Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет17/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

45

досының келу себебін білмей, таңдана қарады. сонда 



адамзаттың ардақтысы:

–  меккеден  шығып,  һижрет  жасауға  маған  да 

рұқсат берілді, – деді. Бұл хазірет Әбу Бәкірдің көптен 

бері  күтіп,  бірақ  уақытын  шамалай  алмай  жүрген 

нәрсесі  еді.  меккенің  ауыр  күндері  артта  қалып, 

Пайғамбарымыздың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

сенімді  бір  жерге  көшетінін  естіген  сәтте  толқып 

кетті. Бірақ, бұл сапарда өзін алла елшісі (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  серік  ете  ме,  жоқ  па  біле  алмай 

алаңдады.  Толқығанын  жасыра  алмай  қобалжыған 

дауыспен:

мен сенімен біргемін бе? – дегенде, 

–  Иә,  екеуміз  бірге  көшеміз,  –  деген  қуанышты 

хабарды естіді. 

Қуанғаннан  көзінен  жас  сорғалап,  іштейгі 

толқынысын көз жасымен шығарғандай болды. Төбесі 

көкке жеткендей, айрықша сезімді бастан кешті. 

Әкесінің  бұл  қуанғаны  екеуін  мұқият  бақылап 

тұрған  айша  анамыздың  назарынан  тыс  қалмады. 

Әкесіне  қарағанда,  оның  қуаныштан  көзіне  жас 

алғанын көрді

39

.



Ендігі  жағдай  күрт  өзгерді.  алланың  елшісі  де 

һижрет жасауға дайындалды. Осы сәттен бастап Әбу 

Бәкірдің жанұясында һижреттен басқа ештеңе айтыл-

майтын болды. айша анамыз әпкесі Әсма

40

 мен анасы 



Үммү румәнмен бірге жол дайындығына кірісіп кетті. 

Хазірет Әсма мен одан он жас кіші сіңлісі хазірет 

айша анамыз қасиетті көшке ең алғаш куә болған екі 

39

  Табари, Тарих 1\569; Ибн Һишам, сира 3\11



40

  Ол кезде жиырма жеті жастағы хазірет Әсма Зүбәйр ибн аууаммен 

некеде болатын. Тіпті, һижрет кезінде абдуллаһ ибн Зүбәйрге алты 

айлық жүкті еді. 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

46

кісі еді. Әкелері мен алла елшісінің жол дайындығына 



қатысты, жол бойында тоқтайтын жерлері, ол жерден 

өздерін әкететін жол көрсетушіні сайлау, үш күн бойы 

жасырынып, қолайлы сәтті күтетін сәуірдегі орында-

рынан осы уақыт ішінде кімдердің келіп, қандай тап-

сырма атқаратыны туралы мәселелерді жоспарлады. 

ал  мына  жақта  үш-төрт  сахабаның  мәдинаға 

һижрет  еткенін  естіген  меккеліктер  де  торуылдап, 

олардың  жолға  шығуына  кедергі  болды.  Біреуінің 

малын  тартып  алса,  біреуінің  отбасын  ыдыратып, 

біреуін  жолдан  кері  қайтарды,  бірақ  қанша  зорлық-

зомбылық  жасаса  да  ешкімді  алған  бетінен  қайтара 

алмады. 


ақырында,  Дарун-нәдуа  деген  жиында  соңғы 

шешім  қабылдап,  мұхаммәдул-  әминді  өлтірмекке 

ұйғарды.

сол күні мекке қаласы һижреттің екі жолаушы-

сымен қоштасуға дайындалып жатты. Кететін уақыт 

таяғанда  Әбу  Бәкірдің  жанұясы  қатты  қиналды.  ра-

сулалламен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айрылысу 

кімге  оңай?!  ал,  айша  анамыздың  қайғысы  тіптен 

ауыр еді.

сол күннен бастап оның құлағы сырттан келетін 

хабарға түрік жүрді. меккеліктердің айуандықтарына 

куә болған сайын үрейлері арта түсіп, ұшқан құстан 

да хабар күтетіндей дәрежеге жетті. Өйткені, дәл сол 

өлтіру жоспарын жасаған сәттерінде алла елшісінен 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  айрылып  қалғанын 

түсінген меккеліктер ашуға мініп, оларды өлідей не 

тірідей әкелген адамға жүз түйе сыйақы тағайындады. 

Әбу  Жәһіл  дереу  олардың  үйіне  барып,  әкелерінің 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет