Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ОРТАҚ ТЕРМИН – ОРТАҚ ТӘЖІРИБЕ



Pdf көрінісі
бет75/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165
ОРТАҚ ТЕРМИН – ОРТАҚ ТӘЖІРИБЕ
А.Қадырхан
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық 
үйлестіру-әдістемелік орталығы
Егеменді  ел  болып,  ес  жиып,  етек  жия  бастап  осы  күнге  жетіп  отырғанымыз 
тіліміздің арқасы деп білемін. Өйткені тіл болмаса қоғам да болмайды, ұлт та бол-
майды. Қай елде болмасын тіл қастерлі де құдіретті, ол ұлттың жаны, ары әрі ертеңгі 
болашағы.
Қоғамның негізін құраушы бірден-бір құрал – ол тіл екені айдан анық. Тіл арқылы 
қоғам да, ғылым да, орта да қалыптасады. Алайда, тілдің ашылмаған сан түрлі қыр лары 
мен сырлары бар. Оны қазбалап зерттеген сайын тілдің құдіреттілігін түсіне бастайсың. 
Тіл асқақтап дамыған сайын қоғамның байланысы да нығая түседі. Тәуел сіздік алғаннан 
бері еліміздің әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс-тіршілігі түзелді. «Қазақ тілі –  мемлекеттік 
тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты 
кілті», - деп  Елбасымыз айтқандай, қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси-әлеуметтік 
және  мәдени  қарым-қатынас  жасау  үстінде.  Мұндай  байланыстың  өзі  қоғамдағы  әр 
түрлі ғылым салаларының күннен-күнге дамып, оған қатысты сөздер тілдік қорымызды 


175
молайтып, тіліміздің мерейін асқақтату үстінде. Ал осы бір қоғамдық өмірдің барлық 
саласындағы сөздердің жиынтығын, олардың атқаратын негізгі қызметінің міндетін – 
тіл біліміндегі терминология атты үлкен бір сала қарастырады. Ғылым ордасында тер-
минология  саласының  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  күнделікті  ғылым  мен  техника 
дамыған сайын көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, қазақ тілінің терминдік жүйесін 
толықтырып жатады.  Жалпы термин деген не? деген атауға берілген ережелер әлі күнге 
дейін бір ізге түскен жоқ. Өйткені оған әр ғалым өзінше бір анықтама беріп, әртүрлі 
түсіндіреді.  Мәселен, 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энци-
клопедический словарь» деген еңбекте берілген анықтамаға академик І.Кеңесбаев  пен 
профессор Т.Жанұзақов қосыла келіп «Термин – ғылым, техника, сол сияқты тұрмыстың 
белгілі бір саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері» 
[1, 17 ] деп анықтама береді. Ал совет ғалымы  А.А.Реформатский «Термин дегеніміз – 
заттардың атауы мен дәл ұғымын білдіретін арнаулы өзінің ерекше қызметі жағынан 
шектелген, ғылым мен техника, саясат пен дипломатияда өте қажет сөздер» деп атап 
көрсетіп,  терминнің басты белгілеріне тоқталады:
«Термин  емес  сөздердің  мағынасы  контексте  ашылу  керек  те,  ол  термин  сөздер 
контекске тәуелді емес. Термин  сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат» - дейді. 
А.А.Реформатский терминнің екі жүйе ретінде қарастырады: 
•  терминологиялық жүйенің элементі ретінде;
•  жалпы  тіл  жүйесінің  элементі  есебінде  [2,  10],  ал  О.С.  Ахманова  «Словарь 
лингвистистических  терминов»  деген  еңбегінде  «Термин  –  бұл  арнаулы  қолданыс 
саласындағы ғылыми не өндірістік – технологиялық ұғымның атауы болып табыла-
тын және дефинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз немесе сөздер тіркесі» 
[3, 10] деп анықтама береді. Бұдан байқап отырғанымыздай әрбір ғалым «Термин» 
деген  атауға  анықтама  беретін  кезінде  олар  оның  басқа  ерекшеліктерін  көрсетіп, 
толықтырып отырған. Мәселен, В.П.Даниленко өз анықтамасында: «Для понятия тер-
мин нами принимается следующее определение: термин - это слово или словосоче-
тание специальной сферы употребления, являющееся наименованием научного или 
производственно – технологического понятия и имеющие дефиницию» деген [4, 11]. 
Дей тұрғанмен, соңғы кездері термин деген атауға мына бір ереже келтіріп жүр: «Тер-
мин дегеніміз – ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл 
көрсететін сөздер».
«Термин» атауының өзі әр кезеңде ұлт тіліне түрліше аударылып, оның бірнеше 
балама нұсқасы ұсынылды. 
Терминология саласы қазақ тіл біліміне сонау ХХ ғасырдың орта шенінен бастап ене 
бастады. Жалпы, бұл кезең біздің ұлт болып қалыптасуымызға, тіліміздің – мемлекеттік 
тілге, яғни ана тілімізге айналуына септігін тигізген гүлдәурен заман болды. Өйткені 
сол мезетте халқымыз сауатын аша бастап, ғылымға, білімге деген ізденістері жандана  
түсті. Тілдің әртүрлі өзекті мәселелері осы бір кезеңде ортаға салынып, талқыланып, са-
раланып жатты. Ал мұндай жақсы бір істің бастамасын жасаған, қайтсем тіліме, еліме, 
жеріме  пайдамды  келтіремін  деп  шырылдап  өткен,  мақтауға  тұрарлықтай  елдің  ең 
жақсы игілері маңдай терлерін төгіп тілдің одан ары дамуына өз үлестерін қосты. Осы 
бір ғасырдың басында ең алдымен,  Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ Алаш зиялы-


176
лары тұр. Олар ұлт арқылы тілді қалыптастыруды көздеді. Тіл дегеннен-ақ ойыңа бірден 
Ахмет Байтұрсынұлы оралады. Өйткені, бұл кісінің тіл үшін ізденген, артына мол мұра 
қылып қалдырған еңбектері өте көп. Тілдің қандай да бір саласын алып қарасаңыз бүкіл 
еңбекте Ахаңның аты аталмай қалмайды. Сонымен Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы 
Орынборда жарық көрген «Оқу құралы» атты еңбегінде терминология саласына қатысты 
сөздердің бастамасын, жүйесін келтіріп өтеді. Яғни бұл еңбектен сол кездегі термин 
болып қалыптасып, әлі күнге дейін қолданысқа еніп жүрген сөздерді кездестіруге бола-
ды. Атап айтар болсақ олар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет