Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет19/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

50

Бұл  сапар  аяғы  ауыр  Әсма  анамызға  ауыр  тиді. 



Кубаға келген кезде тіпті жүруге әл-дәрмені қалмады. 

Толғақ  қысқан  Әсманың  жағдайын  байқаған 

көштегілер  мәдинаға  аз  қалса  да  тоқтауға  мәжбүр 

болды. сөйтіп, осы сапар үстінде дүниеге абдуллаһ 

деген  ұл  келді.  Дүние  есігін  жаңа  ашқан  хазірет 

абдуллаһ һижрет жолаушыларынан бұрын мәдинаға 

жеткізіліп,  бәрінен  бұрын  алла  елшісінің  алдына 

әкелінді. Бұл нәресте хазірет мұхаммед (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  пен  Әбу  Бәкір  жанұясының 

мәдинаға жеткенін білдіретін хабар еді. 

Жүзі 

жадырап, 



қолына 

баланы 


алған 

пайғамбарымыз  нәрестенің  атын  абдуллаһ  деп 

қойды.  сосын  бір  құрма  алдырып,  шайнады  да, 

баланың  таңдайына  дәм  татқызды  (тахниқ).  айша 

анамыздың жиені хазірет абдуллаһтың алғаш татқан 

дәмі пайғамбарымыздың мүбәрак сілекейі араласқан 

құрманың  осы  суы  болды.  Осыдан  кейін  кішкентай 

абдуллаһқа жақсылық тілеп, дұға етті

46

. Бұл сәби аты 



әйгілі сахаба абдулла ибн Зүбәйр болатын.

Оба

Бұл мүбәрак көш үш айлық сағынышын арқалап, 

алып-ұшып мәдинаға да жетті. Бұл кезде алла елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  мешіт  құрылысымен 

айналысып жатты. 

меккедегі  қиындықтар  артта  қалып,  қыспақтан 

құтылған мұхажирлердің қуанышын төтеннен келген 

46

  Қараңыз: Бұхари, мәнақибул ансар 45 (3909, 3910); мүслим, Әдәб 



25-26 (2146); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\54, 206


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

51

ауру  сап  тыйғандай  болды.  мәдина  қаласының 



ауасына  үйренбеген  мұхажирлер  белгісіз  ауруға 

шалдыға бастады. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) де ауруға 

шалдықты.  ыстығы  көтеріліп,  еш  нәрсеге  зауқы 

соқпады. Өзіне көмек қолын созатын әлдекімді күтіп 

жатқандай  еді.  Оба  мұхажирлерді  баудай  түсіріп 

жатты. Тіпті, сахабалардың кейбірі намазды отырып 

оқуға мәжбүр болды. мекке мүшріктерінің әр түрлі 

қысымына  қарамай  тік  тұрып  намаз  оқыған  намаз-

дарын  енді  отырып  оқығанын  көрген  расулалла  са-

хабаларына  қарап,  сонда  да  түрегеп  тұрып  оқудың 

артықшылығын білдірді: 

–  мынаны  жақсы  біліңдер,  намазын  отырып 

оқыған  адамға  түрегеп  оқыған  сауаптың  жартысы 

ғана  беріледі

47

.  Бұны  естігенде,  сахабалар  намазды 



барынша түрегеп оқуға күш салды. 

Бір  күні  айша  анамыз  жарынан  рұқсат  сұрап, 

төсекте науқас тартып жатқан әкесінің қасына келді. 

мәдина  обасының  құрығына  іліккен  амир  ибн  фу-

хайра мен Біләл Хабаши да сол жерде екен. меккеде 

көрмегені  жоқ  екеуін  исламды  қабылдағаннан  кейін 

әкесі хазірет Әбу Бәкір (р.а.) мүшрік қожайындарынан 

сатып алып, азат еткені бар. 

Әлі  хижаб  жайлы  аят  түспегендіктен,  жанын-

да  екі  ер  кісінің  болғанына  қарамастан  айша  (р.а.) 

әкесіне  еркін  келіп-кететін.  Әуелі  әкесінің  қасына 

барды. Бірақ түрін көрген кезде шошып кетті. Төсекте 

адам емес тірі әруақ жатқандай. ыстығы көтеріліп, есі 

47

  Қараңыз: Тирмизи, салат 247; Ибн мажә, салат 141; ахмад ибн 



Ханбал, мүснәд , 2\192, 203, 214; Ибн Кәсир, әл-Бидая 3\224


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

52

кіресілі-шығасылы  болып  жатқан  әкесіне  жақындап 



келіп: 

–  Әкешім, қатты қиналып жатырсыз-ау, – деді.

Әкесі бірнеше ай бойы көрмеген қызына байып-

пен көз тастап:

–  Балапаным, өлім адамға тым жақын, – деді.

мұны  естіген  айша  анамыздың  көңіл-күйі 

алай-дүлей  боп  кетті.  Иә,  расында  да,  өлім  баршаға 

соншалықты жақын, бірақ Әбу Бәкірге ауру келгенмен 

жүрегі  дүрсілдеп,  тіршілік  белгісі  байқатып  жатты. 

Әрбір сәтте айналасына ғибрат беріп жүруді ұстаным 

еткен хазірет Әбу Бәкір айша анамызға осылай деу 

арқылы  баршаға  сабақ  бергісі  келген  болар.  айша 

анамыз амир ибн фуһайраға қарап: 

–  Әкем  не  айтқанын  білмей  жатыр  ғой  деймін, 

–  деп,  жақын  келіп  оның  да  қалын  сұрады.  Хазірет 

амирдың да есі кіресілі-шығасылы екен. Әр нәрсені 

айтып  сандырақтап,  біресе  бау-бақшалар  туралы 

айтса, енді бірде меккені көре алмай кеткенім бе деп 

айша анамызды одан бетер толқытты. «Бұл кісі де не 

айтып, не қойғанын білмеуде» деп ойлады. 

Әкесінен де, оның қасынан бір елі қалмайтын жан 

досы  амир  ибн  фуһайрадан  да  жауап  ала  алмаған 

айша  анамыз  қандай  да  бір  жауап  естіп  қалармын 

деген үмітпен хазірет Біләлға көз салды. алайда, оның 

жағдайы екеуінен де ауыр еді. ауру жерге алып ұрған 

ол басын әрең дегенде қозғалтып, әлдене деуге әрекет 

жасап жатты. мұқият құлақ салған анамыз оның: 

–  шіркін-ай, хош иісті шөптерінің иісін жұтып, 

меккенің  даласында  бір  түнеп  шықсам,  арман  бар 

ма?!  Тым  құрыса,  бір  күн  мәжанна  суынан  қанып 

ішер шақ туар ма?! шіркін, шама мен Тафил таулары-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет