Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет20/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

53

на қарап, өзегімді өртеген отты сағынышымды баса 



алар ма екем?! – деп сөйлеп жатқанын естіді.

Біләлдің ауруына туған жерге деген сағыныштың 

дерті де қосылған екен.

Үшеуінің  де  ауруы  ортақ,  қайғысы  бір.  мекке 

табиғатын,  ол  жердің  ауасы  мен  бұлақ  суларын, 

өсімдіктерінің  бұрқыраған  иісі  мен  беттен  сипай 

соққан  самалын  аңсап  жатқан  еді  асыл  жандар. 

Олардың  бұл  жағдайына  куә  болған  айша  анамыз 

бұлардың отауынан мұңайып шықты. Көргендерінің 

барлығы көңілін әлем-тапырық етті. Болған жағдайды 

пайғамбарымызға  барып  айтты.  Өйткені,  қандай  да 

бір  мәселе  туындаса,  ол  кісінің  шешім  табатынына 

сенетін. Келе сала:

–  Бәрі  дәл  бір  естен  айрылған  адамдай  не 

айтқанын  өздері  де  білмейді,  –  деп  көзіне  келген 

жасын  ірікті.  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәлләм)  да  қатты  қобалжыды,  тіпті  екі  қасының 

арасындағы  тамыры  білеуленіп  кетті.  Біреуге  қатты 

ашуланған  кезде  ғана  байқалатын  көрініс  еді  бұл. 

Кенет қолын көкке жайып:

–  алла  тағалам!  Утба  ибн  рабияны,  шәйба  ибн 

рабияны және Үмай ибн Халафты бір өзіңе тапсыр-

дым.  Олар  бізді  қалай  өз  жерімізден  қуып,  осы  оба 

ауруы қаптаған жерге келуімізге мәжбүрлесе, сен де 

бәрінің жазасын бер! – деп назаланды. сосын: 

–  раббым!  Тым  болмаса  біздерге  меккені 

сүйдіргеніңдей одан да артық етіп мәдинаны сүйдір! 

Бұл жерді ауру-сырқаудан ада қылып, береке кіргіз! 

мына аурудың бетін Жухфаға қарай бұр!

48

 – деді.



48

  Бұхари, фадаилул мәдина11, фадаилус сахаба 75, марда 8; мүслим, 

Хаж 480; муатта, Жамиғ 4



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

54

алланың  ең  сүйікті  құлы  қандай  да  бір  нәрсе 



тілегенде алла тағала оның бұл тілегін қабыл етпей 

қоя ма? сол түні алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм) бір түс көрді. шашы жалбыраған өңі қара бір 

әйел  мәдинадан  шығып,  Жухфаға  қарай  кетіп  бара 

жатты. Бұл түстен мәдинада пайда болған аурудың 

бұдан  кейін  Жухфаға  қарай  кететінін  аңғаруға  бо-

латын  еді.  сол  күннен  бастап  мұһажирлар  аурудан 

айығы  бастады.  Енді  мәдина  қаласы  ансарлар  мен 

мұһажирлар  үшін  өркениеттің  бесігіне  айналды. 

Дұғаның  берекесімен  мәдина  мекені  өзінің  жаңа 

тұрғындарының шынайы отанына айналды

49



Үйлену

Басқа  да  отбасы  мүшелерімен  бірге  мәдинаға 

көшкен айша анамыз әкесінің үйіне орналасты. Бұл 

үй Бәни Харис ибн Хазраж аймағында

50

. Бұл кездерде 



алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Халид 

ибн  Зәйд  Әбу  Әюуб  әл-Әнсаридың  үйінде  қонақ 

болып тұрып жатты. 

Бұл  кезде  онсыз  да  жүдеу  тартып  жүрген  айша 

(р.а.) ұзақ жол мен мәдинаның ауа-райы жақпай төсек 

тартып  жатып  қалды.  Күн  өткен  сайын  арықтап, 

шаштары да селдір тартып түсе бастады. анасы Үммү 

румән қызының тезірек сауығып кетуі үшін қолынан 

49

  Қараңыз: Бұхари, фадаилул мәдина 11; фадаилус сахаба 75, мар-



да 8, 22; мүслим, Хаж 480; муатта, Жамиғ 4; ахмад ибн Ханбал, 

мүснәд 6\221

50

  Бұхари, фадаилус сахаба 73 (3681); Әбу Дәуіт Әдәб 63 (4937); ах-



мад ибн Ханбал, мүснәд 6\210; Дарими, сүнән 2\212 (2261).


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

55

келгеннің  бәрін  жасады.  Бұл  кездерде  жағдайы 



жақсарып,  орнынан  тұруға  әл-қуат  жинаған  әкесі 

хазірет  Әбу  Бәкір  көз  алдында  ауру  меңдеп  солып 

бара жатқан қызы үшін шипа тілейтін. 

арада  шамамен  бір  айдай  уақыт  өткеннен  кейін 

айша анамыз да тәуір бола бастады. Тіпті анасының 

күштеп тамақ жегізумен біраз салмақ та қосты

51



Бұл  кезде  Пайғамбар  мешітінің  құрылысы 



да  аяқталып,  мәдинада  мешітті  негізге  ала  жаңа 

мәдениет  қалыптаса  бастады.  меккеде  Құранның 

дауысын аңсағандар мәдина көгінде жаңғырған бес 

уақыт  шақырылған  азанның  даусымен  рухани  қуат 

алып, қасиетті Құран кәрімді түсініп, соның аясында 

әрекет жасауға бар күшін салды. 

Осы арада алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)  Жәбірейіл  періште  келіп,  айша  анамызды 

меңзеп: 

–  айшаны жаныңа ал, өйткені ол сенің адамың, – 

деген хабар әкелді.

Көп өтпей хазірет Әбу Бәкір де келіп:

–  Уа,  расулалла!  Жарыңмен  бір  шатыр  астын-

да  тұруыңа  не  кедергі?  –  деп,  енді  жалғыз  өмір 

сүрудің ешқандай себебі қалмағанын меңзеді. сонда 

пайғамбарымыз: 

–  садәқ,  –  деп  жауап  береді.  «садәқ»  деген 

сол  кездегі  халықтың  түсінігі  бойынша  келінге 

көрсетілетін  материалдық  жағдайды  білдіретін.  са-

хабалар бұдан әйелге лайықты жағдай жасамай тұрып 

үйленуге болмайтынын түсінді. сол кезге дейін тап-

51

  Қараңыз: Бұхари, фадаилус сахаба73 (3681); Ибн мажә, никах 13 



(1876); Әбу Дәуіт, Әдәб 63.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет