Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет18/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

47

қайда  екенін  сұрады.  Білмейтінін  айтқанда,  Әбу 



Жәһіл  аяғы  ауыр  Әсманың  жағынан  шапалақпен 

салып жіберді

41



Олар шынымен де білген жоқ. Үйден шығып кетті, 



бірақ қайда кеткені туралы жақ ашпады. Қыздарының 

өзі бір хабар білгісі келді. Бірақ хабар алу мүмкін бол-

мады.

Бірде Қағбаға жиналған көпшілік Әсманың наза-



рын аударды. Жақындап барып сөздеріне құлақ салса, 

бір кісі жол көрсетушісі бар екеудің ясриб жақты бетке 

алып суыт кеткенін айтты. Әсма анамыз естігендерін 

үйдегілерге жеткізді. Екеуінің мүшіріктердің қолынан 

аман-есен  сапарға  аттанып  кеткенін  аңғарып,  бәрі 

терең  тыныстап,  мүшріктердің  бар  айла-шарғысы 

мен қарсылығына қарамастан екеуін қорғаған аллаға 

шүкіршілік етті.



һижрет

арада  үш  ай  өтсе  де,  мәдинаға  кеткен  екеуден 

хабар  болмады.  Күткеннен  басқа  шара  жоқ.  Хабар 

күткендердің арасында пайғамбарымыздың қыздары 

да бар еді. Бұл күндер олар үшін жылға тең болды. 

Күндіз-түні сарғая хабар күтіп жүрді. 

ақыры  бір  күні  ағалары  абдуллаһтың  өздеріне 

қарай қуана адымдап келе жатқанын көріп, жақсы бір 

хабар бар-ау деп топшылады. Әкелері Әбу Бәкір хат 

жіберіп, отбасы мүшелерін де мәдинаға шақырыпты. 

Хатты Зәйд ибн Хариса мен Әбу рафи әкелген екен. 

41

  Қараңыз: Әбу нуайм, Хилиәтул әулия2\56; Ибн Һишам, сира 3\14.




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

48

Бұл  сапарда  қастарында  һижрет  жолының  жол 



көрсетушісі абдулла ибн Урайқит та бар еді. Баласы 

абдуллаһқа жазылған бұл хатта анасы Үммү румән, 

қос  қарлығашы  айша  мен  Әсманы  ертіп,  мәдинаға 

һижрет  жасау  туралы  жазылыпты.  Бұған  қоса,  аб-

дулла ибн Урайқиттің жетегінде хазірет абдуллаһқа 

жіберілген екі-үш түйе бар болып шықты. 

Әбу рафи мен Зәйд ибн Харисаның міндеттері де 

анықталды. алла елшісі ол екеуіне екі түйе мен бес 

жүз дирһам ақша ұстатып

42

, меккеде қалған қыздары 



Үммү  гүлсім  мен  фатима  (р.анһумә)

43

  және  сәуда 



анамыз  бен  Үммү  Әйманды  алып,  Әбу  Бәкір  отба-

сымен бірге мәдинаға әкелуді тапсырды. Кішкентай 

Усама да бұл сапарда анасы Үммү Әйманның қасында 

болады. 


Дайындық  жасалып,  меккеліктердің  көзіне 

түспейтін уақытта барлығы бірге жолға шықты. расу-

лалладан бір елі ажырамау үшін мәдинаға қарай жол 

тартып бара жатты. Қиындықтардың барлығын артқа 

тастап, еркіндікке қарай адымдай басқан ауыр сапар 

басталып та кетті.

Жол  түрлі-түрлі  тосын  сыйларға  толы  еді.  мек-

кеден  енді  шығып,  минаға  келгенде  Талха  ибн 

Убайдуллаһқа  кезікті.  Һижрет  жасауға  шыққан  беті 

42

  сол күні пайғамбарымыздың Әбу Бәкірден бес жүз дирһам қарыз 



алғаны айтылады. Қадид деген жерге барғанда хазірет Зәйд осы 

ақшаға үш түйе сатып алады. сапарға осы түйелермен шығады. 

Қараңыз: Әбу нуайм, Хилиятул әулия 9\227; Зәһәби, сияр 2\152. 

43

  Бұл кездерде руқая анамыз хазірет Османның, ал Зейнеп анамыз 



Әбул астың әйелі болатын. Жіберген хатында расулалла Зейнептің 

де келгенін қалапты. алайда күйеуі Әбул ас бұған рұқсат бермей, 

Зейнеп анамыз сол күні бауырларымен бірге хижрет жасай алмады.



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

49

екен.  алғашқы  күндері  алла  елшісінің  қасынан 



табылған  сенімді  адаммен  кездесуге  бәрі  қатты 

қуанды. сөйтіп, барлығы бірге мәдинаға қарай жол 

тартты. 

Бір  кезде  айша  анамыз  мінген  түйе  құтырып, 

керуеннің  қатарынан  бөліне  қашты.  анасы  Үммү 

румән  бұған  алаңдап,  қорқып  кетті.  мүминдердің 

анасы әрі алла елшісінің болашақ жары айша (р.анһа) 

асыл  аманат  болатын.  сондықтан  ешқандай  залал 

тигізбей, иесіне тапсыру керек еді. Қатты алаңдап:

–  Қызым бірдеңеге ұшырап қалмасын, – деп да-

уыстады.  Дауысынан  қызына  деген  сүйіспеншілігі 

мен аналық мейірімін байқау қиын емес еді

44

. алайда 



аласұрған түйе ешкімге жеткізбей шауып бара жатты. 

артынан  қуалағанменен  жеткізбесі  анық  еді.  Үммү 

румән  қызы  көштен  алыстап  бара  жатқан  сайын 

жарұшыра дауыстап: 

–  Бұйданы жерге таста! – деді. 

Жерге түскен бұйда бір нәрсеге ілініп қалса, түйе 

алысқа кете алмас деп ойлады.

айтқандай,  жерге  тасталған  бұйда  жолда 

бір  бұтаға  оралып  қалды  да,  түйе  алысқа  ұзамай 

тоқтады


45

абыржып азан-қазан болған көштегілер құтырған 



түйені тізгіндеп, керуенге қайта қосып, сапарды қайта 

жалғастырды. 

44

  Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\5, 6 (6716); Ибн сағд, Табақат 2\63; 



Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\183 (296); Хәйсәми, мәжмәуз 

зәуәид 9\366; Зәһәби, сияр 2\152; Ибн абдулбарр, Истиғаб 4\1936.

45

  Қараңыз:  Табарани,  әл-мұжамул  кәбир  23\183  (296);  Хәйсәми, 



мәжмауз-зәуәид 9\366; Тахмаз, әс-сәйидәту айша 27




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет