215
Е
– ашық, езулік фонема. Мәтінде ى әрпі арқылы берілген. Көбіне сөздің бірінші
буынында қолданылады: ев - үй, егил – еңкию, еркліг – ерікті, елліг – елдік, иемиш –
жеміс т.б.
О
– ашық, тіл арты, еріндік фонема. Мәтінде و әрпі арқылы таңбаланған, кейбір
кірме сөздерде болмаса негізінен алғашқы буында кездеседі: ойан – оян, ойағ - қырағы,
тоңуз – шошқа, торға – кесу, қошун - қосын, әскер т.б.
Ө
- ашық, тіл алды, еріндік фонема. Мәтінде و әрпімен белгіленген. Бірінші, екінші
буындарда қолданылады. Мысалы, өг – ой, өгдү - мақтау, өзрүл – таңдау, өгүтлә - кеңес
беру, дөрт – төрт, көкүс – кеуде т.б.
Ы
- қысаң, тіл арты, езулік фонема. Мәтінде ى әрпі арқылы берілген. Сөздің екінші
және кейінгі буындарында, сондай-ақ қосымшаларда қолданылады: ывуқ - елік, ығлат –
жылат, тынығ - дем, тыйлығ - тыйылу, суварыл – суарылған т.б. Ы көне түркі кезеңінен
келе жатқан үш дауысты (а, ы, у) фонеманың бірі. Қазіргі қазақ тіліндегі ы тарихи
жағынан бірде а дыбысының тарихи баламасы болса (мысалы: тырт – тарт, ындығ
- андағ), бірде делабиализация (еріндіктің езулікке айналуы) процесінің нәтижесі бо-
лып шығады. Мысалы, турна – тұрна – тырна т.б.
І
- қысаң, тіл алды, жіңішке, езулік фонема. Мәтінде ى әрпімен таңбаланады да
сөздің барлық шенінде кездеседі. Мысалы, ібліс – жын, івәклік – асығыстық, івән –
сол кез, қысқа уақыт, ідіш – ыдыс, ічім - ішімдік т.б. Қазақ тіліндегі і көп реттерде
көне түркілік және орта түркілік осындай дыбыстың жалғасы. Соның орныққан түрі
деп қарауға болады. Көне түркі тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: