мән-а (47 б, 1-2);
һич ұхламай дидарыны көрдүм мән-а (47 б, 11,12). Тек
мән
емес,
сән есімдігі де
а көрсеткішімен келеді:
көб халайиқ айтадүр үшбу кіші бимәрмән дүр/ мән талибымны тапмадым мән зармән деп айт сән-а (98 а, 1, 2, 3);
әгәр диýанасән тағдын өзүң ташла сән-а (98 а, 9, 10).
Ғалым
мана, сана құрамындағы -
а элементін қаратпа сөзге, бастауыш, баяндау-
ыш болып тұрған сөздерге көңіл аударту, олардың мәнін күшейте түсу сияқты қызмет
атқаратынын айтады: «Зер сала қарасақ, бұлайша тұлғаланған мән, сән есімдіктері І
және ІІ жақта айтылған етістіктері бар сөйлемдерде келеді:
биғам болұб йер астыгә кірдім мән-а (38 б, 3, 4)... Мұндағы
мән есімдігі – бастауыш, бірақ ол сөйлемнің
соңында келіп тұр, ал өлең мәтінінде инверсия, яғни бастауыштың баяндауыштан соң
келуі – кәнігі құбылыс. Демек, бұл жерде «мән йер астыға кірдім, мән дәрйа болұб
таштұм» деген сөйлемдерді түсінеміз, сондықтан -
а элементі есімдікке жалғасып, оны
күшейту оған көңіл аударту қызметін атқарып тұр... Шылау сөздің немесе басқа бір
толық мәнді сөздің аффикс қатарына өтуде оның орналасу позициясының, яғни ин-
версияланатын әрекетінің рөлі зор екенін айтқан зерттеушілер де бар. Мысалы, бір
нәрсені (айтушыны не тыңдаушыны, мезгілді, қимыл амалын т.с.с.) баса көрсету үшін
белгілі бір сөздердің сөйлемнің ең соңына көшіп, инверсияға ұшырайтыны айтылады.
Бұған біз мен, сен, ол есімдіктерінің сөйлем соңында қайталануын мысалға келтіре
аламыз. Хикметтердегі:
хуррам болуб йер астыға кірдім