Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет14/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
атастыру

Өтіп  жатқан  әрбір  минут  тағатсыздана  хабар 

күткен  Үммү  румән  мен  хазірет  Хауләнің  уайымын 

арттыра  түскендей.  Екеуі  бірдей  жолға  телміріп 

қараумен болды. 

Бір  кезде  отағасының  келе  жатқаны  көрінді. 

Қуанып келе жатқанын жүрісінен-ақ байқауға бола-

тындай. Тездетіп келген қалпы хазірет Хауләға:

–  Енді  барып  алланың  елшісін  шақыра  берсең 

болады, – деді.

Осыншалықты шын ниетпен жасалған әрекеттен 

оң нәтиже шыққан еді. Енді алла елшісін (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  Әбу  Бәкірдің  отбасына  шақыру 

қалды.  Хазірет  Хаулә  жүрегінің  аптығын  басып, 

байсалды  қалыппен  алла  елшісіне  барды  да  болған 

жайттың  барлығын  баяндап,  өзін  күтіп  отырғандар 

барын жеткізді.

Бұл  пайғамбарлықтың  он  екінші

34

  жылының 



шәууәл айы болатын.

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Әбу 

Бәкірдің отбасына енді басқаша сезіммен келе жатты. 

Тіпті ұялғанынан борша-борша терге шомылды.

айша  анамыз  бен  пайғамбарымыздың  үйлене-

тіндігі туралы келісім осылай жасалды. мәһір ретінде 

34

  Бұл некенің хижреттен үш жыл бұрын жүзеге асқаны туралы риуа-



яттар да бар. Қараңыз: айни, Умдатул Қари 1\45


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

40

жергілікті  мәһрдің  құнынан  көп  болып  саналатын 



төрт жүз дирһам ұсынылды

35



Осы күннен бастап хазірет айша (р.а.) үшін жаңа 

бір кезең басталды. Бұл жалғанның ең бақытты адамы 

сол  еді.  Өйткені,  алланың  ең  сүйікті  әрі  таңдаулы 

құлының жары болу бақытын иеленді. Бұл өзіне жас 

шағында-ақ  үлкен  жауапкершіліктің  артылғанын  да 

білдіретін. Өйткені, ол нәбиге жар ғана болып қойған 

жоқ, сонымен қатар барша мүминдердің анасы болу 

құрметін иеленді

36

. аллаға ең жақын құлдың өмірлік 



серігі болып, қияметке дейін ешкімге нәсіп болмаған 

бақытқа бөленді. 

айша  анамыз  бұл  жауапкершілігін  жақсы 

сезінді.  Осы  кезге  дейін  мұқият  бақылаған  уахидің 

келу  жағдайларын,  себептерін  бұдан  былай  асқан 

қырағылықпен  бақылап,  болып  жатқан  жағдайлар 

мен оқиғаларды мұқият есінде сақтайтын болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет