Хазірет айша


Әбу Бәкір және Мутғим ибн адий



Pdf көрінісі
бет13/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Әбу Бәкір және Мутғим ибн адий

Әбу  Бәкір  қызы  айша  туралы  ойларын  нақты 

сұрап,  соңғы  шешімді  білу  үшін  мутғим  ибн 

адийдың үйіне келді. Бірнеше жыл бұрын сөйлескен 

мәселелерін  қайта  қозғап,  қызы  айшаның  ұлдары 

Жүбәйрмен  некелесуі  туралы  не  ойлайтындарын 

сұрады. 

соңғы уақыттағы діни жағдайларға байланысты 

көзқарасы өзгерген қарт мутғим нақты бір нәрсе ай-

тудан тартынғандай кейіп танытты. алайда, хазірет 

Әбу Бәкір соңғы жауапты алмай кері қайтатын ниеті 

жоқ екенін білдіріп, тағы бір рет сұрады.




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

38

мәселенің маңызды екенін байқаған мутғим ибн 



адий әйеліне қарап:

–  Әбу Бәкірдің қызын аламыз ба, не дейсің? – деп 

соңғы сөзді соның айтқанын қалады. Бұл бәлкім өзі 

«жоқ»  дей  алмаған  соң  әйеліне  айтқызғысы  келгені 

шығар. 

Үйде айтқаны екі етілмейтін және баласын қатты 

жақсы көретін мутғим ибн адийдің әйелі де мәселені 

түсінді. Жаңа келген дін жайында көріп-естігендерін 

ұнатпағанын білдіріп хазірет Әбу Бәкірге жақындады 

да, бір қолымен баласын нұсқап: 

–  Қызыңды әперсек, күйеубалаңды да өз сеніміңе 

тартарсың! – деді.

Осы сөзден барлығы түсінікті болды. Хазірет Әбу 

Бәкірдің  естігісі  келгені  де  осы  еді.  Ибн  адийдың 

бұл  шешіміне  мұңаймақ  түгілі  қуанды.  алланың 

елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақындығын 

енді туыстыққа ұластыру үшін енді ешқандай кедергі 

қалмағанына  анық  көз  жеткізді.  Бір  жағы  келісімді 

өзі  бұзбаған  болды.  арада  шешілмеген  мәселе 

қалмағанын  байқаған  ол  мутғимге  қарап,  оның  да 

пікірін алу үшін: 

–  ал өзің не дейсің? – деді.

Ол  әйелінің  сөзіне  ештеңе  алып  қоспайтынына 

ишаралап:

–  айтқанын өзің де естідің ғой, – деді

33

. Бұл Ибн 



адий отбасының соңғы сөзі болатын. 

мутғим ибн адийдың үйінен шыққан кезде хазірет 

Әбу  Бәкір  арқасынан  ауыр  жүк  түскендей  жеңілдеп 

қалды.  не  де  болса  берген  уәдесін  өзі  бұзбады. 

Бұл  кездесу  айша  анамыздың  атастыру  кезеңінің 

33

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\210 (25810); мүснәду айша 312; Ибн 



Кәсир, сира 2\142


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

39

тәмамдалуымен  бірге,  жарқын  бір  болашаққа  қарай 



жасалған қадамның бастамасын байқататын кездесу 

еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет