Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет10/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Үйлену туралы ұсыныс

Хадиша  анамыздың  көз  жұмғанына  екі  жыл 

өтті


28

. Үш қызымен

29

 қалған алла елшісі (саллаллаһу 



аләйһи  уә  сәлләм)  жалғыз  тұрып  жатты.  Жағдайға 

қанық  Осман  ибн  мазунның  әйелі  Хаулә  бинт 

Хаким

30

 бір күні іздеп келіп: 



–  Үйленгіңіз келмей ме? – деп сұрады.

Елу жастан асқан, хазірет Хадишадан айрылудың 

қайғысын әлі ұмыта қоймаған алла елшісі оның бұл 

ұсынысына:

–  Кіммен? – деді. Хазірет Хаулә сөзді жалғап:

–  Бойдақ  қызды  қалайсыз  ба,  әлде  жесір  әйелді 

ме? – деп сұрады. 

28

  Пайғамбарымыздың айша анамызбен некелескен уақыты туралы 



һижреттен бір жарым, екі немесе үш жыл бұрын, Хадиша анамыз 

қайтыс болғаннан кейін үш жылдан кейін (Бұхари, фадаилус сахаба 

50 (3606); мүслим, фадаилус сахаба 74 (2435), Хадиша анамыздың 

қайтыс болған жылы (Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3680)); Ибн 

абдулбарр, Истиғаб 4\1881) деген түрлі риуаяттар бар. Хадиша 

анамыздың қайтыс болған уақыты туралы деректерде үш, төрт не-

месе бес жыл бұрын, пайғамбарлықтың оныншы жылы рамазан ай-

ында және хижреттен екі жыл бұрын шәууәл айында деген сияқты 

мәліметтер  беріледі.  Бұл  риуаяттардың  барлығы  үшін  қараңыз: 

нәдәуи, сиратус сәйидәти аиша 49.

29

  Хазірет  Османмен  тұрмыс  құрған  руқайя  анамыз  Хабашстанға 



һижрет еткендіктен сол күні расулалланың төрт қызы бір жерде емес 

болатын. 

30

  Ізгілігімен танылған және салиха әйел болған Хаулә бинт Хакимнің 



шыққан тегі пайғамбарымыздың аталарынан Құсай ибн Килабта 

бірігеді,  осы  жағынан  алла  расулымен  туысқан  болып  келетін. 

лақап  аты  Үммү  шәрик  болған  хазірет  Хаула  Хуайла  деп  те 

аталған. Өзін алла расулына арнағысы келгендердің бірі. алайда, 

пайғамбарымыз мұны қабылдамаған соң Осман ибн мазунға ерге 

шыққан. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\409; Ибн сағд, 

Табақат 3\401; Ибн Хажар, Исаба 7\621; Ибнул Әсир, Усудул ғаба 

7\93, 94; миззи, Тәхзибул кәмәл 35\164




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

32

Әйелдің  сөз  саптауынан  «сіз  қаласаңыз  болды, 



қалғанын  реттестіреміз»  деген  ой  байқалғандай. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алды-

мен бойдақтың кім екенін сұрады. 

–  Жақсы  көретін  досыңыз  Әбу  Бәкірдің  қызы 

айша.

айшаны  Жәбірейілдің  көрсеткені  есте.  Бірақ 



нәби алланың бір сыр ретінде өзіне білдірген аянын 

ешкімге  айтпады.  Екінші  баламаны  да  білу  үшін 

хазірет Хауләден сұрады: 

–  ал, жесір кім?

–  мұсылман әйел сәудә бинт Зәма.

шынында,  айтқаны  рас,  хазірет  айша  алланың 

елшісін ең жақсы көретін шынайы жолдас, адалдықтың 

жаршысы болған хазірет Әбу Бәкірдің қызы еді. ал, 

хазірет  сәуда  болса  меккенің  ең  ауыр  күндерінде 

иман келтіріп, дін еркіндігі үшін Хабашстанға һижрет 

жасаған  әйел.  Бірақ,  өкініштісі  сол,  күйеуі  сәкран 

ибн амр сол жерде көз жұмып, қайғы жұтқан хазірет 

сәудә қайтадан меккеге қайтуға мәжбүр болған. 

Екеуі де Хадиша анамыздың орнын жоқтатпайтын 

жақсы  балама  болатын,  олардың  ойын  білу  үшін 

пайғамбарымыз хазірет Хауләға қарап:

–  Ендеше, екеуімен де сөйлесіп көр, – деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет