Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет69/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   165
 Allah kahretsin
 (Алла көзіңді құртсын), 
Allah evini başına yıksın
 (Алла 
шаңырағыңды шайқалтсын), 
Allah sana bilinmez dertler versin
 (Алла саған күтпеген 
дерт берсін), 
Allah gözünü kör etsin 
(Алла көзіңді көр қылсын), 
Allah seni sürüm sürüm 
süründürsün
 (Алла сені тентіретсін), 
Allah cezanı versin
 (Алла жазаңды берсін) және т.б. 
Кейбір қарғыс сөздер мұсылман дініндегі жиі кездесетін атаулар, ұғымдармен байла-
нысты болады. Атап көрсетсек,
 Kuran çarpsın kör olası 
(Құран ұрсын, соқыр болғыр), 
Cehennem kütüğüne dönesin 
(Тозақтың отыны болғыр), 
Dinsiz imansız gidesice
 (Дінсіз, 
имансыз кеткір), 
Sebep olanlar cennet yüzü görmesin
 (Себеп болғандар жәннат жүзін 
көрмесін), 
Yerin dibine batasıca
 (Жердің түбіне батқыр), 
Başın teneşirleregele
 (Басың 
табытқа  келгір), 
Şeytanın  şerrine  uğrayasın
  (Шайтанның  жамандығына  ұшырағыр), 
Cehennemin dibine git
 (Тозақтың түбіне кет), 
Mezarda rahat yatamayasın
 (Қабірде ра-
хат таппағыр), 
Yüzünü tene şirpaklasın 
(Жүзіңді табыт ағартсын), 
Lanet olsun
 (Лағынет 
болғыр), 
Öbür dünyada iki elim yakanda
 (О дүниеде екі қолым жағаңда), 
Arefeyi gör, 
bayramı görme
 (Арапаны көр, айтқа жетпе), 
Gözünü toprak doyursun
 (Көзіңді топырақ 
тойдырсын), 
Ruz-ımahşerde cevabını veremeyesin
 (Рузи махшарда жауабыңды бере ал-
май қал), 
Yerin yedi kat dibine giresin 
(Жердің жеті қат түбіне кір), 
Deli divane olasın 
(Жын  басқыр)  және  т.б.  Сондай-ақ,  адамның  жеке  басына,  дене  мүшелеріне,  бала-
шағасына, отбасы, ата-анасына қатысты қарғыс сөдер де аз емес, атап айтсақ, 
Dilin 
tutulsun inşallah
 (Тілің тұтылсын), 
El yüzüne çıkamayasın
 (Ел бетіне қарай алмай қал), 
Boğazında  kalsın
  (Тамағыңнан  өтпей  қалсын), 
Çenen  çekilsin
  (Жағың  қарыссын), 
Anasında nemdiği süt burnundan gelsin 
(Анасынан емген сүт мұрнынан шықсын), 
Bağır 
sakların  dökülsün
  (Шек-қарның  ақтарылсын), 
Rezilrüsva  olasın
  (Масқара  болғыр), 
Aklın kurusun
 (Ақылыңнан адасқыр), 
Bahtın kara ola
 (Бақытың ашылмағыр),
 Dut yemiş 
bülbüle dönesin
 (Тұт жеген бұлбұлға айнал), 
Ekmek aş bulamayasın
 (Ас таппай қалғыр), 
Kapı kapıdi lenesin 
(Есіктен есікке жүгіргір), 
Hevesin kursağında kalsın
 (Әуесің ішіңде 
қалсын), 
Kazancının hayrını görme
 (Тапқаныңның қайырын көрме), 
Zürriyetin kesilsin 
(Ұрпағың  жалғаспасын), 
Evlat  yüzü  görmeyesin
  (Бала  көрмей  қалғыр), 
Çoluğunun 
çocuğunun hayrını görmeyesin
 (Бала-шаға қызығын көрмей қалғыр) және т.б.
Қазақ тілінде кездесетін қарғыс сөздердің де мағынасы мен тіл танымдық сипаты 
сан алуан. Әдетте, қарғыс жоғарғы жаратушыдан тіленеді. Көне түркіден бұл күнге 
дейін Тәңірден, Құдайдан Алладан жарылқау тілеп келген халқымыз, ашу-ыза үстінде 


161
адам баласына, малына жамандықты да Тәңірден, Құдайдан, Алладан сұрайды. Қазақ 
тіліндегі қарғыс мәнді сөздердің құрамында Тәңір, Алла, Құдай сөздері түрік тілімен 
салыстырғанда кезектесіп қолданыла береді. Мәселен, 
Алла жазаңды берсін – Құдай 
жазаңды берсін – Тәңір жазаңды берсін; Алланың кәрі тиді – Құдайдың кәрі тиді; 
Құдай тілеуіңді бермесін – Алла тілеуіңді бермесін; Құдай төбеңнен ұрсын – Алла 
төбеңнен ұрсын
 және т.б.
Көне заманнан бастап адамзат жеткізіп, дамытып келе жатқан әдет-ғұрып мен салт-
дәстүрлер арасында қарғыс сөздер, әдейі не абайсызда болсын, ғасырдан ғасырға, бір 
заманнан екінші заманға жеткізіледі. Қолданылған сөздер өзгерсе де, уақыт өте келе 
жаңа түрлермен қарғыс сөздердің  қоры қайта молаяды, адам қарғыс сөздерден бас 
тарта алмайды. Басына іс түскенде, шарасы таусылған әр сәтте Жаратушысына жалба-
рынып тұрып, әділеттілік үшін кері дұға тілейді. 
Қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  күнделікті  өмір  тірлігіне  байланысты 
қарғыс  сөздерді  әртүрлі  жіктеуге  болады.  Дегенмен  де,  өмірі  малмен  байланысты 
болғандықтан, тілімізде малды қарғау, малмен қарғану түрлері жиі кездеседі. Мәселен, 
Ала күлік келгір, Арам қатқыр, Қараң батқыр, Сайтан алғыр, Мал көрмегір, Нәсілсіз 
итболғыр,  Қарасан  келгір
  және  т.б.  Басқа  қарғыстың  түрінен  малға  қарата  айтқан 
қарғыстың өзіндік ерекшеліктерін атап өтеміз. Себебі мұнда ашыну, зілденуден гөрі 
кею мәнде айтылу басымырақ. Малға қарата шын мәніндегі жамандық тілеу болмай-
ды. Тілдегі малға қарата айтылған тілек мәнді сөздер қазіргі тілімізде сол қаз-қалпында 
сақталғанымен, қарғыс мәнді сөз тіркесінің бірқатары қазір ауыспалы мағынада және 
штамп сөздер ретінде қолданылады. 
Сонымен  қорыта  келе,  қарғыс  мәнді  сөздер  қазақ  тілінде  болмасын,  түрік  тілінде 
де болмасын айтылған кезде адамның сол сәттегі сезімін, ішкі жан қиналысын береді. 
Алайда, айтылу себептері белгілі, санаулы болады. Ол себептер адамның мінез-құлқы-
на,  өмір  сүру  жағдайына,  шартына  және  басынан  өткізген  оқиғасына  байланысты 
өзгеріп  тұрады.  Қарғыс  сөздерді  саралай  келе,  адамды  қарғыс  айтуға  итермелейтін 
төмендегідей себептерді атауға болады: а) отбасы немесе қоғам тарапынан ұятты бо-
лып есептелетін әрекетке барған адамды қарғау; ә) күнделікті өмір барысында кісілер дің 
бір-біріне айтқан, зілді, зілсіз қарғыстары; б) адам баласына қасірет әкелетін зұлымдық 
жасаған  кісіні  қарғау;  в)  ұлттық  езгіге  қарсы  айтылатын  қарғыс  сөздер;  г)  жауапсыз 
сезімге қарсы айтылатын қарғыстар және ғ) ар-намысы аяққа тапталғанда айтылатын 
қарғыстар.
Әдебиеттер: 
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 5-том. – Алматы, 1998.
2. Түлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер. Кан.дис-
сер. – Алматы, 1974.
3.  Көңіл-күй  лебіздерін  білдіретін  сөз  орамдары  /  Құраст.  Бизақов  С.  –  Алматы: 
ТОО «Самара-Принт», 2007. – 308 б.
4. Камиль Тойгар Х. Анкара фольклорындағы қарғыс сөздер. 1961.
5. Ерол Кайа. Ван бәддұғалары. 1968.
6. Сами Акалын. Түрік тілек сөздеріндегі алғыстар мен қарғыстар, 1990.


162
7. Доған Кайа. Дұғалар және бәддұғалар (қарғыс), 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет