Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет52/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   165
ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ 
АРАБ-МҰСЫЛМАНДЫҚ ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Г.У. Қабекенов
Атырау облыстық Әдістемелік кабинеттің директоры, PhD доктор
Бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі – төл мәдени дәстүрлерін жақсы білетін, өз 
халқының тарихын сүйетін, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Елде  бірнеше  тілде  еркін  сөйлей  алатын,  заманға  сай  ақпараттық  технология-
ларды игерген белсенді жас ұрпақ өсіп келе жатыр. Сонымен бірге халқының руха-
ни  құндылықтарын  игермеген,  өз  тарихын  білмейтін  жас  ұрпақ  қазіргі  жаhандану 
ағынына  төтеп  бере алмай  түрлі  догмалық бағыттарға  еріп  кету  қаупі  бар екендігі, 
жасырын жабықтан сығалап тұрғаны ақиқат.
Мемлекеттің  осы  тұрғыдағы  міндеті  –  жас  қазақстандықтарды  патриоттық  рухта, 
халқына  деген  сүйіспеншілік  рухында  тәрбиелеу.  Бұл  мәселені  жан-жақты  талқылау 
және тиісті шешім қабылдау үшін ұзақ мерзімді болашаққа арналған жұмыс жоспарлары 
жасалып, оларды жүзеге асыру қолға алынып отыр. Мәдени мұра – орны толмас құнды 
рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім 
мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл табиғи байлықтармен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйла-
уы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.
Осы  орайда,  орта  ғасырдағы  араб-мұсылман,  түркі  халықтары  ойшылдары  мен 
ғұламаларының шығармалары мен туындылары және олардың тәрбиелік, танымдық 
құнының зорлығы ойға оралады.
Еліміздегі  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберінде  тамыры  терең,  асыл 
мұраларымыз  бен  тарихи-мәдени  қазыналарымыз  жинақталып,  ұлт  болшағына 
арналған  келелі  істер  атқарылды.  Ортағасырдағы  араб-мұсылман,  түркі  халықтары 
ойшылдардының  шығармалары  мен  туындылары  қазақ  тіліне  аударылып  көпшілік 
оқырманға жолданды.
Орта  ғасырдағы  педагогикалық  ойдың  дамуы  араб-мұсылмандық  мәдениетпен-
тығыз байланысты. Сол дәуірдегі ғылым мен білімнің жан-жақты қанат жаюы ерек-
ше  құбылыс  болып  саналады.  Адамзат  тарихында  жас  ұрпаққа  тәлім  мен  тәрбие 
беру дің теориялық-тәжірбиелік тұрғыдан жинақталған бай қоры бар. Ерте заманнан 
бері  өскелең  ұрпаққа  тәрбие  берудің  классикалық  үлгісі  –  дін.  Шығыс  және  батыс 
елдеріндегі орта ғасырда мемлекет басқарудың да, ұрпақ  тәрбиелеудің де, ғылыми 


112
дүниетаным қалыптастырудың да, теориялық тұжырымдамалар жасаудың да негізгі 
өзегі дін арқылы жүзеге асырылды. Сондықтанда араб-мұсылман, түркі елдеріндегі 
педагогикалық ойдың қалыптасуына ислам дінінің өзіндік ықпалы зор болды.
Ислам діні адам баласының рухани жетілуіне ықпал ететін барлық ілімдерді үйренуге 
шақыратын – ақиқаттың ақ жолы. Мұсылмандық қырық парыздың бірі – ілім мен өнер 
үйрену. Егер шариғи ілімді меңгерумен тоқталу ол парызды толық атқарғанмен бірдей 
болмайды. Сондықтан да Ислам діні бойынша әрбір мүмин мұсылман ғұмыр бойы 
қажетті, таза, пайдалы білім алуға міндетті. Адам өміріне, болашағына пайдалы ілім 
мен ғылымды оқып-іздену және оларды ұштастыру арқылы ғана пенде Аллаһтың бе-
рер нығметтеріне қол жеткізіп, мол сауапқа ие болатындығы  туралы діни еңбектерде 
жиі айтылады.
Баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы үшін, ұстаздың өз бойында өте ерекше жақсы 
сипаттар болуы керек. Ұстаз тек ілім үйретуші ғана емес, сонымен қатар, баланың ой-
санасын, өмірін қалыптастырушы, ақылшысы. Ислам дінінің теориялық негіздерінде 
де, оны зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде де оқу мен тәрбиенің маңыздылығын 
жан-жақты зерделеген. 
Шығыс ғұламасы, медицина ғылымының атасы Ибн Сина: «Баланы оқытушы адам 
дін иесі болуы керек. Көркем мінезді, ақылды, байсалды, баладан нәтиже шығаратын, 
өзін сыйлата білетін адам болуы тиіс. Қатал көріну балаларды ұнатпай қарау олардың 
оқуға деген ынтасын жоғалтады, тіпті қашып кетуіне себеп болады» –  деген. 
Оқу-тәрбие  үдерісіндегі  баланың  психологиялық,  физиологиялық  жас  ерекше-
ліктерін ескеру заңдылықтарын Ислам діні бағытындағы ғалымдар да іс-тәжірибесінде 
қолданған. Оған Имам Ғазалидің нақыл сөздері дәлел болады: «Балаға оқитын жерінен 
тұрғаннан кейін оған ойнауға рұқсат берілуі тиіс. Сабақтан шаршағаннан кейін, оның  
сергитін  ойынмен  ойнағаны  абзал.  Ал  егер  баланы  ойыннан  тыйып,  үнемі  сабаққа 
күштейтін болса, ол оның жүрегін әлсіретеді, зеректігін жояды». 
Әбу Хамид әл-Ғазали (1058-(59)-1203) –  адамзат тарихының ойлау жүйесіне жаңаша 
серпіліс әкелген ұлы ғұламалардың бірі. Ол Хорасан уәләятындағы Туси шаһарынан 
20  шақырым  жердегі  Ғазали  елді  мекенінде  дүние  есігін  ашқан.  Тусидегі  Ахма  ар 
Радгонийден,  кейін  Нишапурдегі  әл-Жуванийден  тәлім  алады.  Әл-Ғазали  ислам 
дініндегі сопылық бағытты дамытушы ғалым ретінде танымал болды. Ғалым фило-
софия, логигка, теология, құқықтану сияқты көптеген ғылым салалары бойынша жал-
пы көлемі жүзге тарата ғылыми мұра қалдырды. Ислам ғылымы саласындағы құнды 
ғылыми ізденістерін бағалаған халық Имам Ғазали деген атақ берді.  Имам Ғазалидің 
кеңінен танымал болған еңбектері: «Жәуһар», «Орталық», «Қысқа», «Қорытынды», 
«Мұстафа», «Жас шыбық», «Философтарды  бекерге шығаруы», «Адасудан арылу», 
«Көзқарасты анықтау», «Ілім өлшемі», «Әдемі есімдер –  Алла есімдері», «Шығыс», 
«Мақсат  пен  уақыт  аралығынды»,  «Құстар  жайлы  кітапша»,  «Хақ  жолының  баста-
масы»,  «Ей,  перзент»,  «Діни  ілімдердің  тірілуі»,  «Алла  есімдерінің  мағынасы»,  
«Түсінулер», «Бақытқа жету әлхимиясы» және т.б.
Зерттеуші  ғалым  Жалғас  Садуақасұлының    Әбу  Хамид  Әл-Ғазалидің  «Жан  тәр-
биесі»  еңбегінен  аудармасында  адам  бойындағы  көркем  мінезді  қалыптастырудың 
педагогикалық-психололгиялық  негіздерін  сипаттайтын  көрсеткен.  Мұсылмандық 


113
теория бойынша адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі – көркем мінез. «Аллаһ 
мінез-құлықты көркемдеу міндетін пендесінің табандылығы мен жігеріне тапсырды. 
Өзінің ескертуі мен жәрдемі арқылы шынайы құлдарына мінезді тәрбиелеу жолындағы 
машақатты жеңіл қылды... Көркем мінез – елшілер мырзасының сипаты, шыншылдар 
амалдарының абзалы, тақуалардың тер төккен еңбектерінің жемісі, Аллаһқа құлшылық 
еткен пенделердің ризалығы. Дәлірек айтқанда, жақсы мінез – діннің бөлігі» [1]. 
Осылайша ғұлама ғалым Ғазали көркем мінездің адам өміріндегі алатын орны ерек-
ше деп көрсеткен. 
Әл-Ғазали  әрбір  отбасы  балаларының  зеректігі  мен  қабілеттілігі  де  әр  түрлі 
болатындығын  ескеру  керектігін  айтқан.  Баланың  достарының  кім  екеніне  мән 
беріп отыру, оған дұрыс, әдепті достар таңдауға көмектесу керек. Себебі бір ортада 
жүрген олардың қылықтары бір-біріне қатты әсер ететіндігі анық. Баланың тумысы-
нан жақсы қалыптасқанымен де достары жаман, тәрбиесіз тәртіптері нашар болса, ол 
бала да көп ұзамай-ақ, сол достарының ықпалынан бұзыла бастайды. Бұл педагоги-
ка ғылымындағы баланың мінез-құлқының қалыптасуына шағын әлеуметтік ортаның 
психологиялық әсер ету әлеуетін айқындап тұр.
Ибн  Халдун (1332-1406) «Мұқаддиманы» еңбегін жазу арқылы әлемге аты әйгілі 
болды. Ибн-Халдун (Испаниядағы белгілі тайпаның аты – ауд.) тарихына арналған 
«El-iber» атты 7 томдық кітап жазып шықты. 
Өмірінің соңғы 14 жылында ол Мысырда тұрған. Ибн Халдунның сегіз жылдық 
шығармашылық өмірінде жазған сегіз томдық еңбегі тек тәлім-тәрбиеге толы бола-
тын. Сегіз томдықтың біріншісі «Әл-Ибәр» атты еңбектен құралған. 
«Мукадимменің» түрік тіліндегі аудармасы 1500 беттен тұратын екі томдық еңбек. 
Ибн  Халдун  «Мукадиммені»  5  айда  жазып  бітірген.  «Мукадиммеде»  55жылдық 
білім  мен  мәдениет  жиынтығы  өте  құнды  еңбек.  Осы  еңбегі  арқылы    әлеуметтану 
ғылымының атасы атанды. Ибн Халдун мәдениетті, әлеуметтануды және экономиканы 
кеңінен сипаттайды.  Оның пікірінше, дін – адамның әлеуметтік өмірінің бір көрінісі. 
Ибн-Халдунның күллі әлем танып мойындаған осынау шығармасындағы көптеген 
ой-пікірлерін Еуропа ойшылдары одан қаншама уақыт кейін ғана қолға алып, зерт-
тей  бастады.  Оның  аталмыш  кітабында  дәл  сол  уақытқа  дейін  жазылған  жазба-
ларда  ұшыраса  қоймаған  аса  маңызды  –  екі  негізгі  тұғыр  көзге  анық  көрініп  тұр: 
оның  біріншісі-тарихи  материалдарға  сын  көзбен  қарау,  ал  екіншісі-оқиғалар  мен 
құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтап талдай білу тәсілі болып табылады.
«Мұқаддима» атты ұлы шығармасын Осман ғалымдары арасынан Ахмет Жаудат 
Паша түрікшеге аударып, жұртшылыққа танытқан еді. Бұл шығармада Ибн Халдун 
өзінің адамдардың қауымдастығы туралы әлеуметтанушылық туралы көзқарастарын 
айқындайды.  Адамдардың  жеке  өмір  сүргеніне  қарағанда  топтасып  тіршілік  етудің 
тиімділігін атап көрсетеді. Ғалым шығармасында жоғарыда айтылған ойлары былай-
ша суреттеледі:
«Адамдар  қоғамдастығы  қажет! Даналар  бұл  қағиданы  сөз  еткенде, адам  табиға-
тына  қарай – полисты(маданийй) жан  екенін  дәлелдейді. Бұл  адамның  қоғамдастық  
құрмай  тұра  алмайтынының  айғағы. Қоғамдастықты «полис» терминімен  белгілейді 
(мадина). «Қамсыздану» мәні  осында... Адамды  Құдай  тағам  табуға  табиғаты (фит-


114
ра) және  қабілетіне (кудра) қарай  бағыттады. Бірақ қажетті  ас – су  табу  үшін  бір  
ғана  қабілеті  жеткіліксіз: ол  адамды  өмір  өзегі (мадда) қамтамасыз  ете  алмайды [2].
Мысал  үшін  ең  шағын  нәрсені  алайық: нақты  айтсақ, бидай  асының  бір  күндік  
өлшемін. Оны  өңдеусіз  дайындау  мүмкін  емес: ұнды  елеп, қамыр  илеп, [нанды] 
пісіру  қажет. Осы  жұмыстың  әрқайсысы  белгілі  бір  ыдыстар  мен  құралдардың  
болуын  талап  етеді. Ал  олардың  өздерін  жасау  үшін  көптеген  кәсіп  иелерінің: 
ұстаның, ағаш  шеберінің, саз  шеберінің  еңбегін  қажет  етеді. Осының  бәрін  не-
месе  бір  бөлігін  де  бір  адамның  қабілетіне  сүйеніп  іске  асыру  мүмкін  емес. Сол  
себепті  адам  өзіне  де, басқаға  да  тағам  табу  үшін  өз  тегінің  көптеген  өкілдерімен  
бірлеседі. Осындай  бірлестік  арқасында  көп  адамның  тұтынушылық  қажеттілігі  
қанағаттандырылады». 
Бұл келтірілген ой арқылы ғалым адамдар арасындағы еңбек бөлінісінің мәнін ашып 
беріп отыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың үнемі жүзеге асуын, белгілі бір 
кәсіп иелерінің іс-әрекеттері бірі-біріне тығыз байланысты екендігін анғаруға бола-
ды. Қазіргі уақыттада қоғамдағы кешенділік, тұстық жүйелерінің сақталу қажеттілігін 
назарға алғанымыз дұрыс деп есептеймін.
«Жаратқан  әрбір  жанға  өзін  қорғай  алатын  ерекше  мүше  бітірді. Ал  адамға  
мұндай  мүшенің  орнына  ой  мен  қол  берді. Қол, ойға  қызмет  етіп, кәсіпті  дамытуға  
мүмкіндік  береді. Кәсіпті  адамға  қару  береді. Бұл  қаруды  адам  басқа  тірі  жан  
қорғанысқа қолданатын  мүше  орнына  пайдаланады»... Бұл айтылған ой негізінде 
адам баласына ақыл-ой, сана мен сезім бергендігін ерекшелеп айтқан. Адам саналы 
ойдың иесі бола тұра, бойымыздағы асыл қасиеттерімізді орынды пайдалануымыз аб-
зал. Адамдар бойына берілген ақыл-ой арқылы кәсіпті дамытуға, жетілдіруге мүделі 
екендігімізде ескертіп кояды. 
Шығыс елдеріндегі белгілі қоғамтанушы Ибн Халдунның педагогика, әлеуметтік 
педагогика саласындағы ой-пікірлерінің маңызын зор санаймын.
Әбу  Жафар  Мұхаммед  ибн  Жәрир  Тәбәри  (224-225/839—310/923)  Әбу  Жафар 
Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәри шамамен 839 жылы Тәбаристандағы Амол деген қалада 
дүниеге келді. Шыққан тегі – ирандық. 
Ат-Тәбәри тарих, фикх, Құран тәпсірі ғылымдарынан басқа ол поэзиямен, лекси-
кографиямен,  грамматикамен,  этика,  математика  және  медицина  ғылымдарымен  де 
айналысқан.  
Ат-Табари  артына  әртүрлі  тақырыпты  қамтыған  оннан  аса  шығарма  қалдырған. 
30 томнан тұратын «Джами ал байан фи тафсир ал-Қоран» атты Құранның тәпсірі,  
әртүрлі  заң  мектептерінің  құқықтық  теорияларын  талдаған  4  томнан  тұратын  «Ки-
таб ихтилаф ал фукаха» еңбегінен басқа Ат-Табаридің даңқын шығарған әлем тари-
хын  қамтыған  ең  ірі  шығармасы  «Тарих  ар-русул  ва-л-мулук»  яғни  «Пайғамбарлар 
мен  патшалар  тарихы».  Бұл  шығармада  ат-Табари  әлемнің  жаратылысынан  бастап 
өзіне дейінгі яғни IX ғасырға дейінгі ірі оқиғаларды жазған. Ол аталмыш еңбегінде 
Библия патриархтары, пайғамбарлар, ежелгі дәуір билеушілері, Сасанид патшалары, 
Мұхаммед  пайғамбар  мен  оның  халифтары,  Омейядтықтар  мен  Аббасидтер  жайлы 
көп мәлімет береді. Автор шығармасын 914 жылы аяқтаған. Хадж Хальфаның куәлігі 
бойынша алғашында шығарма 30000 беттен тұрған көрінеді. Кейін ат-Тәбәри оны өзі 


115
қысқартқан. Сонымен қатар бұл шығарманың парсы тіліндегі Балами нұсқасы да кең 
танымал. Шағатай тіліндегі нұсқасы да сақталған [3].
«Тәбәри тарихының» екінші бір аты «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы». Тәбәри 
бұл тарихты дайындағанда адамдарды бір жылнамалық тізбек бойына жүйелеп ор-
наластырып,  содан  кейін  олар  туралы  оқиғалар  мен  аңыздарды  қисынды  желіге 
түсіруге  кіріскен  сияқты.  Бәлкім,  ол  тарихты  жасаушылар  мен  оның  оқиғаларын 
қалыптастырған осы пайғамбарлар мен патшалар деген көзқараста болған шығар.
Тәбәри тарихының кейбір бөлімдерін қайта жазғанда, мүмкіндігінше, жазушының 
баяндау  әдісінің,  ойы  мен  мақсатының  сақталуына  көп  күш  салынды.  Соңдықтан 
пайғамбарлар өмірі мен жеке тұлғалар, немесе олардың ел-жұрты жайлы жазылғанда 
кейде  әсірелеу,  қиялдан  қосуға  ерік  беру,  кей-кейде  шындықтан  шығандап  алыстап 
кету де кездеседі.
Ойдан қосу, әсірелеу және қиялға ерік беру, бәлкім, шындықтан шалғай да шығар. 
Әйтсе де олар Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің өзінің суреткерлік әдемі қиялы мен 
ой әлемінің, баяндау әдісінің көрінісі. Біз жоғарыда баяндалған ғұлама ғалымдардың 
бірсыпырасы ғана. 
Қорытындылай  келе,  орта  ғасырда  ғұмыр  кешкен  ойшылдардың  ғылыми-
шығармашылығы мен тағылымды мұраларына қысқаша талдау жасалынды. Ғалымдардың 
педагогикалық  бағыттағы  ойларының  мәні  мен  мазмұнына  тоқталып  өттік.  Ғылыми 
педагогикалық  толғаныстарға  толы  орта  ғасырлық  ғалымдар  еңбектері  жан-жақты 
зерделеніп, жастарды тәрбиелеу үдерісіне пайдалану маңызды деп санаймын.
Әдебиеттер:
1. Хамид әл-Газали. Жан тәрбиесі // Араб тілінен аударған және түсініктерін жазған 
Ж. Садуақасұлы. – Алматы: Арыс, 2009. – 92 б.
2. Ибн Халдун ал Мукаддима // Историко-философский ежегодник.  – М.: Наука, 
2008. – С. 187-217.  
3.  Мұхаммед  ибн  Жәрир  Тәбәри  Тәбәри  тарихы.(парсы  тілінен  аударған  Айнаш 
Қасымқызы).  – Алматы, 2006. –117 б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет