2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.
Еуропалық Одақ және БҰҰ. Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) міндетті- біршама жоғары деңгеидегі экономикалық ықпалдастық , сауда-саттық үшін анық ортақ нарықты қалыптастыру, инвестициялық ынтымақтастық бірлескен кәсіпкерлік бастамалар болып қала береді.
Біріңғай экономикалық бірлестірікті қалыптастыру нәтижесінде тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін ауыстырылуы үшін жағдай туғызды, мемлекеттер аз шығынмен осы ұйымға кіру жөнінде келіссөздерді үйлесімді жүргізе алады. Аталмыш ұйымдардың маңызды міндеттері ұлттық көлік жүйесін дамыту , бірегей ғылыми-техникалық Байқоңыр кешенін бірлесіп пайдалану, Ресей құбыр жолдары арқылы мұнай мен газды айдау және тасымалдау бірлескен жобаларын өмірге енгізу болып табылады.
Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және БҰҰ. 2003 жылы мамыр айында Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) бюджетін қалыптастыру және орналастыру тәртібі туралы келісімге қол қойылды, ШЫҰ хатшылығы туралы Ереже мен аймақтық лаңкесікке қарсы уақыт тәртібін (регламент) бекітілді. Шанхай ұйымының өзінің белгісі (символикасы), штаб-пәтері бар және бірінші атқару хатшысы етіп Чжан Дэгуан мырзаны сайлайды.
2004 жылы Ташкентте өткен маусым саммитінде-есірткі таратумен заңсыз айналысушылармен күресу және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды [24; 663-680].
2004 жылы желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Шанхай ұйымын оның (БҰҰ-ның) қызметінің бірқатар форматтарына қатысу құқығымен бақылаушы ретінде тіркеді. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін 900 млн доллар көлемінде несие бөлуге дайын екендігі туралы мәлімдеді /20/.
Дүниежүзілік банк тобы және БҰҰ. Дүниежүзілік банк тобыны 4 институт кіреді:
-қайта құру және халықаралық даму банкі;
-халықаралық қаржы корпорациясы;
-халықаралық даму қауымдастығы;
-инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көп жақты агенттік (ИКЖА).
Қайта құруға және халықаралық даму банкі (ҚХДБ)-бұл БҰҰ-ны құруға маманданған мүше елдерге қарыз беретін халықаралық несие ұйымы.
Банк 1944 жылы құрылып, 1946 жылы операцияларға кірісті. ҚХДБ-ге 180-ге жуық мемлекет кіреді. КСРО банк қызметіне қатыспаған, ал Ресей Федерациясы қатысады [25; 136-140].
ҚХДБ-ның несие саясатын АҚШ және басқа да дамыған капиталистік мемлекеттер анықтайды.