«Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінде 28.09.2021ж күні бірлестік отырысы болып өтті
Хаттама №2 «Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінде 28.09.2021ж күні бірлестік отырысы болып өтті. Қатыстыға тиісті: 11 қатысқаны: 11 Күн тәртібінде: 27.09.2021ж күні бастауыш сыныптар арасында өткізілген мектепішілік олимпиаданың қорытындысы (хаб. М.Сафарова )
Олимпиаданың қорытындысы мына төмендегідей: Қаулы етеді: І. Математика және қазақ тілі пәндерінен мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары Сұлтанханқызы Томирис және Үйісбек Дана , 3-сынып оқушылары Сейдіғали Балым және Батырбек Арайлым марапатталсын: ІІ. Мектепішілік олимпиададан І орынға ие болған 4-сынып оқушысы Үйісбек Дана , 3-сынып оқушысы Сейдіғали Балым аудандық олимпиадаға жіберілсін.
ІІІ. Оқушыларды пән олимпиадасына дайындау пән мұғалімдеріне жүктелсін.
Бірлестік жетекшісі: М.Сафарова Хатшы: Э.Қамбар Хаттама №3 «Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінде 28.08.2021ж күні кезектен тыс бірлестік отырысы болып өтті.
Қатыстыға тиісті: 11 қатысқаны: 11
Күн тәртібінде: Аудандық білім бөлімінің №122 бұйрығына сәйкес медицина сараптама бойынша 3-сынып оқушысы Байболов Дінмұхамметтің үйде оқытылуына байланысты күнтізбелік жоспарды бекіту туралы
Тыңдалды: 1-мәселе бойынша бірлестік жетекші М.Сафарова сөз алды. Өткен оқу жылының қорытындысына тоқталып өтті. Онда мектепішілік іс-шараларға мұғалімдердің қатысуы, пәндік олимпиадалардың нәтижесі, білім сапасы жөнінде айтып өтті. Биылғы жұмыс жоспармен таныстырды.
2-мәселе бойынша БЖ әдістемелік мүшелерінің міндеттерімен таныстырып өтті. Әр өзінің атқарар жұмыстарымен танысты.
3-мәселе бойынша жүктемелік сағаттарды мұғалімге бекіту туралы айтылды. Күнтізбе жоспарының толымдылығы, бағдарламаға сәйкес жасалу керектігі айтылды. Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары талқыланып, бекітілді.
4-мәселе бойынша мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесімен таныстырды. Белгіленген уақытында көрнекілікпен, тиімді әдістермен өту керектігі ескертілді.
Шешім:
Бірлестік жетекшісі М.Сафарова өткен оқу жылына жасаған қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.
Күнтізбелік жоспарды бекіту , тексеріп шығу бірлестік жетекшісіне тапсырылсын.
Жаңа оқу жылына ашық сабақтарды жоспарлау, уақытында өткізу қадағалау бірлестік жетекшісінің міндетіне жүктелінсін.