Дүниені соғыс билеуде. "Соғыс барлығының әкесі, барлығының билеушісі. Ол біреулерді құдай етеді, біреулерді адам етеді, біреулерді құл, келесі іреулерді еркін азамат етеді" - дейді Гераклит. Соғыс болмаса, қайшылық болмаса д үние тоқтайды және күйрейді. Қарсылықтар күресінің бірлігі (яғни бірлікке ие нәрселер ортасындағы күрес пен қайшылық) жақсылықтың басы. Гераклит: "өмір-өлім, өң мен түс, жас пен кәрі бірдей нәрсе. Кейінгісі өзгерсе алдыңғысына ауысады, алдыңғысы кейінгісіне қайтады" дейді. Әрине, қайшылық барысында мүдделілер бірігеді, тағдырластар бір-бірін табады, жақындар бір-бірін қолдайды. Өзара сүйену, өзгеру, бөліну дегендердің бәрі соғыстан болады.