159
Біз бұл мақаламызда ауызекі сөйлеу тілінде қолданысқа түсетін қалып сөздердің
бір түрі «қарғыс сөздер» жайлы сөз етпекпіз. Қазақ сөз мәдениетінде қарғыс сөздердің
мағынасын анықтағанда, оған қарсы мәндес келетін алғыс сөздер қатар айтылады.
Мәселен, энциклопедиялық сөздікте: «Алғысқа қарама-қарсы ұғым қарғыс деп атала-
ды. Демек, қарғыс – зәбір-жапа шегіп, адамның зәбірлеушісіне ашынып айтқан зілді,
кейіс сөзі, лағынеті. Қарғыс – парапсихологияда тіршілік иесінің зәбірлеушіге қарсы
кері әсерлі, қуатты күші» [1], деген анықтама беріліп, қарғыстың алғысқа қарама-қарсы
ұғымда екені аталады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында ғалым С.Түлекова алғыс және
қарғыс мәнді сөздерді қолданысы жағынан, мағыналық топтарға ажырату тұрғысынан,
грамматикалық сипатына қарай жан-жақты зерттеп, тіл ғылымына танытқан [2]. Адам-
дар арасындағы қарым-қатынастан туындайтын көңіл күй лебіздерін зерттеу нысана-
сына алған зерттеуші С.Бизақов қарғыс сөздерге мынадай анықтама береді: «Қарғыс
тек қорлық көрген, азапталған кезде ғана емес, көңіл күйі болмай, қатты кейігенде,
керегінен айрылып, өкінгенде т.б. жағдайларда да айтылып қалады. Мән-мағынасы
алғыс пен бата-тілекке керісінше болып келетін қарғыс пен лағынетті білдіретін
сөздер адамшылыққа жатпайтын оғаш, жан түршігерлік қиянатты қылмысты қылық
көрсеткендерге қарата айтылады» [3,193]. Бұл тұжырымдар қарғыс қалып сөздері
тілдік сипатқа, психологиялық себепке ие, ерекше көңіл күй жағдайымен байланысты
тілдік құбылыс екенін байқатады.
Қарғыс мәнді сөздер – бүкіл Түркі мәдениетіне ортақ тілдік бірліктер. Оның дәлелі
– қарғыс сөздердің түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби ескерткіштерде кеңінен
орын алуы. Бауырлас түрік тілінде де қарғыс мәнді қалып сөздердің сан алуан түрі
кездеседі. Түрік тілінде қарғыс «beddua» (бәддуа) деген атауға ие. Парсы тілінің
«жаман, жағымсыз» мағынасын беретін «бәд» сөзі мен араб тіліндегі «дұға» сөзінің
бірігуінен қалыптасқан «бәддұға» сөзі «жаман тілек» мағынасын беретін, қарапайым
тілмен айтқанда, дұға сөзіне қарсы мағыналы сөз.Анадолының кейбір аймақтарында
аһ, бедат, иленч, инкисар, каргыш, карыш, лағнет деген атаулары да бар.
Түрік тілінде қарғыс сөздерді Х.КамильТойгар [4], ЕролКайа [5], СамиАка-
лын [6], ДоғанКайа [7] сынды зерттеушілер жинақтап, топтастырып, жіктеп, өз
зерттеулеріне арқау еткен. Алайда, бүгінгі таңда қарғыс сөздер тілтанымдық тұрғыдан
қарастырылмаған. ДоғанКайа тарапынан қарғыс сөздерге «шарасыз күйде қалған,
қиналған, жамандыққа душар болған адамның ішіндегісін шығару, тыныштану
мақсатында айтқан жаман ойлары мен тілектерінен құралып, тілге ерекше стильдік
реңк беретін қалыпқа енген сөздер» [7], деген анықтама беріледі. Кез келген мәдениетте
орын алған қарғыс сөздер дертке шара іздеудің салдарынан туындаған. Басқаша
айтқанда, қарғыс сөздер жамандыққа ұшыраған кісінің өзін осы күйге түсірген жанға
қарсы айтқан негатив ойлары мен тілектерінен тұратын сөз орамдары болып табыла-
ды. Сонау көне түркіден бүгінгі таңға дейін қоғамның мәдени деңгейі өзгергенімен,
адам
баласы дұға-тілек, бата, алғыс, қарғыстарды әлі күнге дейін қолданып келеді.
Қазақ және түрік тілінде кездесетін қарғыс мәнді сөздердің көне түркіден бұл күнге
дейін тақырыптық жақтан бай болуы, оларды белгілі бір түрге бөліп жіктеуде қиындық
қалыптастырады. Себебі тілдік қатынаста адамды қарғыс айтуға итермелейтін әртүрлі
жағдайлар болады. Қарғыс айтудың негізгі мақсаты біреуге жамандық тілеу болса,
адам өлтіруден бастап, жаман сөз сөйлеуге, отбасының береке-бірлігін бұзуға және т.б.
160
кері әрекеттерге қарсы айтылатын қарғыстың алуан түрлері болады. Сондай-ақ, ғалым
С.Бизақов қарғыс мәнді сөздердің «малға айтылатын зілсіз қарғыс», «өтірік қарғау»,
«ант-су ішіп қарғану» тәрізді түрлерін де атап көрсетеді [3].
Түрік тіліндегі қарғыс мәнді сөздердіңкөбі ел, отбасы, тау-тас, өзен-көл, табиғат,
хайуанаттар мен аспанға қатысты айтылумен бірге,адамдарға қарсы бағытталады.
Олар адамның дене мүшесі, өмірі мен өлімі, мал-жаны, наным-сенімі, ата-тегіне
қатысты сөздер болып табылады. Қарғыс мәнді сөздердің айтылу себептері, уақыты
мен жағдайы адамның мінез-құлқына байланысты әралуан болғанымен, олардың
ортақ сипаты ретінде шарасыздықтан туындайтындығын байқауға болады.
Қазақ және түрік тілінде кездесетін қарғыс сөздердің тілдік, әлеуметтік, діни және
психологиялық аспектілері болатынын ескеретін болсақ, олардың қолданыс аясы екі
тілде әртүрлі болып келеді.
Түрік тілінде кездесетін қарғыс мәнді сөздердің көп бөлігі «Алла» сөзімен баста-
лады. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: