180
ескерткіштерінің қайта қаралған нұсқасын береді. 1968 жылы түркиялық тіл мама-
ны Талат Текин «A Grammar of Orkhun Turkic («Орхон түркі тілінің грамматикасы»)
атты докторлық диссертациясын Америкадан басып шығарады. Мұнда ғалым Ор-
хон жазбаларын фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеп,
нақты мысалдар келтіреді. Кітаптың соңында «Күлтегін», «Тониқұқ», «Білге қаған»,
«Өнгін», «Күли Чор» мәңгі тастарының латынша транскрипциясы мен олардың
ағылшын тіліндегі аудармасы, Орхон ескерткіштерінің шағын сөздік кестесі берілген.
2004 жылы германдық түркітанушы – Марсел Ердалдың «A grammar of Old Turkic»
(«Көне түркі тілінің грамматикасы») атты еңбегі, 2005 жылы Жүңгө түркінатушысы –
Гың Шымин мырзаның «
古代突厥文碑铭研究
» («Көне түркі тіліндегі құлпытастарды
зерттеу»), 2010 жылы «
古代突厥语语法
» («Көне түркі тілі грамматикасы») атты зерт-
теу еңбектері жарық көрді.
Екінші Түркі қағанатына тән «Күлтегін» құлпытасы – руник жазуымен жазылған
түркі тілі ескерткіші. Ескертіште 38 таңба бар. Мұндағы 8 дауысты дыбыс 4 таңбамен,
8 дауыссыз дыбыс сингармонизм заңдылығына сәйкес 16 таңбамен берілген. Жеке
қолданылған
Достарыңызбен бөлісу: