315
кітап шығарып, онда латын әліпбиіне қатысты М.Мұрзин, Ә.Байділдин, Т.Шонанов,
В.Бартольд, Н.А.Шмарин, Л.Жирков, Жозе және тағы басқа ғалымдар мен зиялылардың
ой-пікірлері топтастырылды.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Т.Шонанұлы, Е.Омаров, Ш.Сарыбаев,
І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Қ.Басымов, С.Аманжолов, А.Садуақасов, С. Жиенбаев
сияқты т.б. ғалымдардың ғылыми мақалалары мен еңбектерінде де әліпби мәселесі
сөз болды. Қазақстандағы сауат ашу мен оның әдістемесі негіздерінің қалыптасуы,
әр кезеңдердегі сауат ашуда қолданған араб, латын, кирилл әліпбилеріндегі
әліппе оқулықтарындағы оқытудың тиімді әдістері анықталып, ұқсастықтары,
айырмашылықтары А.Байтұрсыновтың сауат ашу оқулығымен сабақтастығы саралан-
ды. Латын әліпбиінде сауат ашудың өзіндік тарихы бар. Латын әліпбиі сауат ашуда
болсын, баспа ішінде болсын араб жазуы негізіндегі әліпбиге қарағанда, әлдеқайда
тиімдірек болғандықтан 1929 жылы Қазақ Орталық атқару комитеті Президиумы
Қазақ АССР Халық комиссарлары Советі латын графикасы негізінде жасалған қазақ
әліпбиін бекітті.
Осы жылдары еліміздегі түркі тілдерінде сөйлейтін басқа да халықтар латын гра-
фикасы негізінде қазақ әліпбиіне көшті. Латын әліпбиіндегі әрбір әріп өзінің жеке
тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұлар байырғы сөздерді дұрыс жазуға мүмкіндік берді.
Латын графикасы негізіндегі әліпби сауатсыздықты қысқа мерзімде жоюға көмектесті.
Латынға негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауға ат салысып, өз ойларын
бөлісіп жүрген ғалымдар: Ә.Қайдар, М.Жұрын, Ә.Жүнісбеков, М.Өтелбаев, Ж.Уәтай,
Д.Әубәкір, Ж.Аймағанов, М.Алтай, М.Хасенов, Ж.Бапыш, И.Томай, К.Мұсаұлы,
Д.Қамзабекұлы, С.Мәметов, Н.Уәли, К.Хұсайын, З.Базарбаева, Қ.Күдеринова,
А.Фазылжанова т.б.
XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Ақпараттық технологияда латын
қарпінің атқаратын міндеті орасан. Бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап
дамыған заманда латын қарпін енгізу қиындық туғыза қоймауы керек. Бұл қазіргі
заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы
ғылыми және білім беру процесінің ерекшелік-теріне байланысты.
Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын гра-
фикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Латын әліпбиін
әлемнің дамыған елдерінің біразы қолданады. Ағылшын, неміс, француз, түрік тілдері
барлығының пайдаланып отырғаны – латын әліпбиіне негізделген жазу. Кеңестік
бұғаудан босағаннан кейін түркі халықтарының біразы латын әліпбиіне көшіп кетті.
Әуелгі көшті Өзбекстан бастап, Түркіменстан мен Әзірбайжан жалғастырды. Бұл ла-
тын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Компьютердегі жазу графикасының
негізгі драйвері латын тілі.
Латын әріптері графизация (әріп таңбалау) заңдылықтарына, яғни, «көру-қабылдау-
тану» талаптарына да сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны
байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары,
көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен
байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын
барлық елдердің
әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның
316
жетістігі болып табылады. Латын әліпбиінде әртүрлі диакритикалық таңбалар (нүкте,
қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші т.б), яғни қосымша белгілер арқылы көптеген
елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін
танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр. Жазуға қойылатын басты талап
лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа
ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Қазір латын әліпбиі осы
талаптар биігінен де көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, халық
өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп,
көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс деп білеміз [7].
Әсіресе мәтін математикалық символдардан немесе арнайы таңбалардан құралса
онда қазақ тілінде ғылыми мәтіндерді теру мүлде бояу жүреді. Тіпті цифраның өзін
теру үшін клавиатурада не
орыс тіліне, не ағылшыншаға ауысып отыруға тура келеді.
Бұл мәселенің бір жағы ғана. Екінші жағынан, дыбыстық фонемалары көп тілдер ла-
тын графикасын өте тиімді қолдануда, мысалы, ағылшын тілінде 44 дыбыс бар бірақта
ағылшын тілінің барлық дыбыстық ерекшеліктері 26-ақ әріппен жеткізіледі. Әрине,
мұндай салыстыру 29 дыбыстық қазақ тіліне латын графикасы негізіндегі 26 әріп
жеткілікті деген ойға жетелейді. Оның үстіне қазақ тілінің ішкі заңдары бұл мәселені
анағұрлым жеңілдетеді [8].
Компьютерде
кез келген бас әріп, кіші әріп (символдар)
код арқылы
ажыратылады. Компьютердегі бағдарламалардың күрделілігі, оларды жасауға
өте көп қаржы жұмсалатыны, төл әріптердің кодтау кестесінде жоқтығы көптеген
қиындықтар туғызады. Білім беруді әлемдік электрондық жүйеге қосуға байланысты
латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері анықталды.
1.
Достарыңызбен бөлісу: