын  Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларын сурет-
теуде бейнелі метафоралық тілдік таңбалармен  өрнектейді: 
Расуллар 
үрүң йүз
 бұ ол йүзга 
көз
Йа анлар 
қызыл ең
 бұ еңа 
мең

Аның мадахы бірлә татыр бұ тілім
Аның йады бірлә 
шакар
 шаһд аңа
Пайғамбарлар жарқын жүз, бұл ол жүзге жарасатын көз 
Олар – қызыл шырайлы бет, ол бетке (көрік беретін) мең 
Оны мақтағанда тілімнің дәмі кіреді 


128
Оны еске алғанда шекер мен бал (жегендей болады) [4]. 
Ақын өлең жолдарында шығыс поэзия үлгілеріндегі теңеу образдарын қолданады. 
Мұхаммед  (с.а.с) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет