b
(ب),
p
(ب),
t
(ت),
c
(ج),
č
(ج),
d
(د),
r
(ر),
z
(ز),
s
(س),
š
(ش),
s
(ص),
t
(ط),
ğ
(غ),
q
(ق),
k
(ك),
g
(ك),
l
(ل),
m
(م),
n
(ن),
ŋ
(ن),
u
||
ü
(و),
j||jy||ij
(ي).
Абу Хайан бұлардың ішінде
p
(ب),
č
(ج),
k
(ك) графемалары білдіретін дауыссыз ды-
быстарды «таза емес, қоспалы» (әл-машуубату) деп көрсетсе,
g
(ك) таңбасы білдіретін
дыбысты «бадауилердің
г
дыбысы сияқты», ал
ŋ
(ن) дыбысын «мұрын жолды
нун
»
– деп атаған. Автор түркі фонетикасына арналған тұжырымын былай қорытқан:
«Егер бұлардан басқа дыбыстармен айтылатын сөздер кездессе, оларды (ескі қыпшақ
тіліне – Е. Е.) кірме сөздер деп тануымыз қажет, мыс.:
axšam «кеш, ымырт», faraman
«жарлық», gülaf «иіссу, әтір».
Демек, араб тіліндегі
x
(خ),
f
(ف) дыбыстары арқылы айтылатын сөздердің барлығын
Абу Хайиан ескі қыпшақ тіліне жат сөздер деп санаған.
Автор ескі қыпшақ тілінің лексикалық қорын дәстүрлі араб граммати-касының
нормалық ережелеріне сай үш топқа бөле қарастырған:
«әрбір сөз мағыналық жағынан
үш топқа бөлінеді: зат есім, етістік және таңба».
Автордың мұндағы «
таңба
» деп отырғаны, араб тілі грамматикасында «қосымша
сөздер» деп қаралатын үстеулер, көмекші сөздер тобы. Осы тұста берілген ескертпе:
«тек жалғыз таңбамен берілген зат есімге «дамма», «фатха» немесе «касра» қойылады,
мыс.:
su
(صُو),
ja
(يا),
čі
(جـِى). Бұл сөздер-дің соңындағы
uau, аlіf
және
ja
әріп емес,
диакритикалық таңба».
Ескертпеге қарағанда сөз аяғында, ортасында немесе сөз алдында беріл-ген осын-
дай қосымша таңбаларды дыбыс ретінде емес, тек қана форманы бекітуші, аяқтаушы
графемалық жай таңба деп қарау қажет.
Автор өзі қарастырып отырған ескі қыпшақ тіліндегі зат есімдерді араб тілі
грамматикасындағы консонант түбір ұғымына сай төмендегідей топтар-ға бөледі:
1) екі таңбалы зат есім түрі 12, оларға түрлі жалғаулар жалғанады, бұлардың
барлығы түркі тілінде қолданылады, мыс.:
sen
«сен»,
kіm
«кім?»,
qapu
(қақпа, есік),
qısa
«қысқа».
2) үш таңбалы зат есімнің (сөйлем ішінде) әртүрлі орында кездесуі мүмкін болса
да негізінен 23 түрі тіркелген. Мыс:
sırt, qarğu, jarasa
және т.б.
3) төрт таңбалы зат есімдер де әртүрлі позицияда кездессе де негізінен 33 түрі
естілген (қолданылады), мыс.
: etmek, učmaq, bilezik
және осыған ұқсас сөздер.
4) бес таңбалы зат есімдер бірнеше түрде кездескенімен 23 түрі тіркелген, мыс.:
arqataq, örmeček
«өрмекші»,
«četleuük»
«фундуқтың бір түрі» және осыған ұқсас
сөздер.
Мұнымен қоса түркі тілінде аз мөлшерде болса да 6 таңбалы сөздер кез-деседі.
Айтарлықтай жиі қолданылатыны мына түрлері:
bıldırčın, čagıltılaq».
Автордың бұл пікірі араб тіліндегі сөз түбірі ережесі негізінде айтыл-ғандықтан,
мынадай ұғымдық қателікке жол берген, мыс.: «Алты таңбалы сөздердің жекеше
(дара) немесе көпше (туынды) екендігін білу үшін олардың түбір сөз екендігін анықтап
алу қажет. Ал бұлардың ішінде
sarıčıqan, qılqujruq
сияқты түрлері көпше (туынды)
117
екендігі анық. Бірінші мысалдың бірінші сөзі
sarı
болса оған
čıqan
сөзі жалғанып тұр,
ал екінші мысалда
qıl
мен
qujruq
сөзі қосылып тұр».
Мұнда тіркес құрамындағы сын есім мен зат есім сөздері араб тіліндегі алты
таңбалы түбірлермен салғастырылған және аффикстер тұрғысында қа-ралған, әрине
қазіргі түркологиялық тіл білімі тұрғысынан алғанда бұл дұрыс емес.
Келесі анықтамалықтар етістік сөз табына арналған, мұнда етістіктер консонант
түбір негізіне байланысты мынадай топтарға жіктелінген:
1) етістік 1, 2, 3, немесе 4 таңбалы болады. Бір таңбалы етістіктер «дамма», «фат-
ха» немесе «касра» арқылы белгіленетіндіктен үш түрге бөлі-неді, мыс.:
ju
(يُو),
je
(يا)
және
ij
(إى). Бұл ерекшеліктер негізінен бір таңбалы зат есімдерде болғанындай тиісті
диакритикалық таңбалар арқылы беріледі.
2) екі таңбалы етістік он екіге жетіп жығылса да, оның тек қана он түрі естілген,
мыс.:
ič
(اِجْ),
at
(اَتْ).
3) Төрт таңбалы етістіктер бірнеше формаларда байқалса да естілгені тек қана
он, мыс.:
saptur
(صَبْــُطرْ),
sarsıl
(صَرْصِـلْ),
qurtul
(قـُرْطـُـلْ). Бұлардың тысында түркі
тілінің ауызекі тілінде сандары аз болса да бес таңбалы сөздер кездеседі, мыс.:
engenle,
sanqulan».
Абу Хайанның есім және етістік сөздердің консонант түбірі туралы айтылған негізгі
пікірі осындай және толығымен алғанда 75 жолдан тұрады. Жазба ескерткішінде
кездесетін
«Дара сөздердің қызметі»
(الاحكام التى تكون~ للكلمة) атты шағын тара-
уша 5 жолдан тұрады. Мұнда түркі тіліндегі лексемалардың кейбір грамматикалық-
мағыналық ерекшеліктері сөз болады. Ол туралы Абу Хайанның жалпы пікірі
төмендегідей: «Дара сөздердің қызметі екі түрге бөлінеді. Бірі зат есімге қатысты бол-
са екіншісі етістікке қатысты. Дара сөздердің қызметі:
кішірейту, жіктеу, көптік
жалғау, бастауыш, күшейтпелі бастауыш, күшейткіш мәнді қосымшаларды жалғау,
нысан, масдар, мекен есімі, құрал есімі, жағдай есімі
(үстеу – Е.Е.) және
сан есім
жалғауларын
алу (яғни, оларға аффикстердің жалғануы – Е.Е.) болып табылады».
Автордың пікірінше, ескі қыпшақ тіліндегі етістік сөз табы мынадай ерекшеліктерге
ие: «Етістікке тән ерекшелік: – (оларға) жалғаулықтардың (аффикстер - Е. Е.), жіктік,
болымсыздық, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс және ырықсыз етіс, өткен шақ
қосымшаларының жалғануы болып табылады».
Қолжазбадағы келесі бір шағын тарау –
«Кішірейту аффиксі»
(القول فى ~ التصغير)
– деп аталынған, 14 жолдан тұрады, мұнда ескіқыпшақ және ескі түрікмен тіліндегі
кішрейтпелі мәнді қосымшалардың грамматикалық-семантикалық ерекшеліктері сөз
болады, қар.:
«Қыпшақ
тілінде кішірейткіш аффикс -
kine
болып табылады. Ал
түрікмен
тіліндегі кішірейткіш аффикстер -
čuq
және -
čük
. Бұл қосымшалар зат есімнің жеке-
ше немесе көпше түріне жалғанады. Мыс.:
qulkine, qullarkine, čagančuq
және
küčüčük.
-kine
қосымшасы әр түрлі сөздерге өзгермей жалғана берсе, -
čuq
және -
čük
жалғаулары
мынадай ережеге бағынады. Соңы дауыссыз дыбысқа аяқталатын екі таңбалы зат
есімге жалғанғанда соңына міндетті түрде -
s
қосымшасы жалғанады. Мыс.:
qulčuqas,
itčükes
сияқты. Басқа есім сөздерге жалғанғанда -
s
жалғауы жалғанбайды. Бірақ,
ja, jaj
сөздерінің кішірейген формасында -
q
дыбысы -
ğ
дыбысына өзгеріп,
jačuğas
түрін алады.
Бұл форма ережеге сәйкес болмағандықтан бір ерекшелік түрі деп бағалауымыз қажет.
118
Az
сөзінің кішірейген формасы
azačuq (azačuq
сөзінің
azarazar
деп те айтылатын фор-
масы бар – А.Хайиан), бұл формада көрінгеніндей, біріншіден - кішірейткіш жұрнақтан
кейін -
s
жалғауы жалғанбай тұр, ал екіншіден дауыссыз әріп «фатха» арқылы берілген.
Ереже негізінде салыстыра көрсетсек,
azčuqas
деп айтылуы қажет еді. Ал -
čuq
және -
čük
жұрнақтарының жалғануы ауызекі айтылу нормалары бойынша емес, ереже бойынша
беріліп тұр. Егер сөз жуан дыбыстардан (тіл арты - Е. Е.) құралса -
čuq
, жіңішке дыбы-
стардан (тіл алды – Е. Е.) құралса -
čük
жалғауы жалғанады. Бұл жалғаулар сонымен
қатар
жалқы есім, белгізіздік есімі
және
сілтеу есімдіктеріне
жалғанады. Ал
bu
сөзінің
кішірейткіш жалғау жалғанған формасы былай болады:
bukine, anlar
сілтеу есімдігінің
формасы
anlarkine
.
Түрікмен
тілінде
bunčuq, bunčuqas, bunlarčuq, bunlarčuqas
фор-
малары тіркелген. Кейбір жағыдайларда кішірейткіш -
q
қосымшасы -
ğ
дыбысына
ауысатындығы мәлім. Есімдіктерге әдетте бұл жалғау жалғанбайды (кішірейту фун-
киясын атқармайды). Ал
bu
сөзінің кішірейген формасы
bukine, anlar
сілтеу есімдігі
anlarkine
,
түрікмен
тілінде
bunčuq > bunčuqas; bunlarčuq > bunlarčuqas
формалары-
на өзгереді. Бұл сөзердегі -
q
таңбасы -
ğ
таңбасына ауысуы мүмкін». Автордың бұл
пікірлеріне қарағанда, ескерткіште сөз болып отырған түркі тіліндегі кішірейтпелі мәнді
қосымшалардың жұмсалуы, ауызекі тілдегі ерекшеліктері қарастырылған.
«Қатыстық есім»
атты шағын тараушада ескі қыпшақ тіліндегі қосымшалардың
жұмсалуы және олардың қолданылу жолдары қарастырылған, тарауша атауы –
«Қатыстық есім» (الـقول فى النصب).
Қолжазба авторы бұл тарауда ескі қыпшақ тілінде «жаңа сөз жасау үшін зат есімнің
соңына -
čı
жұрнағын жалғау қажет» дей отырып, мына мысалдарды атап көрсетеді:
aščı
‘аспаз’,
jačı
‘садақшы’. Ал түбірге «басқа мағына беру үшін (мағынасы басқа сөз
тудыру үшін – Е. Е.) -
luğ
жалғауы жалғанады, мыс.:
rumluğ
(румдық, Румдық кісі),
šamluğ
(шамдық, Шамдық кісі).
Түрікмендер
-
ğ
таңбасын -
u
таңбасына (уауға - و) ауы-
стырып, rumlu (румдық) және šamlu (шамдық) деп айтады; -luğ және -lu жалғауларының
бірінші таңбасы көбінесе «касра» (Бұл аффикстер қолжазбада «дамма», яғни u дыбы-
сы арқылы жазылған, дыбысталған – Е. Е.) арқылы дыбысталады; -
luğ
жалғауы кей-
бір жағдайларда меншік иесі мағынасын да береді, мыс.:
malluğdur
(дәулетті, қалталы,
қаржылы). Бірақ мұндайда -
luğ
қосымшасы екі функция атқарады: біріншісі жұрнақ
болса, екіншісі жіктік (меншіктік). Ал осы екеуінің қайсысы екендігін анықтау үшін
осы жалғау жалғанған сөздің өзін қарауымыз қажет».
Автордың бұл пікіріне қарағанда, көрсетіліп отырған қосымшалардың көмегімен
есім түбірден туынды есім сөздер жасалынған. Көптік жалғаудың айтылуы.
Ескерткіш тіліндегі 5 жолдан тұратын тараушаның бірі –
«Көптік жалғаудың айты-
луы»
(القول فى الجمع) – деп аталынған, қар.: «Көптік мағынаны білдіретін жалғаулардың
-
lar
және -
ler
формалары анықталған. Түркі тілінде
«тесниие»
(араб тіліндегі жұп
мағынасын білдіретін жалғау, араб тілінде жұп, яғни «екілік» мәнді білдіретін ұғым
көптік мағына болып танылмайды – Е. Е.) де көптік жалғау болып табылады, мыс.:
qullar
- бұл сөз әрі жекеше, әрі көпше мағынада қолданылып тұр (Абу Хайиан бұл ара-
да «жекеше» термині арқылы ‘Ол екеуі құлдар’ деген сөйлемдегі мөлшерлік сан есім
мағынасын меңзеп отыр. – Е. Е.). Заттың көпше екендігін білдіру үшін екі санын қосып
айту керек, басқаша айтқанда
«тесниие»
мен көптік жалғау қатар қолданылады. Бұл
119
жөнінде сан есім тарауында кеңірек тоқталатын боламыз. Аталған жалғаулар етістік пен
бастауыш тарауында аталып өтіледі. Көптік жалғаулар етістікке де жалғанады. Мұндай
жағыдай етісіктің алдында тұрған сөздің көпше (формада) екендігін білдіреді. Сонымен
қатар жекеше есімге көпше мағына бергеніндей, жалпы есімге де көпше мағына береді,
мыс.:
atlar, jılqılar
сияқты». Бұл тұста автордың
at-, jılqı-
лексемаларының семантикалық
мағынасын дұрыс анықтай алғандығы байқалады.
Келесі бір тарауша –
«Осы шақ есімше»
(القول فى اسم الفاعـل) деп аталынған, жал-
пы саны 16 жолдан тұрады.
Бұл тақырыпқа байланысты Абу Хайанның пікірі мынадай: «Менің білетінім, оның
келер шақ формасы
-dačı // (-dеčı
) жұрнағы арқылы жасалады, мыс.:
barčamız öldečibiz
«Біз, баршамыз өлеміз». Менің білетінім, оның өткен шақ формасы -
mıš
жалғауы
арқылы іске асады:
kün doğmıš
«күн шығыпты; күн көтеріліпті». Есімшенің бұл екі
формасының бірін жасау үшін осы тәсілдерді қолданамыз, яғни етістік түбіріне
осы екі жалғауды жалғаймыз. Есімшенің болымсыз түрін жасау үшін -
dačı
мен -
mıš
жалғауларынан бұрын болымсыздық жалғауын жалғаймыз. Мыс.:
Sаnсаr turmadačı,
mal qalmamıštı
«Санжар тұрмады, мал қалмады».
Автордың келесі назар аударғаны – ескі қыпшақ тілінің морфологиялық ерекшелігі,
мыс.: «етістіктің сын сипаты бар екендігін анықтау үшін -
či
және -
čı
жалғауларын
анықтап алуымыз керек. Мыс.:
keliči
«тұрақты түрде келіп тұратын (кісі)»,
baračı
«тұрақты түрде барып тұратын (кісі). Түркі тілінде «ғалым» мағынасында
қолданылатын bilge сөзінде -
g
таңбасы -
či
таңбасы орнына қолданылған».
Автордың бұл мәліметіне қарағанда, ескі қыпшақ ауызекі тілінде аталмыш
лексеманың «
bilči
» вариантының қолданылғандығы байқалады. Бұлай дейтініміз, ав-
тор жоғарыда айтылған пікірлерінде «ережеге сай» деген ұғымды пайдаланып оты-
рады. Абу Хайиан мұнан әрі сын есімнің мынадай ерекшеліктеріне назар аудартады:
«Сын есім мағынасында қолданылған сөзді анықтау үшін оның (сөз түбірінің – Е. Е.)
соңы харакалы (диакритикалық таңбасы бар екендігіне) немесе дауыссыз екендігіне
көз жеткізуіміз қажет. Егер харакат (диакритикалық таңба – Е. Е.) қойылған болса,
касралы j дыбысы қатар келуі керек, мыс.:
сürüjüči
«жүруші, жүріп бара жатқан кісі».
Бірақ сөздің соңы дауыссыз және «
мафтух
» (фатха арқылы
а
болып оқылатын дыбыс
– Е. Е.) немесе
мақсур
(касра арқылы
ı
болып оқылатын дыбыс – Е. Е.) болса, мұндай
жағдайда лексема «касралы» болады: turučı «тұру - қимыл-әрекетін орындап жатқан
кісі»,
olturučı
– «отыру - қимыл-әрекетін орындап жатқан кісі».
Абу Хайианның пікірінше, ескі қыпшақ тіліндегі «mıš» көмекші сөзінің
қолданысындағы бір ерекшелік мынадай:
«-
mıš
есімше қосымшасы ретінде қолдануымен қатар, абстрактылы іс-әрекетке,
яғни есімге қатысты қолданылады:
Аjbek turmıš
«Айбек тұрмақшы». Мұнда «тұру»
қимылының нақты іске асып-аспағаны белгілі болмаса да, іске асырылатыны мәлім.
Мұндай абстрактылық мағынаны
kün doğmıš
«
күн шығады
, таң атады» мысалынан да
көре аламыз. Жалпы алғанда -
mıš
жалғауы нақты емес, абстрактылық іс-әрекетті не-
месе қандай да бір жағдайды білдіру қызметін атқарады».
Қолжазбадағы келесі тарауша –
«Күшейітпелі есімшенің айтылуы»
(القول فى
المبالغـة اسم الفاعـل ~) – деп аталынған 6 жолдан тұрады.
120
Бұл мәселе туралы автордың пікірі мынадай: «Күшейтпелі есімше жасау үшін
етістіктің соңына етістік түбірі жіңішке болса -
ken
, жуан болса болса -
ğan
қосымшасы
жалғанады. Бұл қосымшалардың алдына «фатха» қойылады:
kelegen
«жиі келуші»,
«
barağan
» жиі барушы. Ал жалғау алдындағы сөздер «фатхалы» болмай, дауыссыз
болса, бұл жағдайда сөз күшейтпелі қызметін (мәнін) жоғалтып, қалыпты сөз қызметін
атқаратын болады. Ереже бойынша
külegen
«жиі күлуші», «күлегеш» мағынасында
қоданылатын сөз түркі тілінде
küleč
деп айтылуда, яғни -
g
(дыбысы) мен -
n
(дыбысы)
орнына -
č
(дыбы-сы) қолданылып тұр».
Автор бұл пікірін лексеманың консонат дыбыстарға негізделген графе-малық
берілу жиынтығына байланысты айтқан. Біздің пікірімізше, мысал ретінде келтірілген
бұл туынды лексеманың жасалу жолы мынадай:
kül + eč
, яғни түбір етістік + жаңа сөз
жасаушы -
аč // -eč
аффиксі.
Келесі берілген тараушаның атауы -
«Сын есім шырайының айтылуы»
(القول فى
الزيادة للـتفضيل), көлемі 6 жол. Бұл тараушада сын есімнің күшейітпелі шырайының
аффикстер арқылы жасалуы сөз болады: «Сын есім шырайының мағынасын беру үшін,
егер сөз жіңішке болса -
rek
, жуан болса -
raq
қосым-шасын жалғау керек. Бұл жалғаулар
құрал, яғни атау есіміне жалғанып сын есім шырайын (мағынасын – Е.Е.) немесе қалау
рай мағынасын береді. Сөз соңына -
čı
жалғауын алған сөздер
barıčıraq
«жиі барушы»
және
biričirek
«жиі беруші» мағынасында қолданылады. Ал сөз соңында -
čı
жалғауы
бол-маса, «
jgrek
» «жақсылау, жақсырақ»,
jamanraq
«жаманырақ, нашарлау»,
bil
-
gerek
«білімдірек, білімі жоғарылау»,
jauzraq
«жаман жағы басымырақ, жамандау» сияқты
сын есім тұлғалы сөз құрайды. Бұл сөздерді түрікмендер
jaman, jauz
– деп айтады»,
деген ескертпемен берген.
Әдебиеттер:
1. كتاب الادرك للسان الاتراك. تأليف اثير ابى حيان الاندلسى
2. Caferoğlu A. Abû-Hajjān. Kitab al-Idrāk li-lisān al-Atrak. – Istanbul, 1931.
3. Есбосынов Е. Ескі қыпшақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері (Абу
Хайиан еңбегі бойынша, ХІV ғ.). – Астана: Ер Дәулет, 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |