Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет57/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
көзге
,  қалған  пайғамбарларды 
жарқын  жүзге
  теңейді.  Ал  екінші 
тармақта оларды (пайғамбарларды) 
қызыл шырайлы жүзге,
 ал Мұхаммед (с.а.с) сол 
қызыл
 шырайлы жүзге ерекше көрік беріп тұратын 
меңге
 теңейді. Яғни, метафоралық 
символдар 
жарқын жүз, қызыл шырай, көз, мең 
соматикалық атаулар мен шығыстың 
классикалық  дәстүрлі  поэзиясындағы 
шекер  мен  бал
  атауларымен  байланысты 
құрылған. 
Ерте заманда түркілер  
үрүң
 (жарық) – жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың, 
бақыттың нышаны болып есептелген. Ал әдемі, сұлу, жас және шырайлы адамдарды 
қызыл шырай
 деп атайды. Бұл жерде қызыл түс – сұлулықтың символы болып тұр.  
«Мең» сұлулықтың сирек белгілерінің бірі ретінде, әсіресе, шығыс поэзиясында жиі 
ұшырайды.
Ақын Дад Испаһсалар бек бойындағы жақсы қасиеттерді мақтауда аты аңызға айна-
лып кеткен ақыл иесі, зерек адам 
Аяз биге
, әділеттілігін 
Наушарбанға
, жомарттығын 
Оспан халифке,
 шариғат жолын білуін 
Омарға
 теңеуде кездеседі. Бұл метафораға тән 
белгілер. 
Ра’ийатқа мушфиқ 
Салимдин
 
халим
Уа лайкин бушарда шара арсланы
Салабат ичинда 
‘Умар дәг
 ‘ариф
Сахауат самақат тұтар ‘
Османы
Тәтіглигда кәндү 
Айаздын озұқ
Дад инсаф тұтар чын 
Анишируаны
Қарапайым халыққа қайырымды, 
Сәлімнен
 жұмсақ,
Алайда ашуланғанда шері – арыстан (сияқты).
Шариғат жолында 
Омар сияқты
 білгір,
Қолы ашықтығы 
Оспанға тең.
Сезімталдығы 
Аяздан артық,
Әділеттілігі нағыз 
Наушарбан
 [4].
Бұндағы Аяз биге, Наушарбанға теңелген есімдер – тарихта болған тұлғалар. Өлең 
шұмақтарында Аты аңызға айналған ақылгөй Аяз би мен VI ғасырда өмір сүрген Иран 
патшасы Наушарбан (ир. Ануширван) символикалық фигура ретінде метафорланып тұр.
Ортағасыр  авторлары  әдетте  өз  бектерінің  жомарттығын  мадақтауда  табиғат 
құбылыстарына (айға, күнге, теңізге, жұлдызға) теңейді. Бұл көне түріктердің Күн, 
Ай,  Жұлдыз  сияқты  аспан  денелерін  киелі  ұғым  ретінде  қабылдағанын    Оғызнама 
эпостарынан белгілі және алғашқы діни-мифлогиялық түсініктер ортағасырлық жаз-
ба  мәтіндерінде  де  өзіндік  ізін  қалдырғанын  мына  мысалдардан  аңғарамыз.  Ахмет 
Иүгінеки бектің ақылдылығы мен қайырымдылығын
 теңізден де
 артық екенін асыра 
бағалайды.  Мысалы,
Өкүш аз деп аймаз пазирлар 
деңіз
Бұлұт  һадиа қылса ұшақ қатраны
Деңіздін
 кәрімрак шаһым мың қата
Қабұл қылса таң йоқ бу аз һадианы


129
(Бұлт ұсақ тамшыны сыйға тартса / Теңіз көп аз демей қабыл алады / Шаһым теңізден 
мың есе қайырымды / Бұл аз сыйлықты қабыл етсе, /оған/ таңқалуға болмайды).
Симак
 динадизрак тұтар 
һеммат
 ол. 
Кеңпейілділігі
 
Симак жұлдызынанда жоғарырық 
[4].
Жалпы 
бұлт, теңіз, тау,
 т.б. табиғат құбылыстарын бейнелейтін тілдік символдар 
Қадырғали  Жалайырдың  метафораларында  кездеседі.  Ол  орыс  патшасы  Борис  Фе-
дорович  Годуновқа  айтылған  арнауында  оны  мақтап-мадақтауда  табиғат  әлеміндегі 
құбылыстарға  теңейді.  Мысалы,  Автор  патшанының  тағын
  асқар  тауға
  ұқсатады. 
Тахтың  сенің 
тағға 
ұхшар  халқың  сенің 
сайа  дәулетге
  ұхшар 
(Тағың  сенің  тауға 
ұқсар, халқың сенің (сол таудың етегіндегі) дәулеттің көлеңкесіне ұқсар).
 Табиғат 
құбылыстарына  теңеу  өз  алдына,  ал  олардың  бойында  жатқан  терең  ой,  мағына, 
қасиеттер символдың көмегімен жүзеге асады.
Яғни символдық сипатқа ие  болған табиғаттағы құбылыстар жазба ескертікіштерден 
айқын  көрініс  табады.  Ахмет  Иүгінекидің  жыр  жолдарында  аспан  шырақтары  күн 
мен түн, ай мен жұлдыз, жарық пен қараңғы, жақсылық пен жамандық т.б. қарама-
қайшылықтан  туындаған  тілдік  символдар  бір  сөйлем,  бір  абзац    немесе  мәтін 
көлемінде де берілгенін аңғаруға болады.  Мәселен, автордың көркем ойлау жүйесіндегі 
символдық репрезентациясы мәнмәтінде былайша көрініс табады: 
Йаратты  уғаным түнүң күндүзүң
Өтүп  бири бирга йүрүр өң соң-а
Түнәтүр түнүңни күнүң кетәрип
Күнүң  кетәрип баз йарутур  таң-а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет