Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет7/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

23

Осындай  қиын  күндері  көңілдерін  серпілткен 



оқиға алла елшісінің жиі-жиі үйлеріне келіп тұруы еді. 

алла елшісі үшін адалдықтың жаршысы Әбу Бәкірдің 

алатын  орны  ерекше  болатын.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жан  жолдасына  жиі 

барып, қиындығын бөлісетін. Уайым басып, көңілін 

мұң торлаған сәттерінде келіп демейтін. 

Өмірін  меккеліктердің  иман  келтіруіне  арнаған 

алланың  елшісіне  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

олар  оң  қабақ  танытпады.  Әсіресе,  уахи  келген 

алғашқы  жылдардан  кейін  зор  қысым  жасалып, 

ерікті  түрде  сенімде  таңдау  жасауға  жол  бермеді. 

меккеде  мұсылмандар  қатарына  қосылғысы  кел-

гендерге  қарсы  қаталдық  барған  сайын  арта  түсті. 

Басты қауіп, араларынан исламды қабылдағандардың 

қайтып  қатарға  оралмауы  еді.  сондықтан  да,  осын-

дай қысым жасамасақ, мұсылмандар жақ молая түседі 

деп  болжады.  Әсіресе,  Хабашстан  һижреті  оларды 

қатты  толқытты.  Ислам  дінінің  меккенің  сыртына 

тарайтынын ойлап, бір шара қолданбаса, жан-жақтан 

қыспаққа  ұшыраймыз  деп  алаңдады.  Хабашстанға 

жіберген  елшілері  түк  бітірмей  бос  қайтқан  кезде 

тіптен сарсаңға салынды. Барлық шараларға жүгініп 

көргеніменен ешқандай жақсы нәтижеге қол жеткізе 

алмаған  соң,  енді  олар  мұсылмандарды  өлтіруге 

шешім  қабылдады.  Барлығын  меккенің  сырты-

на  сүргінге  айдап,  қатынас  жолдарын  жауып,  иман 

келтіргендерді  шөлде  өлтірмек  болды.  сауда  жасау-

ларына тыйым салып, туыспен араластырмай таста-

(25667); Ибн Хиббан, сахих 14\177 (6277); Ибн Һишам, сира 2\218



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

24

ды. Бейкүнә сәбилер мен жазықсыз жандардың фаран 



тауларын  жаңғыртып  шырылдаған  жалынышты 

үндеріне құлақ та аспады. 

Үш  жылға  созылған  осы  сүргін  өмірді  бастан 

өткергендердің  бірі  айша  анамыз  болатын.  Тіске 

басар ештеңе жоқ, паналайтын көлеңкенің өзін зорға 

табатын олар күн сайын түрлі аурудың меңдеп бара 

жатқанын байқады. алайда, барынша шыдамдылық 

танытып,  әрбір  қараңғылықтың  артынан  келетін 

жарықтан  үміт  үзбеді.  сонша  қиыншылықтан  көз 

ашпаса  да,  алланың  өздеріне  берген  сабырына 

сүйенді. алла тағала да олардың әрқайсысына ерекше 

бір төзімділік күшін берді. 

сол  күндері  әкесі  хазірет  Әбу  Бәкірдің  жасаған 

әрекеттері  ерлікке  пара-пар  саналды.  Табылған 

тамақты  өзі  жемей  басқаға  жегізіп,  өз  қиындығын 

елемей, өзгелердің дертіне дауа болуға күш салды. 

Осындай ауыр күндерді өткеріп жатқан уақытта 

Әбу  Тәліптің  артынан  хазірет  Хадиша  да  қайтыс 

болды.  Пайғамбарымызға  отбасында  енді  сүйеніш 

қалмағандай.  Хадиша  анамыз  қолындағы  барын 

алланың  елшісіне  тапсырып,  бақиға  аттанды.  Бұл 

оқиға  осыншама  қиындықтарды  көріп  отырған 

пайғамбарымызға  жығылған  үстіне  жұдырықтай 

ауыр  соққы  болды.  Бұған  меккелік  мүшіріктер 

қуанды.  Енді  мұсылмандарға  қысымды  арттыра 

түсуге бекінді. 

Бұл  күндер  шын  көңілмен  қолдау  көрсетіп, 

қысылтаяң  шақтарда  демейтін  досты  қажет  ететін 

күндер  болатын.  Әрине,  бұл  күндері  хазірет  Әбу 

Бәкір (р.а.) алла елшісіне бұрынғыдан да жақындап, 




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

25

қайғысын бөліспек ниетімен қасынан бір елі ажыра-



майтын. 

негізінде,  осы  бір  қиыншылыққа  толы  күндер 

иман жолына өзін арнаған әрбір мүминге таныс еді. 

Өйткені, өздерінің барын да, жанын да жолына құрбан 

ететін алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

енді қыздарымен бірге жалғыз қалған еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет