Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкентте «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар. Сондай-ақ ҚР-да 98 мыңдай трикотаж бұйымдары өндіріледі бұл сектордың басым көпшілігі шағын және орта кәсіпкерліктің еншісінде. Өткен жылы жеңіл кәсіпкерліктің жалпы өндірістегі көлемі 0,34% ға ғана өскен. 2017жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізге шет мемлекеттен 144,3 млн. доллардың киімі әкелінген. Бұлардың ең көбі Қытай мен Түркиядан, Ресей мен Қырғызстаннан әкелінген. Бұл жерде айта кетерлігі, ҚР-сы 85 % дерлік шетел киімін тұтынады. Әр жаңа оқу жылы сайын Қазақстан құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын мектеп формасын сатып алады екен. Бұл формалардың 7% ғана отандық өнім болып табылады. «Бізге импорттың ықпалы зор болып тұр. Отандық өнім сырттан келетін тауарға жұтылып кетіп жатыр», – дейді жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова. Оның айтуынша, соңғы алты айда Қазақстанға шет мемлекеттен 144 млн. доллардың киімі әкелінген. Бүгінге дейін елімізге 144 млн. доллардың тауары енді. Импорт арқылы 108 млн. доллардың аяқ киімі кіргізілді. Нарығымыздың 80%-ын Түркия, Қытай, Италия, Бангладеш мемлекеттерінің тауары басты. Түркиядан келген тауар 37,2 млн., Қытайдан келген тауар 33 млн., Бангладештен келген тауар 22 млн., ал Италия брэнді 10,8 млн. долларды құрады. Қазақстандағы тігіншілер ішкі қажеттіліктің 8%-ын ғана өтеп отыр. Көрші Қырғызстан жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша бізден озық тұр. Мұнда жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 30%-ға жуықтаған. Бүгінгі таңда қырғыздар бір жылда шамамен 190 млн. доллардың өнімін өндіреді. Озық технологияға иек артқан Жапония, Корея мемлекеттерінің өзі жеңіл өнеркәсіптен қол үзген емес. Бұл елдерде жеңіл өнеркәсіп саласының өнімі ішкі нарықтың 80%-ын қамтиды. Қазақстанға барлығы сырттан тасымалданады. Елімізде терінің 15% ғана игеріледі, ал жүн мүлде тапшы. Өйткені Ресей мен Қытайдан келген алыпсатарлар жүннің барлығын шетел асырып жатыр. Бұған еліміздегі жүн өңдеу орталықтарының санаулы болуы және жүнге сұраныстың жоқтығы бірден бір себеп болуда. Бізде жүн шикізат ретінде бағаланбайды. Былтыр жеңіл өнеркәсіп саласында тері өңдеу ісі тығырыққа тірелген. Тері өнімін өндіру 13%-ға, ал дайын киім шығару 0,8%-ға қысқарған. Бұған қоса белсенді өндірушілердің 27%-ы тоқырауға ұшыраған. ҚР-сында бір жылда өндірілетін шикізат көлемі: - 400-450 мың тонна мақта; - 15-27 мың тонна жүн; - 7,5 млн тері. Яғни, мұнда қарап отырсақ Қазақстандағы шикізат көлемі толықтай ішкі жетіспеушілікті шикізатпен қамтуға жетіп артылады. Бірақ ең өкініштісі осы шикізаттар шикі күйінде шетелге асады екен, өйткені бұл шикізаттарды өңдеп дайын өнім шығаратын фабрика Қазақстанда жоқтың қасы. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 маусымында елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында 933 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның басым бөлігі, 58% тігін кәсіпорындары, ал 31% – тоқыма бұйымдарын шығарса, 11% былғары және осыған жататын өнімдерді дайындайды. Жалпы көрсеткіштің 95% шағын бизнесте жұмыс істейді. Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеуге құлықсыз. Себебі мұнда бірден пайда табу мүмкін емес. Мақта өсіру, былғары мен теріні өңдеу, пішіндеу, киім, аяқ киім тігу секілді жұмыстардың сауда немесе қызмет көрсету салаларына қарағанда ұзақ уақыт пен төзімділікті қажет етеді. Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп орындары 39-ы тоқыма өндірісімен, 32 -сі киім тігумен, 5-уі тері өңдеумен айналысады. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындар жоқ емес жоғарыда атап көрсеткеніміздей жеткілікті дәрежеде бар, бірақта бұл кәсіпорындардың көбісі шетелден келетін тауарлардың тасасында қалып қоюда. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы негігі басты кедергілер бар. Олар айналмалы қаражаттың жетіспеушілігі; кәсіпорындарға белгілі шикізаттың жетіспеушілігі; негізгі қордың тозуы яғни өндірісте қажетті құрал жабдықтардың тозуы, сондай-ақ білікті мамандардың жетіспеушілігі. Біздің ойымызша, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін, әсіресе кәсібін жаңадан бастағандарға бағыт-бағдар беру үшін мейілінше көптеген жеңілдіктер қарастырылуы қажет. Атап айтар болсақ, ең бірінші мәселе оқыту дер едік, яғни қазіргі таңда белгілі сұранысқа ие мамандарды даярлау. Қазір жеңіл өнеркәсіпте жұмыс атқаратын адамдардың көбі зейнет жасына таяғандар, бұл дегеніміз бұл мамандарда жастардың үлесі жоқтың қасы дегенді білдіреді. Тоқыма тоқу, сапалы киім тігу, аяқ киім тігу, мата жасап шығару, жүн жуумен айналысу, жеңіл өнеркәсіпке сараптама жүргізу, шикізатты шикі күйінде шетелге экспорттап кейін дайын өнім ретінде елге қайтадан импорттап кіргізудің орнына ешқандайда экспорттамай өз елімізде дайын өнімге айналдыра алатын мамандар тағайындалатын болса жеңіл өнеркәсіптің дамуына өзіндік зор үлесін тигізері анық. Бұл жерде айта кетерлігі мұның барлығы ешқандайда төменгі сатылы мамандық емес екендігін, және де бүгінгі таңда керісінше, ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында екендігін жастарға ұғындыру қажет. Бүгінгі күннің жастары, ертеңгі елдің болашағы екені барлығымызға аян. Жоғары оқу орындарындағы мамандықтар қатарына жоғарыда атап өткен мамандықтарды енгізер болса жаман болмас еді. Өйткені қандай адам болмасын тіпті қандайда бір даму үстіндегі алпауыт мемлекет болмасын даму үшін және де ішкі өнімді дамыту үшін неге осындай тәуекелдікке бармасқа. Қазір Қазақстанда мұндай мамандықтарды тағайындайтын оқу орындары өте аз. Қандайда бір мақсатқа жету үшін ең алдымен оқып үйрену қажет, білімді біржақты етпейінше ешқандай нәрсені төтесінен жүзеге асыра алмайтынымыз барлығымызға белгілі. Екінші мәселе жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындарды толығымен ҚҚС, табыс салығынан босату қажет дер едік, себебі Моңғолия мемлекетінің өзінде жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындарды салықтан толығымен босатады және де жеңіл өнеркәсіптерді несиелендіруді басты назарда ұстайды. Жаңадан кәсібін бастаған жеңіл өнеркәсіпорындарына 0,8% пен несиелендіру жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қытай мемлекеті де салықтан түгел босатқан және де олар көбінесе патентпен жұмыс жасайды. Қазақстанда да осы мәселелерді қолға алып жаңадан кәсібін бастаған кәсіпорындарды, тек 5 жылға ғана емес толығымен салықтан босату ұсынылатын болса мұның өзі олар үшін үлкен мүмкіндік болар еді. Өйткені жаңадан кәсібін бастаушы кәсіпорындар тәуекелге бара алмайды, яғни салық төлейтін болса немесе ішкі тұтыну кәсіпорын шығындарын толық өтей алмайтын болса, әрине қандай кәсіпорында болмасын үрей туғызары анық. Бұл орайда көкейімізге ең алдымен Қазақстанда өндірілетін тауарларға неге сұраныс аз?-деген сұрақ туындайды, біздің ойымызша, әрине ол біріншіден бағасы қол жетімсіз, яғни өте қымбат, ал егер қымбат ұстамаса өндіретін өнеркәсіптер өзінің шығынын өтей алмайды. Екіншіден, бұл тауарлардың сапасы, әрине Қытайдан, Қырғызстаннан келетін тауарларға қарағанда отандық өнімнің сапасы әрине жоғары, бірақ халықтан сұраныс аз болып отыр. Сұранысты арттыру үшін басты мәселе бағаға келіп тірелері анық. Үшінші мәселе бұл кеден баж салығын жоғарлату қажет дер едім. Себебі Қазақстанда өндірілетін тауарлардың көбісі осы шетелден келетін тауарлардың көлеңкесінде қалып жатыр. Сондықтанда кеден баж салығын жоғарлататын болса шетелден бет алды тауар келмейді, яғни халық бір қадам болсада отандық өнімге ұмтылатын болады. Төртінші мәселе бұл Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптерді несиелендіруді ынталандыру қажет. Несиенің пайыздық мөлшерлемесін 1,5% ке дейін төмендету қажет, өйткені мемлекетте жеңіл өнеркәсіпті дамытуға субсидия жеткіліксіз. Осы мәселеде қолға алынып оңтайлы шешім қабылданса жеңіл өнеркәсіптің тасы өрге домалары анық. Қорыта келе айтарымыз, әрбір мемлекеттің дамуы үшін жеңіл өнеркәсіпті дамыту басты назарға алынары сөзсіз. Сол себепті де ҚР-сы алдағы 10 жылдың ішінде отандық өніммен қамтамасыз етуді мақсат етуде. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін біраз тәуекелдікке баруды қажет етеді. Шетелдерде жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы: Қытайда жеңіл өнеркәсіпті салықтан толығымен босатқан жәнеде олар көбіне патентпен жұмыс жасауды басты назарға алған. Осы жуырда Астана қаласында дөңгелек үстелде өткен мәжілісте жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы біраз мәселелер алға қойылған, сол мәжілісте жеңіл өнеркәсіпті жаңадан бастағандарды 5 жылға салықтан босату туралы ұсыныс түскен екен, бірақ біздің ойымызша 5 жылға ғана емес толығымен босатуды жүзеге асыру керек. Себебі көптеген кәсіпкерлер тәуекелдікке баруға .қады. Оның бірде бір себебі отандық өнімге сұраныстың мейілінше аздығы. Қазақстанда жасалған тауарларға сұраныстың аздығының басты себебі сапасы мен бағасында. Шетелден келген сапасыз тауарларға қарағанда едәуір сапасы жақсы, бірақ оның бағасы халықтың көңілінен шықпайды. Егерде бағасын қымбат ұстамаса, онда шығындарды өтей алмасы анық. Егерде мұның бәріне белгілі бір мемлекеттен қолдау көрсетілетін болса, салықтан толығымен босатылатын болса, сондай-ақ мамандарды жетілдіретін болса және де жеңіл өнеркәсіпке сапалы түрде сараптама жасай алатын мамандармен толықтанатын болса, несиелендіруді қолға алатын болса жеңіл өнеркәсіптің дамуына зор нәтижесін көрсетері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |