қосар ый-мен
жазу қағидасының сол кезде–ақ орныққанын көрсетеді.
Және алдағы
уақытта осы қағида басшылыққа алынуы керек.
Еріндік дыбыстардың екінші тіпті
үшінші буында айтылуын қолдайтындар ы-ның жазылмауына, дүдамал естілуіне бай-
ланысты екінші буындағы еріндіктің айтылуын да, жазылуын да жоққа шығаруға бо-
213
латынын айтады. Осы тәжірибе соғыс жылдарындағы газеттердің беттерінде қағидаға
айналғаны байқалады. Мысалы:
1. Қоңрат – Қоңұрат
(емес). Бұл еріндік дыбыстың
екінші буында анық естілмейтінін байқатады. Сондықтан
емле түзу кезінде бұл
мәселе ескерілгені абзал. Өйткені еріндіктердің буынын көбейту грамматикадағы
ірі өзгерістерді тудырады. Техниканың, бағдарламалардың көмегімен ғана ғылыми
негіздеме жасалған соң ойлану керек.
Бұл арада жаңа жазуға көшер алдындағы проф. С. Аманжоловтың қазақ тіліндегі
жіңішке әріптер туралы айтқан пікірін келтірмеске болмайды: «Ал енді кейбіреудің
ойынша, әрбір жуан әріпті (а, о, и, ь) жіңішкерту үшін бастарына умлят (екі нүкте)
қойсақ қайтеді. Сөйтіп барып жіңішке ә, ө, у, і әріптерін жоғалтсақ болады дейтіндер
бар. Бұлардікі дұрыс емес. Өйткені әрбір дауыстының басынан сипап отыру ескі араб
әліппесінің жаман жағы болатын, оның өзі жазуды қиындатпаса, оңайлатпайды. Оны
өмірдің өзі әлдеқашан керексіз қылған. Біз жіңішке әріптердің түгел болу жағындамыз»
[6, 173-175 бб.]. Кейіннен орыс жазуына көшкен кезде де ғалым жіңішке әріптердің
орнын нақтылап көрсетіп береді. Соған қарамастан, екі түрлі жазу нұсқасы соғыс
жылдарындағы мерзімді басылымдардың беттерінде көпке дейін кездесіп, осы сияқты
сөздердің жазылу емлесіндегі жарыспалылықты тудырып отырды, сондықтан «-к,-г
дыбыстарына біткен термин сөздерге қосымшаны бірде жуан, бірде жіңішке жалғау
ережелері біздің көп жылғы жазу тәжірибемізде елеулі қиыншылық тудырды, жазу-
да бірізділік болмады, оларды оқыту, қолдану жұмыстары қиындады» [9, 277 б.]. Ен-
деше, ұзақ жылдар белесінде қалыптасқан норманы, ережелерді жетілдіру керектігін
қолдаймыз, бірақ мүлде өзгерту сияқты қадамға келгенде, ойлану жөн болар.
Әдебиеттер:
1. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, «Атлас баспасы – 2001. – Ал-
маты, 2006. – 199 б.
2. Әліппе айтысы. - Қарағанды. Кириллге түсірген Ш.Мәжітаева. – 1990.-105 б. -
100-102 бб.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы:Ана тілі. – 1992. – 414 б.
4. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Қазақ
университеті, 2006.-275 б.
5. Момынова Б. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы газеттердің тілі//ҚазҰУ Хабар-
шысы (филол.сер.) №4 (86), 2005.
6. Проект. ҚК (б)П Орталық Комитетінің жанындағы Жаңа алфавит ұйымдастыру
комитеті қабылдаған. Алматы, 1940//С.Аманжолов. Тіл және жазу. Өскемен, 2005. –
403 б.
7. Жұмағазина Р. Соғыс жылдарындағы газеттердің тілдік ерекшеліктері. – Алматы.
Филол. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. қолжазбасы.- Алматы, 2010.
8. Сыздық Р. Сөз сазы. – Алматы: Санат, 1995. 117-б.
9. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 470 б.
214
Достарыңызбен бөлісу: |