Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет160/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
А.Н. Тұрарова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.к. 
   
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Мен  еліміз  мықты,  әрі  жауапкершілігі  жоғары 
Біртұтас  Ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам  басатынымыз  және  бұқаралық  са-
наны қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» дей 
отыра,  ҚР  президенті  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңарту»  мақаласын  жариялаған 
болатын.  Аталмыш  мақаланың  «Таяу  жылдардағы  міндеттер»  деген  бөлімінде 


311
қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады [1]. «Қоғамдық сана 
жаңғырудың  негізгі  қағидаларын  қалыптастыруды  ғана  емес,  сонымен  бірге,  біздің 
заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру-
ымызды да талап етеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына 
біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ 
тілшілері  К.Хұсайын,  Ә.Жүнісбек  осы  мәселені  қозғап,  орыс  жазуына  негізделген 
қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей 
ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері араб графикасына негізделген қазақ 
жазуын қолдаған болатын. Кейінгі тарихқа көз салсақ, латыннан бұрын қазақ тілінің 
таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі.    
Зертеуші  ғалым  Қ.Күдеринова  «Қазақ  жазуының  теориялық  негіздері»  атты 
зерттеуінде қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына 
қарай  жасала  бастағанын  айта  келіп:  «Орыс  графикасына  негізделген  ең  алғашқы 
қазақ  әліпбиі  жобасын  Н.И.Ильминский  жасады  деген  пікір  айтады.  Сондай-ақ,                                
Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары 
мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – 
(ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ). Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс 
әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына 
тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады» [2.115 б.]. 
Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нор-
малар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің ба-
сты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі 
көрсетіп отыр. Ал мың жылға жуық араб жазуында болған қазақ тілінің орфоэпиялық 
нормалары да соған байланысты өзгеріске ұшырағаны анық. Алайда бұл өзгеріс араб-
парсы сөздерін сол тілдердің айту нормаларына байланысты дыбыстаудан туған болу 
керек.
Зерттеуші  ғалымдар  Б.Әбілқасымов,  Ш.  Мәжітаевалардың  еңбектерінде:  «араб 
әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алады; араб әліпбиі оқуға, жазуға, са-
уат ашуға қолайлы; өнер құралдарына орнатуға қолайлы; көзге көркем көрінеді; араб 
әрпімен жазғанда қол сағат тілінің бағытымен бірдей оңнан солға қарай жүреді; жазу 
машинасына,  баспа  машиналарына  орнатуға  араб  әліпбиінің  жаңасы  латындікінен 
анағұрлым артық» -деп көрсетеді. Ал керісінші латын әліпбиін қолдаушы ғалымдар 
«араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын, себебі: бір әріптің 4 түрі бар; араб әрпінің 
көбі бір түсті; жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай жазылады. Бұл 
жазуда да, баспа жұмысында да қиыншылық тудырады; ғылыми кітаптарда (алгебра, 
геометрия, физика т.б.) пән белгілері латын әрпімен жазылдаы, араб әрпі бұған жа-
рамайды; араб әрпі нотаны жазуға жарамайды; араб әрпі баспахана жұмысында көп 
қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» деген пікір айтады [3.189]. 
А.Байтұрсынов  та  араб  жазуына  негізделген  әліпбиді  ұсынғанда  фонетикалық 
ұстанымды  мақұл  көрді.  Ол:  «Хасыл  кәләм  ойым:  сөз  жазылу  керек  айтылатұғын 
түрінше,  яғни  сөз  ішінде  қай  дыбыс  естілсе,  сол  дыбыстың  әрпін  жазу,  естілген 
дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху 
не сарф жолыменен ыспат етілсін», – дейді [4]. Ол өзінің 24 әріптен тұратын әліпбиін 


312
осы ұстаным бойынша түзеген болатын. Латын әліпбиін қолдамаса да осы ұстанымды 
негіз етіп Х.Досмұхамедұлы латын әліпбиінің жобасын жасағаны белгілі. Зерттеулер-
ге қарасақ, латын әліпбиінің алғашқы жобасы 1927-1928 жж. мерзімді басылымдарда 
24 әріп, 1 дәйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы әліпби сол кездегі А. Байтұрсынов 
жасаған  әліпбимен  бірдей  болды  және  өте  дұрыс  әзірленіп,  жасалған  әліпби  деп 
есептелді. Латын жазуына енгізделген қазақ жазуын жобасын Н. Төреқұлов 28 әріп бой-
ынша әзірледі. 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне 29 әріппен көшті. 
Қабылданған  әліпбидің  кемшілігі  ретінде  ә,  ө,  ы,  ғ  дыбыстарының  белгілері  латын 
стандартына сәйкес алынбағанын айтуға болады. Бұл әліпбиге 1933 жылы Қ. Жұбанов 
өзінің толықтыруларын енгізді, яғни әліпбиде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Толықтыруда, 
сондай-ақ,  f, h, x әріптерін енгізілді. Қ.Жұбанов ұу, үу, ый, ій қосар таңбаларының ор-
нына  бір  таңба  алуды,  дәйекше  қызметін  пайдалануды  ұсынады.  Қ.Жұбановтың  бұл 
ұсынысы, яғни ый, ій, ұу, үу қабылданбады. Ол кезде Қ.Жұбанов болашақта қазақтар бұл 
қосарлы дыбыстарды дыбыстаудан алыстап кететінін білмеді. Бұл әліпби С.Аманжолов, 
С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың тарапынан жетілдірілді. Терминдер орыс тілі 
емлесі бойынша жазылатын ұстанымды Қ.Жұбанов, С.Аманжолов ұсынды.
С.Аманжолов латын жазуына негізделген қазақ жазуында мынадай кемшіліктерді 
көрсетті: әліпбиде х, f, v таңбаларының болмауы; и, у таңбаларының жоқтығы, соның 
салдарынан миссисипи, миссури сияқты сөздердің 6, 7 әріптің орнына, 113-19 әріпке 
дейін жазылу; фонетикалық принциптің ұсталынуы;  кірме сөздердің әртүрлі орфо-
граммалануы; сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зоология, биология, 
театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйатыр болып таңбалануы...» [2, 144 б].
1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауысты-
ру саяси жағдайға байланысты болды. А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының 
үндестік  заңына  ыңғайластырып  реформалады,  оның  реформалаған  жазуын  бірден 
алу  түркі  жұрты  ең  озық  жүйе  деп  таныса  да,  орыс  жазуын  бірден  алу  түркі  тілді 
халықтардың қарсылығын туғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын 
уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937-38 жылдарадғы 
қуғын-сүргіннен кейін, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 
1940 жылдан бастап түркі халықтары, соның ішінде, қазақтар да орыс графикасына 
көшірілгендігі белгілі. 
Тарихтан  белгілі  тамаша  тарихи  туындылар  мен  жинақтар  латын  графикасын-
да жазылып, бүгінгі күнге дейін сақталған. Латын әліпбиі 1929 жылдан 1940 жылға 
дейін қолданылған. Сол уақытта, XX ғасырдың 30 жылдары репрессияға ұшыраған 
ақын-жазушыларымыздың  көптеген  туындылары  мен  еңбектері  латын  әліпбиінде 
жарық  көрді.  Латын  әліпбиіне  көшу  біртектес  түркі  әлемімен  бірігудің  нышаны. 
Түріктер  1928  жылдан,  өзбек  халқы  1991  жылдан,  әзірбайжан  халқы  1992  жыл-
дан  бастап  реформа  қабылдап,  латын  графикасына  көшкен  болатын.  Кеңес  үкіметі 
тұсында бізбен бауырлас кейбір халықтар латын графикасына көшкенде, арамыздағы 
рухани байланыстар үзіліп, бір-біріміздің жазуымызды түсінбейтін де күйге жеттік. 
Латын әліпбиіне көшу ата- бабамыздың сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздікті, 
рухани  бостандықты,  саяси  дербестікті  нығайтудың  белгісі.  Бүгінгі  таңда  латын 
әліпбиіне көшу  әлемдік мәдениетпен қауышуға мүмкіндік жасайды. Қазақ мәдениеті 


313
дүниежүзінің  әдебиетімен,  мәдениетімен  тезірек  қауышады.  Түркі  елдерімен  ортақ 
жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетіміз қалыптасады.
Латын әліпбиін қолдану - әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. 
Елбасымыз атап өткендей: «Латын әрпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа 
ие». Латын әліпбиі мүмкіндігі шектеусіз жаңа техниканың тілі. Әсіресе, компьютердің 
көптеген бағдарламаларында төл әріптері бар қазақ әліпбиі оқылмайды. Оған себеп 
кириллицаға  көшу  барысында тілдің табиғатына,  дыбысқа сай  әріп,  таңбаның  бол-
мауынан,  «Ә»,  «Ғ»,  «Ө»  дыбыстары  сияқты  төл  дыбыстарымыздың  таңбасы  ойлап 
табылған болатын деген пікірлер де бар. Аталмыш дыбыстар латын әліпбиінде бар. 
Бұл графика тіл заңдылығын бұзбайды. Әлемге түсінікті әліпбиге көшу қазақ тілінің 
өзіндік табиғатын, тазалығын, ерекшелігін сақтауға ыңғайлы.        
Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаһандану заманында өмір сүріп отыр. Еліміздің тарихы 
–  бірегей мүмкіндіктерді іске асыру жылнамасы.  Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге 
түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы 
болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе 
әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне 
көшуді қолға алу. Олай болса, латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілінің буын үндестік 
заңы,  дыбыс  үндестік  заңы,  ерін  үндестік  заңы  бұзылудан  сақталады,  емлетануда 
қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмай-
тын басы артық 16 әріптен арыламыз, сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нор-
малар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік 
ұлт негізі қалыптаса бастайды, латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды 
жеңілдетеді,  яғни  ғаламтор  жүйесін  халқымызға  ана  тілінде  меңгеруге  жол  ашады. 
Бұл - өз тарихымызды, рухани азығымызды жаңғыртудың белгісі.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». 12 сәуір, 2017 ж.
2. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010, 131 б.
3. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. 
– 2000, 186 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 382 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет